Page 190 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
190
оз кезегінде көбейту кестесін қолдануда сол шарттылықты сақтауға мәжбүр. Алайда дәл
сол секілді, егер адамдардың әлдене тобында нормативтік бағалау тұрғысынан "бұрыс"
деп танылатын есептеу әдістері "дұрыс" деп саналатын болса және оның міндетіне
олардың іс жүзіндегі, сол топтың көзқарасы тұрғысынан "дұрыс" қолданылуының
қайталанғыштық дәрежесіне статистикалық тұрғыдан кірсе, оның "бұрыс" есептеу
әдістерін қолдануына тура келер еді.
Осылайша, әлеуметтанушылық та, тарихи да эмпиристік қарастыру үшін біздің көбейту
кестеміз зерттеу объектісіне айналып, белгілі бір адамдар тобында практикалық құлықтың
тек шамаластық көбірек немесе азырақ дәрежедегі конвенционалды маңызды
максимасына айналады, және одан басқа түк те емес. Музыканың пифагорлық теориясын
түсіндірген кезде әрдайым "жалған" (біздің білім үшін) анықтамаған - 12 квинта жеті
октаваға тең деген анықтамаға сүйенуге тура келеді. Дәл сол сияқты, логика тарихында да
қарама-қайшы (біздің көзқарасымыз бойынша) логикалық құрылымдардың тарихи
берілгендігін қабылдау қажет...
Нормативті маңызды ақиқаттардың конвенционалдық маңызды пікірлерге барлық рухани
туындылар (логикалық және математикалық идеяларды қоса) оларды солардың
(нормативті) дұрыс мағынасы тұрғысынан емес, солардың эмпириялық болмысы
тұрғысынан қарайтын рефлексия объектісіне айналған сәтінен бастап бағынышты
болатын мұндай метаморфозасы мына бір фактыдан - логикалық және математикалық
ақиқаттардың сонымен бірге барлық эмпириялық ғылымдардың сөзсіз априори берілгені
болып табылатыны фактысынан мүлде тәуелсіз орын алады. Олардың логикалық
құрылымы, олар рухани байланыстарды эмпириялық зерттеуді жүзеге асыратын (біз
жоғарыда қозғай кеткен) функцияда күрделірек, бүл өз кезегінде бұл олардың зерттеу
объектісі ретіндегі жағдайы мен олардың
a priori
берілген шарттар ретіндегі жағдайын
мұқият ажыратып алуды керек етеді. Рухани және әлеуметтік байланыстарды зерттейтін
әрбір ғылым әрдайым адам құлқы жайындағы ғылым болып табылады (бұл ұғымға
сондай-ақ, кез-келген ойлау актысы мен кез-келген психикалық
habitus
жатады). Ғылым
бұл құлықты түсінуге" тырысады да, сол арқылы, оның процесін "түсіндіре отырып,
тәпсірлеуге" ұмтылады. Біз бұл арада "түсіну" деген күрделі ұғыммен айналыса алмаймыз.
Осыған байланысты бізді оның бір ғана өзіндік ерекше аспектісі - "ұтымды түсіндіру"
ғана қызықтырады. Ойшыл белгілі бір проблеманы, біз өзіміз нормативті "дұрыс" деп
санайтын тәсілмен "шешкенде", мысалы, әлдебір адам өзі ойластырған мақсатқа жету
үшін "дұрыс" (біздің көзқарасымыз бойынша) құралдарды қолдандым деп "дұрыс" санаса,
оларды біз, ешбір түсіндірмесіз-ақ, әрине, "түсінеміз". Сол актыларды біздің түсінуіміздің
соншалықты айқын болатынының себебі, әңгіме объективті "маңызды" нәрсені іске асыру
турасында. ('оған қарамастан, бүл жағдайда нормативті дұрыс нәрсе - логикалық аспектіде
ғылыми зерттеудің өзінің бесенеден белгілі шарт ретіндегі жалпы мәніндегі құрылымда
көрінеді екен деп ойлауға болмайды. Керісінше, оның "түсіну" құралы ретіндегі қызметі
міндет оларды түсіне отырып тануға саятын эмоциялық және аффектілік сипаттағы логика
жағынан иррационалды байланыстарға таза психологиялық "сезіне бойлау" кезінде жүзеге
асатын қызметтен ештеңесімен ерекшеленбейді. Бүл арада ұғына түсіндірудің құралы
нормативтік дұрыстық емес, қайта бір жағынан, зерттеуші мен педагогтың, басқаша емес,
дәп солай ойлауының конвенционалдық дағдысы болып табылады; екінші жағынан - ол
өзі дағдыланған ойлау жүйесінен қиыс, сондықтан оған норматив тұрғысынан "бұрыс"
көрінетін ойлау жүйесіне, қажет болған кезде "сезіне бойлай алу" қабілеті. "Бұрыс" ойлау
жүйесінің, "қателесудің" принципінде біздің түсінуімізге, "дұрыс" ойлау жүйесі секілді,
көнетін фактысының өзі, біз нормативті "дұрыс" деп қабылдайтын ойлау жүйесі бұл арада
сондай ойлау жүйесі ретінде емес, тек ең түсінікті конвенционалдық тип ретінде