Қазақстанның ашық кітапханасы
183
орындалу құндылығының арасындағы, толық аяқталған шығарма мен қандай да бір
тұрғыдан немесе бірқатар тіпті маңызды тұрғыдан сәті түспеген, соған қарамастан
міндеттің орындалуы жағынан ешқандай құндылығы жоқ нәрсеге жатқызыла алмайтын
шығармалар арасындағы айырмашылықты ескермей, ненің өнер болып табылатыны мен
ненің өнер еместігін жай ғана қарама-қарсы қоюмен ешқашан қанағаттана алмайды - және
де мұның бәрі нақты индивидуалдық қызметке ғана емес, тұтас дәуірлердің өнеріне
қатысты. "Прогресс" ұғымы аталған салаға қолданылғанда тап-таурын болып көрінеді,
өйткені әдетте оны таза техникалық мәселелерді шешкенде пайдаланады. Алайда,
өздігінен алғанда ол мағынасыз ұғым емес. Аталмыш проблема өнердің таза эмпириялық
тарихы мен әлеуметтануында өзге сипатқа ие болады. Біріншісі үшін, өнер "прогресі",
әрине, көркем шығармалар әлдене орындалған міндет ретінде эстетикалық баға беруде
емес, өйткені ондай баға беру эмпириялық ғылымның құралдарымен жасала алмайды,
демек, оның шекараларының арғы бетінде жатады. Бұл екі арада нақ эмпириялық баға
беру таза техникалық, ұтымды, сондықтан да бір мәнді "прогресс" ұғымын пайдалана
алады (біз бұған әлі ораламыз); оның өнердің эмпириялық тарихы үшін жарамдылығы,
суреткер өзінің алдына қоятын белгілі бір эстетикалық міндет үшін қажетті деп білетін
техникалық құралдарды анықтаумен толық шектелетіндігімен анықталады. Осынау қатаң
шектелген нұсқаудың өнердегі маңызы, жиі-жиі жеткілікті бағаланбайды немесе
бұрмаланады, оған өз пікірі, шынайы түсінігі жоқ, модаға айналған "білгіштер" беретін
мағына енгізіліп жіберіледі; олар суреткердің шеберханасының шымылдығын сәл түріп,
оның бейнелеуінің сыртқы құралдарымен, оның "мәнерімен" танысу сәті түсе қалса,
суреткерді "түсіне алдық" деп кеудесін соғуға құмар. Ал бұл екі арада дұрыс түсінілген
"техникалық" прогресс өнер тарихының бір саласы болып табылады, өйткені нақ сонда
және оның көркемдік ойға ықпалында өнердің дамуы процесінде таза эмпириялық
жолмен, яғни эстетикалық баға берусіз анықталатын нәрсе бар. Нағыз мағынасындағы
"техникалық" прогрестің өнер тарихы үшін шын маңызы неде екенін түсіндіретін бірнеше
мысалға тоқталайық.
Готиканың пайда болуы ең алдымен мәнісі жағынан таза конструкциялық міндеттің -
белгілі бір типтегі кеңістікті жабудың - техникалық шешімінің сәті түсуінің салдары
болатын,.. бұл арада біз оларға тоқталып жатпаймыз... Сол сәулетшілердің техникалық
рационализмінің арқасында жаңа принцип қисынды соңына дейін жеткізілді. Өзінің
эстетикалық құлшынысында сол сәулетшілер соны соған дейін белгісіз болып келген
көркемдік міндеттермен байланыстарын, мүсіндеу өнеріне, ең алдымен кеңістіктің мүлдем
жаңа пошымдарынан туындаған "адам тәнінің" жаңа "көрінісін" енгізді. Осынау, ең
алдымен техникалық тұрғыдан туындаған өзгерістің әлеуметтік және діни сипаттағы
белгілі бір эмоциялық факторлармен қақтығысып қалуы готикалық өнердің алдында
тұрған проблемалардың маңызды құрамдас бөліктерін қалыптастыруға алып келді. Жаңа
стильдің сондай бір таза фактылық - техникалық, әлеуметтік және психологиялық -
шарттарының тарихи және әлеуметтанушылық аспектілерін зерттеумен эмпириялық
ғылымның қарастырылып отырған білім саласындағы міндеті толығымен тәмамдалады.
Бұл орайда, ол готикалық стильге, айтарлықтай дәрежеде күмбездің техникалық
проблемасы және архитектура саласындағы міндеттердің өзгеруімен - әлеуметтану
сәттерінің ықпалынсыз емес - байланысты мысалы, роман стилімен немесе Қайта Өрлеу
стилімен салыстыра отырып, "баға" қоймайды; өнердің эмпириялық тарихы, ол сондай
болып қала беретіндіктен, архитектураның жеке шығармаларында да эстетикалық "баға"
бермейді. Ол-ол ма, эмпириялық ғылымға өнер туындыларына, олардың эстетикалық
релевантты ерекшеліктеріне, демек, оған априори берілген оның объектісіне, яғни көркем
туындылардың оның өз төл құралдарымен анықтай алмайтын эстетикалық құндылығына
қызығушылығы гетерономды.