Қазақстанның ашық кітапханасы
189
бағалауға болады, және тек сол жағдайда ғана мұндай баға шынымен бір мәнді. Барлық
басқа, яғни таза техникалық сипаты жоқ жағдайларда, баға бір мәнді болудан қалады;
онда оған таза экономикалық анықтамаға жол бермейтін басқа бағалар қосылып кетеді.
Алайда, таза экономикалық саладағы техникалық бағаның бір мәнділігін белгілеумен
түпкілікті "бағалаудың" бір мәнділігіне, әрине, әлі қол жете қоймайды. Керісінше, осыдан
кейін ғана қисынсыз бағалардың шексіз алуандығының былыға шиеленуі басталады, ал
мұны оларды негізгі аксиомаларға топтастыру арқылы еңсеруге болады. "Қарекеттің"
артында әрдайым адам тұратындығын ескертудің өзі жеткілікті ғой. Ол үшін
қарекеттердің белгілі шектен шығатын (ал кейбір көзқарастар тұрғысынан жалпы шектен
шығатын) субъективті ұтымдылығы мен объективті техникалық "дұрыстығының"
күшейтілуі маңызды құндылықтарға (мысалы, этика немесе дін өрісінде) қатерлі бола
алады. Мәселен, біздің арамызда әлдекімнің кез-келген мақсаты қарекетті мақсатты
болғандықтан да құтқарылуға бөгет жасайды деп серпіп тастайтын буддалық этиканың ең
жоғары талабын орындауы неғайбыл. Алайда, арифметикалық есептің қате шешімін
немесе дәрігердің қате диагнозын теріске шығаратынымыздай, буддизм этикасын "теріске
шығару" мүлдем мүмкін емес. Айтпақшы, мұндай шетін мысалдарсыз да, тіпті ең
"техникалық дұрыс" экономикалық ұтымдандыру, жалғыз сонымен әлі "баға беру"
форумында заңдастырыла алмайтындығын түсіну қиын емес. Айтылған нәрсе түп-түгел
барлық ұтымдандыруға, соның ішінде, таза техникалық секілді көрінетін банк ісі
саласындағы ұтымдандыруға да қатысты. Мұндай ұтымдандырудың қарсыластарының
ақымақ болуы тіптен де міндетті емес. Баға беруді жүргізгенде техникалық ұтымдандыру
барлық ішкі және сыртқы өмір жағдайлары салаласындағы өзгерістерге жетелейтінін
әрдайым есте ұстау керек. Біздің ғылымда заңды прогресс ұғымы әрқашан, ешқандай
бөліп-жарусыз, "техникалық" аспектімен байланысты, мұның өзі бұл арада, ілгеріде
айтылғанындай, бір мәнді берілген мақсатқа жетудің "құралымен" байланысты деген сөз.
Және, бұл ұғым ешқашан "ақтық" құндылықтар саласына дейін көтерілмейді.
Айтқандарымыздың соңына қарай, мен үшін "прогресс" термині, оның эмпириялық
қолданылуы күмән келтірмейтіндей тар шектердің өзінде де орынсыз болып
көрінетіндігін ескерте кетуді қажет деп санаймын. Алайда ешкімге де кез-келген терминді
қолдануға тыйым салуға болмайды, ал түсінбестіктерден сайып келгенде құтылуға
болады. Әңгімемізді аяқтамас бұрын, тағы бір проблемалар тобына - эмпириялық
ғылымдардағы ұтымдылықтың маңызына тоқтала кетуіміз керек.
Нормативті маңызды бірдеңе эмпириялық зерттеу объектісіне айналған жағдайларда, ол
объект ретінде өзінің нормативтік сипатынан айрылып, "маңызды" нәрсе ретінде емес,
"бар нәрсе" ретінде қарастырылады. Осылай, мысалы, егер статистикалық операция
кәсіптік есептеудің белгілі бір саласындағы "қателерді" анықтауға - оның әбден-ақ
ғылыми маңызы болуы мүмкін - сайса, көбейту кестесінің ережелері ол үшін мүлде
әрқилы мағынада екі "маңызды" болады. Бір жағдайда олардың нормативтік
маңыздылығы, әрине, сөз жоқ, оның өзінің төл санақтарының алғышарты болады. Екінші
жағдайда - зерттеу объектісі көбейту кестесін дұрыс қолдану дәрежесі болғанда - бұл
сұрақ таза логикалық аспектіде өзге сипатқа ие болады. Сонда есептеулері статистикалық
тексеру объектісін құрайтын адамдардың көбейту кестесін қолдануы оларға тәрбиемен
сіңірілген, сондықтан да құлықтың үйреншікті, іс жүзіндегі максимасы ретінде
қарастырылады, ол максиманың шын қолданылуы, нақ статистикалық санақтың объектісі
психикалық
сырқаттың
белгілі
құбылыстары
болатындығы
секілді,
оның
қайталанғыштығына тәуелді анықталады. Көбейту кестесінің қолданылуы объект болып
табылатын жағдайда, оның нормативті "маңыздылығы", яғни "дұрыстығы" фактысы
зерттеу пәні ретінде тіптен қарастырылмайды және логикалық жағынан мүлдем бәрібір.
Зерттелетін адамдар жүргізген статистикалық санақтарды тексергенде, статистик, әрине,