Қазақстанның ашық кітапханасы
191
көрінетіндігін дәлелдейді ғой. Ал мұның өзі бізді нормативті дұрыс нәрсенің әлеуметтану
біліміндегі рөлі жайлы соңғы қорытындыға алып келеді.
Тіпті "қате" есептеуді немесе "бұрыс" логикалық қорытындыны "түсіну" үшін, олардың
ықпалы мен іс жүзіндегі салдарларын анықтау үшін олардың "дұрыс" есептелуін немесе
логикалық жағынан қайта парықталуын жүзеге асыру арқылы тексеру жүргізіп қана
қоймай (бүл өз-өзінен белгілі), "дұрыс" есептеу мен "дұрыс" логикалық ойлау жүйесі
құралдарымен тексеру жүргізетін зерттеуші өз көзқарасы бойынша нормативті "дұрыс"
деп санайтын нәрседен нақ зерттелетін есептеулер немесе логикалық пайым
құрылымдардың ауытқитын нүктесін де анықтауға тиіс. Және Виндельбанд өзінің
"Философия тарихына" кіріспесінде айтатындай (мұны "тұйықтар" күтіп тұрғанын
"ескертетін белгілер" деп бейнелеп атайды), тіпті тек педагогикалық практикада ғана емес,
бүл - тарихшы жұмысының жанама оң нәтижесі ғана. Әрі бұл объектісі қандай да бір
логикалық, математикалық немесе өзге де ғылыми білім құндылыққа жатқызу кезіндегі
таңдауды айқындайтын бірден-бір ықтимал негіз қызметін атқаратын әрбір тарих
проблематикасында "ақиқаттың" біз үшін маңызды құндылығы, демек сол бағыттағы
прогресс бола алатындығынан ғана емес. (Айтпақшы, тіпті бүл арада да "прогресс" осы
мағынасында да өте жиі, төте жолға соқпай, - экономикалық терминология бойынша -
"өндіріске пайдалы айналма жолмен" "адасу" мен әрқилы проблемалардың тоғысуы
арқылы жүре береді деген Виндельбандтың нұсқауын естен шығармау керек. Аталған
талаптың қажет екендігі мынада: объект ретінде зерттелетін рухани құрылымдар,
зерттеуші көзқарасы тұрғысынан "дұрыс" жолдан ауытқитын (немесе ол қаншалықты
ауытқитын шамада) аспектілер, оның пікірі бойынша көбіне-көп ең өзіндік ерекше
"сипаттағы", яғни, не құндылыққа тікелей шендестірілген, не басқа да құндылықта
шендестірілген құбылыстармен байланысты каузалдық мәнде маңызды аспектілерге
жатады. Бұл, әдетте, тарихи зерттеудің іргелі құндылығы белгілі бір ойлар ақиқатының
құндылығы, яғни, ең алдымен - қандай да бір "ғылымның" (мысалы, философия немесе
саяси экономия секілді теориялық ғылымның тарихында) неғұрлым көбірек дәрежеде
болса, соғұрлым жиірек болады. Алайда, оның тек осында болуы тіптен де міндетті емес;
мұндай, бері салғанда, соған жақын жағдай бейнелеу пәні қызметін өзінің ниеті жағынан
субъективті, жалпы ұтымды құлық атқаратын жердің бәрінде де жасалады, демек, "ойлау
жүйесінің" немесе "есептеудің" қателіктері құлықтың каузалдық компоненттерін құрай
алады. Осылай, мысалы, соғыс жүргізуді "түсіну" үшін тіпті егжей-тегжейлі немесе
бөлшек-бөлшегіне дейін болмай-ақ қойсын - екі жақта да шайқасуы мүмкін мінсіз
қолбасыны, жалпы жағдайда, тараптардың орналасуы, сондай-ақ оның бәрінен
in concerto
бір мәнді мақсатқа - дұшпанның әскери қуатын жойып жіберу мақсатына қол жеткізу
мүмкіндігі мүлдем айқын және де әлгілерді солай білуінің арқасында қателеспей,
логикалық жағынан "мүлтіксіз" қарекет жасайтын мінсіз қолбасыны елестетіп көру керек.
Өйткені, тек осы жағдайда ғана нақты қолбасыларда ондай білік те, пікірлердің ондай
қатесіздігі де болмағаны және олардың жалпы жай ғана ұтымды ойлау машинасы
болмағаны оқиғалар барысына қалай каузалды ықпал еткені бір мәнді анықтала алады.
Ұтымды конструкцияның маңызы бұл арада, демек, оның дұрыс каузалдык "тоғыстыру"
үшін құрал қызметін атқаратындығында. "Таза" экономикалық теория жасайтын қатаң да
қателіксіз ұтымды қарекеттердің утопиялық конструкцияларының мағынасы да дәл
осындай.
Эмпириялық процестерді тоғыстыру үшін бізге ұтымды конструкциялар қажет, олар
эмпириялық, техникалық немесе логикалық конструкциялар болса да мына сұраққа жауап
беруге тиіс: абсолютті ұтымды, эмпириялық және логикалық "дұрыстық" пен
"қайшылықсыздық" тұсында оқиғалардың сыртқы байланысын немесе ой жүйесінің
құрылымын (мысалы, философиялық жүйені) бейнелейтін іс жүзіндегі жағдай қандай