Қазақстанның ашық кітапханасы
187
нүктеде бұл мағынада бұрынғыға қарағанда техникалық жағынан "неғұрлым" дұрыс
бағдарланса, онда "техникалық прогресс" туралы айтуға болады.
Жағдай тап осындай ма - бұл шынында да (әрине, абсолютті бір мәнді мақсат болғанда)
эмпириялық ғылымның міндетіне жатады және оның құралдарымен шешіле алады, яғни
эмпириялық түрде анықтала алады.
Демек, бұл мағынада (қайталап айтамыз: бір мәнді мақсат болса) қолданылатын
құралдардың "техникалық" дұрыстығы мен "техникалық" прогресінің бір мәнді түрде
белгіленетін ұғымдары бар (және де бұл арада "техниканы" біз бұл сөздің ең кең
мағынасында, яғни жалпы, оның барлық салалардағы - соның ішінде саяси, әлеуметтік,
педагогикалық салаларда, адамдарды насихаттық алдап-сулаудағы және оларды билеп-
төстеудегі ұтымды құлық деп түсінеміз). Мысалы (бізге жақын мәселелерден аулақтап
кетпеу үшін), әдетте жай ғана "техника" деп аталатын арнаулы саладағы, сондай-ақ, егер
бүл орайда темірқазық ретінде нақты құрылымның, бір мәнді анықталған статусы алынса,
сауда техникасы немесе сот жүргізу техникасы саласындағы "прогресс" туралы шамалап
айтуға болады. Бірақ тек шамалап қана; өйткені техникалық жағына ұтымды жекелеген
принциптер бір-бірімен тартысқа түсетіні белгілі ғой, ол дауларды тек нақты мүдделерді
жақтаушылардың арасындағы ымыра арқылы ғана тиюға болады, бірақ тіпті де
"объективті" жолмен емес. Аталмыш құралдар бар тұста қажеттіліктерді салыстырмалы
түрде оңтайлы қанағаттандыру саласындағы "экономикалық" прогресті де анықтауға
болады, бірақ бүл үшін осынау қажеттіліктердің бәрі сол күйінде және олардың
субъективті дәрежелерінің баға беруі сынға алынбайтын, және ақыр соңында, оның үстіне,
экономиканың сипаты берік белгіленетін жағдайда (сондай-ақ, мысалы қажеттіліктерді
ондай қанағаттандырылуы мерзіміне, кепілді емесіне, және тиімділігіне байланысты
мүдделер оз кезегінде, тартысқа кірісе алатын және кірісетін жағдайда), аталмыш
қажеттіліктерді басшылыққа алу керек. Бірақ мұны тек сондай жағдайлар мен шектеулер
болғанда ғана анықтауға болады.
Аталмыш қағидадан бір мәнді таза экономикалық баға беру мүмкіндігі туралы қорытынды
шығару әрекеттері жасалды. Мұның сипатты мысалы - кезінде профессор Лифман
келтірген классикалық оқиға, сол оқиға тұсында бағасы өзіндік құнынан төмендеп
кеткендіктен рентабельді болмай шыққан тауарлар өндірушілер мүддесіне бола қасақана
жойып жіберілген. Мұндай қарекетті де "халық шаруашылығы" мағынасындағы "дұрыс"
шара ретінде объективті бағалау керекті-міс. Алайда осынау және осы секілді кез-келген
тәпсірлеу (бұл арада біздің мұны көрсетуіміз маңызды) өздігінен-ақ белгілі нәрсе ретінде,
бірақ шындығында жоқ бірқатар алғышарттарды қабылдайды. Біріншіден, индивидтің
мүддесі оның өлімінен кейін де көбіне іс жүзінде өз күшінде бола беретіндігін былай
қойғанда, өзінің мәнін сақтайтын фактор ретінде біржола қабылдануға тиіс. "Болмыс"
өрісінен "тиістілік" өрісіне мұндай көшірусіз таза секілді көрінетін аталмыш баға беру бір
мәнді жүргізіле алмайды. Өйткені мұндай алғышартсыз, мысалы, "өндірушілер" мүддесі
мен "тұтынушылар" мүддесі жайында тұрақты бар кісілердің мүддесі ретінде айтуға
болмайды. Индивидтің өз мұрагерлерінің мүдделерін қаперге ала алатындығы таза
экономикалық факторға жатпайды. Тірі адамдар бұл арада "капиталды" "өндірісте"
пайдаланатын және тек өндіріс мүддесі үшін тіршілік ететін мүдде иелерімен
алмастырылады. Бұл - теориялық мақсаттар үшін пайдалы фикция. Алайда, көрсетілген
жағдай тіпті фикция ретінде де жұмысшылар, әсіресе балалары жоқ жүмысшылар
жағдайына қолданыла алмайды. Екіншіден, бұл арада "таптық жағдай" факторы
еленбейді, ол жағдай базарлы шаруашылық үстемдігі тұсында өндірістің әртүрлі салалары
арасында капитал мен еңбекті нақ рентабельділік тұрғысынан "оңтайлы" болу
ықтималдығы салдарынан тұтынушылардың белгілі жіктерін материалдық игіліктермен
қамтамасыз ету ісін айтарлықтай нашарлата алады (бірақ тиісті емес). Өйткені,