Page 192 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
192
болар еді. Мұндай ұтымды "дұрыс" утопияның конструкциясы логикалық жағынан -
"мінсіз типтен" көптеген ықтимал құрылымдардың тек біреуі ғана (басқа термин
болмағандықтан, мен осындай ұғымдық құрылымға "мінсіз типтегі" деген атау беріп
отырмын). Жоғарыда айтып кеткеніміздей, сипаты жалған қорытындылар немесе белгілі
бір типтік, мақсатқа сәйкес келмейтін дұрыс конструкциядан пайдалырақ болуы мүмкін
жағдайды елестетуге болады ғой; ол-ол ма, ең жақсы нәтижелерге ең логикалық
ұтымдылық көмегімен емес, оқшаулайтын абстракция негізінде алынатын бір мәнділік
арқылы қол жеткізетін тұтас бір құлық салалары ("иррационалдық" өрістері) бар. Іс
жүзінде, рас, зерттеуші көбіне нормативті "дұрыс" құрастырылған "мінсіз типтерді"
пайдаланады. Алайда бүл орайда логикалық көзқарас тұрғысынан "мінсіз типтердің"
нормативті "дұрыстығы" ең елеулі нәрсе еместігін ұмытпау маңызды. Зерттеуші белгілі
бір дәуір адамдарының өзіндік ерекше кәміл сенімін сипаттай отырып, оның өзіне
этикалық нормативті және осы мағынада объективті "дұрыс" болып көрінетін кәміл
сенімдер типін де, оның көзқарасы тұрғысынан этикалық жарамсыз типті де
конструкциялай, содан кейін зерттеліп отырған адамдардың құлқын өз конструкциясымен
салыстыра алады; ақыр соңында, ол жеке өзі үшін жарамды да жарамсыз да болып
көрінбейтін кәміл сенім типін де конструкциялай алады. Демек, норматив тұрғысынан
"дұрыс" нәрсе аталмыш мақсат үшін монопологияға ие бола алмайды. Ұтымдылықпен
жасалған мінсіз типтің мазмұны қандай болса да - ол этикалық, догматикалық-құқықтық,
эстетикалық, діни норма немесе техникалық, экономикалық, саяси-құқықтық, мәдени-
саяси максима яки кез-келген түрдегі ең ұтымды пошымдағы "баға беру" болса да - мінсіз
тип конструкция эмпириялық зерттеу шеңберінде әрдайым бір ғана мақсатты көздейді:
Мүмкіндігінше бір мәнде пайдаланылатын ұғымдардың көмегімен оны суреттеп беру, оны
каузалдық тоғыстыру жолымен түсіну және түсіндіру үшін эмпириялық нақты болмыспен
"салыстыруға", олардың бір-бірінен несімен өзгешеленетінін көрсетуге, нақты болмыстың
мінсіз типтен ауытқу немесе салыстырмалы түрде жақындау дәрежесін белгілеуге кызмет
етеді. Мысалы, құқық тарихы секілді эмпириялық ғылым үшін догматтық ұғымдарды
ұтымды жасау ісі, ал ұғымды калькуляциялау туралы ілім кәсіпкерлік шаруашылықта
жекелеген өндірістік бірліктердің нақты қарекеттерін талдау үшін сондай қызметтерді
атқарады. Аталған догматтық пәннің екеуі де "кәсіпті білу" ретінде өзінің алдына сондай-
ақ маңызды нормативтік-практикалық мақсаттар қояды. Екі пән де өзінің осы аспектісінде
догматтық ғылымдар ретінде, осы жерде айтылып отырған мағынасындағы эмпириялық
пәндерден, айталық, математика, логика, нормативті этика, эстетика тәрізді пәндерден
соншалық алыс жатыр, догматтық ғылымдар эмпириялық ғылымдардан басқа
себептермен де өзгешеленеді, айтпақшы эмпириялық ғылымдар да бір-бірінен солай
өзгешеленеді.
Сондай-ақ, экономикалық теория логикалық жағынан, құқық догматикасынан мүлдем өзге
мағынадағы догматика болып табылатындығы айдан анық. Құқықтық догматика
ұғымдары құқықтың эмпириялық тарихы мен әлеуметтануына экономикалық теория
ұғымдарының экономикалық нақтылыққа қатыстылығынан мүлдем өзгеше қатысты
болады. Алайда догматтық құқықтық ұғымдардың құқық тарихы мен әлеуметтануы үшін
"мінсіз тип" қызметін атқара алатыны және атқаруы тиіс екендігі секілді, осыған ұқсас
ұғымдарды бүгіннің және өткеннің әлеуметтік нақты болмысын тануда осылай қолдану
таза экономикалық теорияның бірден-бір мағынасын құрайды. Бұл арада нақты өмірде қол
жеткізілуі неғайбыл, бірақ қайсыбір жақын түрінде ұшырасатын белгілі бір алғышарттар
жасалады, ал содан кейін: әлеуметтік қарекеттер, егер олар қатаң ұтымды болса, осындай
алғышарттар тұсында қалай жүргізілер еді деген сұрақ қойылады. Экономикалық теория
таза экономикалық мүдделерге сүйенеді және саяси өкімет немесе индивидтердің
экономикадан тыс өзге бағдарлары секілді факторлардың ықпалына жол бермейді.