Қазақстанның ашық кітапханасы
182
әріптестеріміздің есіне сала кеткім келеді. Бұл жайт бізді осы маңызды ұғымға толығырақ
тоқтала кетуге мәжбүр етеді.
Әрине, "прогресс" ұғымын, егер оны қандай да бір нақты, бөліп алып зерттелетін даму
процесіндегі "ілгерілеу" ұғымымен шендестірсек, баға беретін пікірден мүлдем тыс
қарастыруға болады. Алайда көбіне жағдай әлдеқайда күрделірек болып келеді. Құндылық
мәселесімен барынша тығыз байланысты әртүрлі салалардан алынған бірнеше мысалды
қарастырайық.
Біздің психикалық өміріміздің иррационалды, эмоционалды құрамдас факторлары қарекет
жасайтын салада, құлықтың ықтимал типтерінің таза сандық тұрғыдан өсуін және әдетте
соған байланысты болатын сапалық алуандылықты, баға беретін пікірден бостандықты
сақтай отырып, рухани "дифференциация" саласындағы прогресс деп анықтауға болады.
Алайда бұған бірден "қарекет өрісінің" нақты "жанның" немесе бір мәнді конструкция деп
санауға да болмайтын "дәуірдің" (Зиммелдің "Шопенгауэр мен Ницше" атты еңбегінде
бейнеленгеніндей) "қабілеттерінің" ұлғаюы сынды құндылықтық ұғым қосыла кетеді.
Мұндай нақты "дифференциацияның ұлғаюы" бар екендігіне, әрине, күмән жоқ, бірақ,
оның дәл сол ізделіп жатқан жерде табылуы тіпті де міндетті емес. Өмірдің барлық
салаларының ұтымдалуы мен инттеллектуалдануының және индивид өзін-өзі көрсетудің
(басқа адамдарға көбіне бәрібір) өзіндік барлық тәсілдеріне беретін субъективті
маңыздылықтың өсуінің салдарынан туындаған, сезімнің әртүрлі реңктеріне бүгіндері
ұлғайып бара жатқан назар дифференциацияның өсуінің жай ғана елесін оп-оңай жасай
алады. Аталмыш құбылысқа атап өтілген назар шынында да оның бар екендігін айғақтай
немесе оның пайда болуына жәрдемдесе алады. Алайда елес көбіне алдап соғады, және,
мойындайын, менің ойымша, мұндай адасушылық дәрежесі жеткілікті жоғары. Дегенмен,
бұл фактыны жоққа шығаруға болмайды, ал дифференциацияның өсуін "прогресс" ретінде
анықтауға болатын-болмайтындығы - терминологиялық орындылықтың шаруасы. Алайда
көрсетілген фактыны "рухани байлықтың" өсуі мағынасындағы "прогресс" ретінде
бағалауға бола ма деген сұраққа бірде-бір эмпириялық ғылым жауап бере алмайды. Ол
бірқатар жағдайларда жаңа "шиеленістермен" және "проблемалармен" байланысты жаңа
дамып келе жатқан немесе алғаш рет ұғынылған эмоциялық мүмкіндіктерді
"құндылықтар" деп санау керек пе деген мәселесін анықтаумен айналыспайды. Ал
дифферациация фактысының өзі жөнінде баға беретін позиция ұстанғысы келетін - ал
эмпириялық ғылым адамдардың ешқайсысына да бұған, әрине, тыйым сала алмайды -
және аталмыш проблемаға белгілі бір көзқарас іздейтін адам алдында заманның бірқатар
құбылыстары сөзсіз мынадай сұрақ қояды: бүгінде интеллектуалдық елестен жоғарырақ
нәрсе болып табылатын шамада бұл процеске "қандай бағамен" қол жеткізіледі?
Осылайша, мысалы, "күйзелуге" құмарлық - неміс болмысының сәнге айналған
құндылығы - өте елеулі дәрежеде "күнделікті күйбеңді" рухтандыру қабілетінен айрылып
қалудың жемісі екендігін елемеуге болмайды және индивидтің өзінің "күйзелуіне"
"жұртқа жаю" сипатын беруге өсе түскен құлшынысын, тегінде, арақашықтық пафосынан
айрылып қалу деп те, сонымен бірге, өзінің құлықтық стилі мен өзінің абыройынан
айрылып қалу деп те бағалауға болады. Қалай десек те, субъективті күйзелуді бағалау
саласында "дифференциация прогресі" құндылықтың өсуімен тек интеллектуалдық
мағынада саналы күйзелудің, өз сезімдерін білдіру қабілетінің немесе араласып кете
алудың өсуімен ғана шендестіріле алады.
Прогресс ұғымын ("баға беру" мағынасында) өнер саласында қолдану біршама күрделірек
шаруа. Көптеген зерттеушілер мұндай қолдануға - оған қандай магына берілетіндігіне,
әділетті немесе әділетсіз екендігіне қарай - үзілді-кесілді қарсылық білдіреді. Көркем
шығарма туралы баға беретін пікір бағын сынап көру мен орындалу арасындағы, әртүрлі