Қазақстанның ашық кітапханасы
188
рентабельділіктің инвестициялық (қарсы жұмсаудың) өзгермеуін талап ететін "оңтайлы"
бөлінуі, өз кезегінде таптар арасындағы күштер арақатынасына тәуелді, осының
салдарынан бағалар күресі алаңында жекелеген жіктердің позициялары әлсіреуі мүмкін
(бірақ тиісті емес). Үшіншіден, бұл тәпсірлеуде әртүрлі саяси бірліктер арасында
мүдделердің бітіспес ұзақ қақтығыстарының болу мүмкіндігі ескерілмейді, демек, "сауда
бостандығы уәжі" априори қабылданады, ол уәж тиістілікті постулаттау үшін
пайдаланыла бастаған бойда бірден кәдеге әбден жарарлық эвристикалық құралдан тіпті
де өздігінен-ақ айқын емес "бағаға" айналып кетеді. Ал егер тартысқа жол бермеу үшін
саяси бірлік әлемдік экономикаға бағынатын болса (теориялық жағынан әбден мүмкін
нәрсе), онда аталмыш жағдайда жол беретін (бұл арада біз қабылдайтын), ұзақ сақталатын
рентабельділік оптимумының (өндірушілер мен тұтынушылар көзқарасы тұрғысынан)
мүддесі үшін тұтынуға жарамды осы игіліктерді құртуды талап ететін түп-тамырымен
жойылмайтын сын мүмкіндігі өзінің ықпалы жағынан басқа ауанға көшеді. Сонда базарды
жекелеген шаруашылықтар жасайтын айырбас тұсында ақшамен білдірілетін
рентабельділік оптимумымен қалыптасатын директивалар көмегімен қамтамасыз ету
принципінің өзі сын объектісіне айналады. Тұтынушыларды заттай игіліктермен
қамтамасыз ететін, базармен байланысы жоқ ұйым, базар экономикасы принципімен
жасалған жекелеген шаруашылықтар мүдделерінің тоғысуын есепке алмай, сондықтан
тұтынуға жарамды азық-түлікті тұтынудан алып тастау қажеттілігін мойындамай қоя алар
еді.
Профессор Лифманның көзқарасын, ең болмаса, теориялық жағынан орынды, яғни дұрыс
деп тек келесі міндетті шарттар тұсында мойындауға болады:
1) егер әңгіме мақсат ретінде тұрақты ескерілетін қажеттіліктерді басшылыққа алатын
ойдағы тұрақты адамдар көзқарасы тұрғысынан ұзақ мерзімді күші бар рентабельділік
мүдделері жайында ғана болса;
2) егер қажеттіліктер жекеменшік капиталдың толық үстемдігі жағдайында мүлдем ерікті
базар айырбасы шеңберінде қанағаттандырылса;
3) егер мемлекеттік өкімет экономикалық жағынан мүдделі болмаса және тек кепілдік пен
құқықтық қызметтерді ғана атқаратын болса.
Осынау алғышарттар тұсында аталмыш техникалық проблеманы - материалдық
игіліктердің бөлінуін оңтайлы шешудің ұтымды құралдары бағалау объектісіне айналады.
Алайда, таза теориялық экономикалық ғылымда пайдалы фикциялар шын болмыстағы
практикалық бағалаудың негізі бола алмайды. Бұрынғысынша мына нәрсе күшінде қала
береді: экономикалық теория техникалық х мақсат үшін сәйкес келетін құрал тек у1 у2—
мен қатар у; соңғы жағдайдағы у, у1, у2 ықпалының сипаты және - бірқатар жағдайларда -
ұтымдылық дәрежесімен өзгешеленеді; олардың қолданылуы және, демек, х мақсатқа
жету z, z1, z2 "жанама нәтижелермен" байланысты деген нұсқаудан өзге ештеңе бере
алмайды. Мұның бәрі тек себептік байланыстың төңкерілген жағдайынан басқа ештеңе
емес, және аталмыш жағдайда пайда болатын "бағалар" ойдағы қарекеттің ұтымдылық
дәрежесін белгілеу шеңберінен шықпайды. Бағалар мына жағдайда - және тек сол
жағдайда ғана – бір мәнді бола алады: егер экономикалық мақсат пен әлеуметтік құрылым
шарттары нақты белгіленген болып, міндет көптеген экономикалық құралдардың ішінен
біреуін ғана таңдау болса, және егер мұның үстіне, бұл құралдар кепілдік берілу, іске
асырылу жылдамдығы және нәтиженің сандық тиімділігі жағынан ғана өзгешеленіп,
негізгі аспектілерінде, тіпті жекелеген адамдардың мүдделері тұрғысынан өте маңызды
аспектілерінде болсын, олар мүлдем ұқсас қызмет атқарғанда ғана баға бір мәнді болмақ.
Тек сонда ғана ұсынылған құралды сөзсіз "техникалық тұрғыдан ең дұрысы" деп