Page 186 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
186
ұғымын оның өз өрісінде қарастыруға және оның оз сипаты жағынан қаншалықты
эмпириялық немесе эмпириялық емес екендігін көрсетуге таядық. Өйткені
алдыңғылардың бәрі әмбебап құбылыстың тек жеке-дара жайтына қатысты.
Виндельбандтың [қараңыз: "История философии", 4-ші басылым, §2, 8-бет] өз тақырыбын
шектеуі (оны "еуропалықтардың дүниетанымын ғылыми ұғымдармен көрсету процесі"
деп анықтауы), оның, менің ойымша, тамаша прагматикасында мәдениет құндылығына
осынау жатқызылуымен топшыланатын (бұдан қорытындылар оның еңбегінің 15,16-
беттерінде шығарылған) өзіндік ерекше "прогресс" ұғымын қолдануын туындатады. Бір
жағынан, бұл ұғым ешқандай шамада әрбір философия "тарихы" үшін өздігінен-ақ белгілі
нәрсе емес; екінші жағынан, ол ұғым тек философия тарихында және қандай да бір басқа
ғылым тарихында құндылықтарға осылайша жатқызу негізіне алына алады, бірақ
Виндельбанд топшылайтыннан (әлгі еңбектің 7-беті) өзгеше жалпы кез-келген тарихи
зерттеуде емес. Бұл екі арада әңгіме "прогрестің" біздің әлеуметтанушылық және
экономикалық пәндерімізде белгілі рол атқаратын тек ұтымды түсініктері жайында
болады. Еуропа мен Американың қоғамдық және шаруашылық өмірі өзіндік ерекше түрде
және өзіндік ерекше мағынада "ұтымдыландырылған". Сондықтан біздің ғылымдардың
негізгі міндеттерінің бірі - осынау ұтымдыландыруды түсіндіру және соған сәйкес
ұғымдарды талдап әзірлеу. Бұл орайда, өнер тарихына байланысты біз қозғаған, бірақ
ашық қалдырған проблема қайтадан көтеріледі: "ұтымды" прогресс туралы әңгіме
қозғалғанда, ашығын айтқанда, не көзделіп отыр.
Мұнда "прогрестің", біріншіден, "дифференциацияның" жай ғана өсуімен, екіншіден,
құралдардың техникалық ұтымдылығының өсуімен және, үшіншіден, құндылықтың
өсуімен теңестірілуі қайталанады. Ең алдымен субъективті "ұтымды" құлық пен ұтымды
"жөн", яғни объективті дұрыс қолданылатын, ғылыми мәліметтерге сәйкес қарекеттің тіпті
де бір нәрсе емес екендігін көрсету керек. Субъективті ұтымды құлық бір ғана нәрсені,
атап айтқанда субъективті ниет белгіленген мақсат үшін дұрыс деп саналатын құралдарға
жоспарлы түрде бағдарланғанын ғана білдіреді. Демек, құлықтың субъективті
ұтымдандырылуының өсуі ұтымды "дұрыс" қарекеттерге бағытталған объективті
"прогресс" болуы тіпті де міндетті емес. Мысалы, сиқыршылық дәл физика секілді, жүйелі
түрде "ұтымдандырылып" отырды. Өзінің ниеті жағынан "ұтымды" терапия барлық жерде
дерлік эмпириялық жолмен анықталған нышандардың сыннан өткен шөптер мен
тұндырмалармен емдеуді елемеуге және сырқаттың "нағыз" (яғни сиқырлық, жындық)
"себебін" құрту (долбармен) әрекеттеріне апарып соқтырды. Үстірт қарағанда бұл терапия
өзінің құрылымын көбірек ұтымдандыруды осы заманғы терапияның бірқатар аса
маңызды жетістіктерінен ештеңемен өзгешеленген жоқ. Алайда, біз абыздардың осы бір
сиқырлы терапиясын аталып өткен эмпириялық құралдармен салыстырғанда, оны "дұрыс"
қарекеттер жағына қарай "прогресс" деп бағаламаймыз ғой. Екінші жағынан, "дұрыс"
құралдарды қолданудағы "прогреске" тіпті де барлық кезде бірдей бірінші субъективті
ұтымды мағынадағы "ілгерілеудің" арқасында қол жете бермейді. Егер субъективті
ілгерілей беретін, неғұрлым ұтымды құлық объективті түрде неғұрлым "орынды"
қарекеттерге жетелесе, онда бұл көп мүмкіндіктің біреуі ғана және мұндай процестің
ықтималдығы өзінің дәрежесі жағынан мейлінше әрқилы болуы мүмкін. Х шарасы у
нәтижесін алу үшін (бұл эмпириялық мәселе, каузалдық (байланыстың төңкеріп қойылған
қалпы) у х-тан туындайды) құрал (шартты түрде оны бірден-бір құрал деп санайтын
боламыз) болып табылады дейтін қағида дұрыс болатын жағдайда және бүл қағиданы
адамдар өздерінің қарекеттерін у нәтижеге саналы түрде (мұны да эмпириялық жолмен
анықтауға болады) бағдарлайтын жағдайда, онда олардың қарекеттері "техника
тұрғысынан дұрыс" бағдарланғаны. Егер адами қарекеттер (кез-келгені) қандай да бір