Қазақстанның ашық кітапханасы
185
Құндылықтар өрісі мен эмпириялық өрістің мүлдем қабысбайтыны мына бір фактыда
бейнеленеді: белгілі бір, тіпті, ең "прогресті" техниканы қолдану көркем шығарманың
эстетикалық құндылығы жайында ештеңе айтпайды. Ең "қарабайыр" техника
құралдарымен жасалған көркем шығармалар - мысалы, перспектива туралы ешқандай
түсінік жоқ картиналар - өзінің эстетикалық құны тұрғысынан ұтымды техникалық
әдістермен жасалған ең кемел шығармалардан, бір шарт орындалса: суретші алдына
қойған міндет осы "қарабайыр" техникамен деңгейлес нәрсе шеңберінен шықпайтын
болса, кем соқпауы мүмкін. Жаңа техникалық құралдардың пайда болуы ең алдымен
дифференциацияның өсуі деген сөз және құндылық жағынан өнер "байлығының" көбірек
болуының мүмкіндігін ғана жасайды. Ал шын болмыста мұндай процестің кері әсері
болғаны сирек емес - пошым сезімі "жоғалып" кететін. Алайда, эмпириялық-каучалдық
зерттеу үшін нақ "техниканың" (бұл сөздің ең асқақ мағынасында) өзгеруі өнердің
дамуындағы барлық жерде көрінетін ең маңызды сот болып табылады.
Сөйте тұра, тек өнер тарихшылары ғана емес, жалпы тарихшылар атаулы біз саяси,
мәдени, этикалық және эстетикалық баға беруден бас тарта алмаймыз легенді кесіп
айтады; ол-ол ма, ондай баға берусіз жалпы жұмыс істей алмаймыз дейді. Методология
ешкімге өзінің әдеби жұмысын қалай құру керектігін міндеттей алмайды және олай
жасағысы да келмейді. Ол тек мынаны кесіп айтуға дауалайды: белгілі бір проблемалар өз
мағынасы жағынан гетерогенді және оларды араластырып жіберу пікірталас барысында
пікірлер бір-бірімен қиылыспай, жарыса айтыла беруіне және эмпириялық ғылым немесе
логика құралдарымен жүргізілетін пікірталас бір жағдайда жемісті болып, екінші бір
жағдайда олай болуы мүмкін еместігіне апарып соқтырады.
Бәлкім, бұл арада әзірше салмақты дәлелдермен уәж демей-ақ, жалпы сипаттағы бір
ескертуге сілтеме жасаған орынды бол ар: тарихи жұмыстармен мұқият танысу тарихшы
"баға беруге" көшкен бойда, эмпириялық каузалды қатарды мейлінше объективті
қарастыру әрдайым дерлік үзіліп қалатынын, ал мұның өзі оның зерттеуінің нәтижелеріне
нұқсан келтіретінін көрсетеді. Оған мына бір қатер - ол өзінің "түсіндіруінде" өзі
қарастырып отырған кезең қайраткерлерінің оған жат көрінетін мұраттарының жай ғана
нәтижесі болуы мүмкін нәрсені "қателік" немесе "құлдырау" салдары деп санау қатері
төнеді; соның салдарынан ол өзінің басты мақсатына - "түсінуге" қол жеткізе алады.
Жаңсақтық екі себеппен түсіндіріледі. Ең алдымен (өнер өрісінде қала отырып), көркемдік
нақты болмыс, бір жағынан, таза эстетикалық бағалаудан, екінші жағынан таза эмпиристік
каузалдық қарастырудан басқа, оның құндылығын тәпсірлеуге де (бұл туралы жоғарыда
айтқанбыз) көне алатынымен. Бүл аспектінің дербес құндылығына да, тарихшының онсыз
ештеңе тындыра алмайтынына да титімдей де күмән жоқ. Өнер тарихы жөніндегі
еңбектердің оқырманы әдетте дәл сол тәпсірді күтетіндігіне де күмән жоқ. Барлық гәп
мынада, өзінің логикалық құрылымы жағынан ол эмпириялық зерттеумен тең емес.
Әрі кетсек, өнер тарихымен, тіпті таза эмпириялық позициядан болсын, айналысқысы
келетін адамның көркем шығармашылықтың мәнісін "түсіну" қабілеті болуы керек, ал
мұның өзі, әлбетте, эстетикалық пайымдау қабілетінсіз, демек, баға беру қабілетінсіз
мүмкін емес. Бұл арада айтылғанның бәрі, әрине, бірдей дәрежеде саяси тарих маманына
да, әдебиет, дін немесе философия тарихшысына да қатысты, айтпақшы, олар тарихи
зерттеудің логикалық табиғатын ешқандай шамада қозғамайды.
Алайда бұл туралы әңгіме төменде. Бұл арада біз бір ғана мәселені қарастырып отырмыз:
эстетикалық баға беруден тыс өнер тарихындағы "прогресс" жайында қай мағынада
айтуға болады. Аталмыш ұғымның техникалық және ұтымдылық мәні бар екендігіне
көзіміз жетті, ол көркемдік ойды жүзеге асырудың құралдарына таралады және нақ
өнердің эмпириялық тарихы шеңберінде өте маңызды бола алады. Біз "ұтымды" прогресс