Page 184 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
184
Музыка тарихындағы жағдай да осыған ұқсас. Мұндағы орталық проблема, заманауи
еуропалық мүддесінің көзқарасын ("құндылыққа жатқызу") тұрғысынан алғанда мынада:
неліктен барлық жерде дерлік болған халықтық полифониями тек қана Еуропада белгілі
бір кезеңде гармониялық музыка пайда болды, ал барлық басқа елдерде музыканы
ұтымды ету өзге, әдетте қарама-қарсы жолмен - интервалдарды қалыптастыру
гармониялық болу (квинтаның) орнына, дистанциялық болу (әдетте кварта) арқылы
жасалатын болды. Демек басты назарда терцияның пайда болуы мен үш үнділіктің бір
бөлігі ретіндегі оның гармониялық маңызы, содан кейін гармониялық хроматизм, күшті
және әлсіз такт кезектелетін (таза метрономдық есептеу орнына) осы заманғы ырғақ, осы
заманғы аспаптық музыка онсыз мүмкін емес ырғақтылық жүйесі проблемалары тұр. Бұл
арада да әңгіме алғашында "прогрестің" таза техникалық ұтымды мәселелері жайында
болды. Өйткені, мысалы, хроматизм гармониялық музыкадан көп бұрын "нәпсіні"
бейнелеу құралы ретінде пайдаланылғанын Еврипид туындысының жақында табылған
үзіндісіндегі жалынды дохмияларды сүйемелдейтін антикалық хроматикалық (тегінде,
тіпті энгармониялық) музыка. Демек, антикалық музыка мен Қайта Өрлеу дәуірінің ұлы
музыка экспериментаторлары тұңғыш жол салушылардың ұтымды екпінімен жасаған
хроматизм арасындағы айырмашылық көркемдік бейнелеуге ұмтылыста емес, техникалық
құралдарда жатыр; және бүл да "нәпсіні" музыкалық бейнелеу тәсілін табу үшін жасалған.
Техникалық жаңалық мынада болатын: осынау эллиндердің өзіне белгілі мелодиялық
жарты үндер мен ширек ауандардың емес, біздің гармониялық интервалдарымыздың
хроматизміне айналды, және мұндай хроматизм техникалық жағынан ұтымды
проблемалар содан бұрын шешілгендіктен пайда бола алды. Оларға ұтымды ноталық жазу
жасалуын (мұнсыз осы заманғы композиция мүмкін емес), одан да бұрын - музыкалық
интервалдардың, және ең алдымен ұтымды полифониялық ән салудың гармониялық
түсіндірілуін талап ететін белгілі бір музыкалық аспаптардың жасалуын жатқызу керек.
Бүл арада солтүстік еуропалық миссиялардағы ерте ортағасырлық монахтар басты рөл
атқарды, олар Византиядағыдай музыка жазуды гректік білім алған маманға тапсырудың
орнына, өз қызметтерінің кейіннен қандай маңызға ие болатындығын ойланып жатпастан,
халық полифониясын оз мақсаттарына сай ұтымды ете алды. Батыстың христиандық
шіркеуінің әлеуметтік және діни факторлардан туындаған сыртқы және ішкі жағдайының
мейлінше нақты қасиеттері, тек батыс монахтарына тән ұтымдылықтың арқасында,
шындап келгенде өзінің сипаты жағынан "техникалық" болған музыкалық
проблематиканың сонда пайда болуына жәрдемдесті. Би тактысын бұрынғыдан алып, оны
ұтымды ету, содан сонатамен аяқталатын музыкалық пошымдардың өрбуі Қайта Өрлеу
дәуіріндегі қоғамдық өмірдің мейлінше анық белгілі шарттарынан туындаған болатын.
Осы заманғы музыкалық дамудың және музыканың бюргерлік ортада таралуының ең
маңызды техникалық шарттарының бірі - фортепианоны жетілдіру де солтүстік еуропалық
мәдениеттің өзіндік ерекше сипатымен түсіндіріледі. Мұның бәрі - музыканың
техникалық құралдарының "прогресі", ол оның тарихын айтарлықтай дәрежеде
айқындады. Музыканың эмпириялық тарихы, тарихи дамудың атап көрсетілген
компоненттерін музыкалық шығармаларға эстетикалық баға бермей-ақ қарастыра алады
және солай етуге тиісті де. Техникалық "прогресс" бастапқыда эстетикалық көзқарас
тұрғысынан дүмбілез шығармалардан көрініс тапты. Музыка тарихындағы мүдделілік
бағыттылығы - оның эстетикалық маңыздылығындағы оның зерттеу объектісі - оған
гетерономды берілген.
Кескіндеме өнері саласында эмпириялық зерттеу не бере алатындығының аса көрнекті
үлгісі Вельфлиннің "Классикалық өнер" атты еңбегі бола алады, онда бұл проблема,
авторға абырой әперетін ізгі сыпайылықпен көтерілген.