Page 193 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
193
Бұл арада, алайда, кәдуілгі "проблемаларды бытыстыру" құбылысы орын алып отыр,
өйткені әрқашан зерттеудің қажетті көмекші құралы болып келген және бола беретін
"мемлекеттің араласуынан бостан", "моральдық баға беруден" бостан таза
"индивидуалистік" теорияны радикал фритредерлер "жаратылыстық" шындықтың, яғни
адами парықсыздықтан бүлінбеген нақты болмыс, сол арқылы, "тиістілік" секілді де,
басқаша айтқанда, эмпириялық зерттеу үшін пайдалы мінсіз тип ретінде емес,
құндылықтар өрісіндегі маңызды мұрат ретінде тәпсірлей бастады. Ал экономикалық
және саяси-әлеуметтік өзгерістердің салдарынан мемлекетті бағалауда құндылықтар
өрісінде жылжу орын алғанда, ол өз кезегінде, болмыс саласына да таралды да, таза
экономикалық теорияны мұраттың бейнесі (оның бұдан дәметуінің керегі де жоқ еді),
нақты болмысты зерттеудің әдістемелік жолы ретінде де серпіп тастады. Барынша әрқилы
түрдегі "философиялық" пиғылдар ұтымды прагматиканың орнын алуға шақырылды, ал
"психологиялық" нақты нәрсе мен этикалық маңызды нәрсені теңестіру құндылық өрісі
мен эмпириялық зерттеу арасын толық ажырату мүмкін болмай шығуына апарып
соқтырды. Осынау ғылыми бағыт жақтастарының тарих, әлеуметтану, әлеуметтік-саяси
салалардағы аса көрнекті жетістіктері жаппай мойындалды; алайда, қалыс бақылаушы
үшін проблемаларды аталып кеткен бытыстырудың салдары ретінде жалпы теориялық
және қатаң ғылыми экономикалық зерттеудің толық, ондаған жылдар бойы созылып келе
жатқан құлдырауы соншалық айдан анық. Таза теорияның қарсыластары пайдаланатын
негізгі тезистердің бірі - таза теорияның ұтымды конструкциялары нақты болмыс
жайында ешнәрсе айтпайтын тек фикциялардан басқа ештеңе де емес дегенге саяды.
Дұрыс түсінген жағдайда, бұл шынында да сондай; өйткені теориялық конструкциялар тек
танымға жәрдемдеседі, тіпті де нақты болмыс танымын бермейді, олар өзге, олардың
теориялық алғышарттарында жоқ жағдайлар мен сарындық қатарлардың ықпалының
салдарынан өздері тек өте сирек кезігетін жағдайларда конструкцияланған процеске
жақындайды. Алайда, жоғарыда айтылғаннан көрініп тұрғанындай, соңғысы таза
теорияның маңызы мен оның қажеттілігін еш кемітпейді. Таза теорияның
қарсыластарының екінші тезисі баға беруден бостан экономикалық саясаттың ғылым
ретінде болуы жалпы мүмкін емес дегенге саяды. Аталмыш тезис, сөз жоқ толығымен
қате, ол-ол ма, керісі дұрыс: тек "баға беруден бостан болу" ғана (біз мұны жоғарыда
көрсеткен мағынасында) саясатты таза ғылыми, әсіресе әлеуметтік және экономикалық
саясатты әрбір зерттеудің алғышарты болып табылады (экономикалық саясатта). X
мақсатқа жетудің бірден-бір сенімді құралы у, ал b1, b2, b3 жағдайларында бірден-бір
немесе ең тиімді құралдар у1, у2, у3 болып табылады деген типтегі қағиданы
конструкциялау сөз жоқ мүмкін, ғылыми жағынан пайдалы да қажетті екендігін қайталап
жатудың қажеті бола қоймас. Тек мынаны ескерте кету керек: көзделетін мақсатты
абсолютті бір мәнді белгілеу қаншалықты мүмкін екендігінде. Егер бұл істелсе, онда
барлығы каузалдық қағидаларды жай ғана инверсиялауға, яғни таза "техникалық"
мәселеге саяды. Нақ сондықтан көрсетілген жағдайларда осындай техникалық
телеологиялық қағидаларды қарапайым каузалды қатарлар ретінде, яғни у-тен немесе у1,
у2, у3-тен b1, b2, b3 жағдайларында әрдайым х нәтиже шығады деп тәпсірлеудің әбестігі
жоқ. Бұл дәл соның өзі, ал "рецепттерді" "практик-саясаткердің" өзі-ақ оп-оңай шығарып
алады. Алайда, ғылым ретінде экономика, өзінің алдына мінсіз типтік конструкция
жасаумен және экономикада осы арада келтірілген жекелеген себептік байланыстарды
анықтаумен (егер жеткілікті дәрежеде бір мәнді болса, демек, нәтижені себеппен
тоғыстыру, құралды мақсатқа тоғыстыру жеткілікті қатаң жүргізілсе, онда әңгіме тек
солар жайында ғой) қатар бірқатар басқа мәселелерді де қояды. Экономикалық ғылым
олардың үстіне әлеуметтік құбылыстардың бүкіл жиынтығын, сондай-ақ экономикалық
себептерден туындайтындығы тұрғысынан, яғни, экономиканың тарих пен қоғамға
ықпалы тұрғысынан зерттеуі қажет. Екінші жағынан, оның мақсаты экономикалық
процестер мен шаруашылық пошымдарының әлеуметтік құбылыстардың әрқилы турлері