Page 181 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
181
Биологиялық мағынада, сондай-ақ қандай да ойға келетін таза эмпиристік мағынада Солт-
Лейкте табиғи ортаға "бейімделіп алғандар" сонда мормондар келгенше өте жақсы және
кейін сол өңірге қаптап келіп қоныстанған мормондар секілді жаман тұрған санаулы ғана
үндістер болып шығады. Демек, бұл ұғымның көмегімен біз ешбір дәрежеде эмпириялық
мәліметтерді жақсырақ түсіне алмаймыз, сөйте тұра керісінше түсінікке қиналмай жол
береміз. Бірден нұсқай кетейік, тек бір ғана нақты нышаны бойынша өзгешеленетін, ал
қалғандары жағынан мүлдем бірдей екі ұйымды салыстырғанда ғана, олардың біреуінің
аталмыш нақты өзгешелігі эмпириялық жағынан оның неғұрлым "орынды", яғни бұл
тұста аталмыш жағдайға неғұрлым бейімделген ахуалын туындатады деп кесіп айтуға
болады. Баға беру тұрғысынан алғанда бүл арада бірдей дәрежедегі екі көзқарастың орын
алуы мүмкін: осынау өңірге қоныстанған толып жатқан мормондардың материалдық және
өзге жетістіктері және мінез қасиеттері олардың үндістерден артықшылығының дәлелі
болып табылады деп кесіп айтуға болады; алайда дәл сондай құқықпен, қандай да бір
дәрежеде мормондардың этикасымен сөзсіз байланысты осынау жетістіктердің құралдары
мен осындай нәтижелерін мойындамай, олардың мекендерінен шол даланы, бері салғанда,
сол кең даладағы үндістердің романтикалық тіршілігін артық көруге болады, - және де
дүниедегі ешбір ғылым өзінің сипаты қандайлығына қарамастан, келтірілген
көзқарастардың бірінің жақтастарын өздерінің ойын өзгертуге мәжбүр етемін деп
дәмелене алмайды, өйткені бұл арада әңгіме мақсаттың, құралдың және жанама
нәтижелердің әрқилы салыстырылуы жайында.
Егер мәселе тек анық айқындап берілген мақсатқа жету үшін қандай құрал бәрінен
орынды екендігіне сайса, онда әңгіме эмпириялық ғылым үшін шынында да жол берілетін
шешім жайында болмақ деп санауға болады.
Ү
үшін
х
бірден-бір құрал деген ереже теріс
айналдырылған ереже: у х-тан туындайды. "Бейімделгендік" ұғымы (және онымен
шамаластың бәрі) - және бұл ең бастысы - негізде жатқан құндылықтар туралы ешқандай
мағлұмат бермейді, қайта бұл ұғым мүлде бұлдырап, менің ойымша, ауыздан түспейтін
"адамдарды үнемдеу" деген ұғым секілді - сол құндылықтарды жай ғана көлегейлейді.
"Мәдениет" саласында, "бейімделген" деген ұғымға қандай мағына берілетіндігіне
байланысты, бәрі де "бейімделген" немесе ештеңе бейімделмеген, өйткені мәдени өмірден
күресті шығарып тастауға болмайды. Оның құралдарын, объектісін, тіпті оның негізгі
бағыттары мен күресушілердің өздерін өзгертуге болады, бірақ күрестің өзін өзгерте
алмайсың. Ол сыртқы игіліктер үшін күресетін дұшпан адамдар арасындағы сыртқы күрес
қана емес, бірін бірі сүйген жандардың сыртқы мәжбүрлеу ішкі зорлық-зомбылықпен
алмасатын (эротикалық көнбістік немесе жанқиярлық пошымында) рухани құндылықтар
үшін ішкі тіресі де, ақыр аяғы, адамның жан дүниесіндегі өзімен өзінің күресі де болуы
мүмкін, бірақ, қалай болғанда да, күрес ешқашан тоқталмайды, және оның салдарлары ол
ең аз байқалатын тұста барынша елеулі болып, оның зардаптары сол тұста ең жоғары
дәрежедегі топас, ыңғайлы енжарлыққа, өзін-өзі жадағай алдауға барынша жақындайды
немесе "іріктелу" пошымында жүзеге асырылады. "Бейбітшілік" күрес пошымдарының,
немесе күресуші тараптардың, немесе күрес объектілерінің, немесе, ақыр соңында,
"іріктеу" мүмкіндігінің өзгеруі деген сөз, одан басқа ештеңе де емес. Бұл өзгерістер
этикалық немесе басқа бір баға беретін пікірдің тезіне шыдай ала ма және қандай
жағдайда шыдай алады - бұл бізге мүлдем белгісіз. Тек бір нәрсе ғана күмәнсіз: кез-келген
қоғамдық қатынастарға, олардың сипаты мен құрылымына қарамастан, баға бергенде,
олар сыртқы немесе іштей іріктеу (сарындары) процесінде адамдардың қандай типіне
үстемдіктің оңтайлы мүмкіндігін беретінін анықтап алу қажет. Өйткені, эмпириялық
зерттеудің ештеңе қалдырмай қамтуы мүмкін емес; мұның үстіне, бізде саналы
субъективті баға беру үшін де, объективті маңыздылыққа баға беру үшін де қажетті
фактылық мәліметтер жоқ. Мен бүл жайлы ең болмағанда қоғамдық дамуды талдағанда
"прогрестің" бір мәнді ұғымдарын пайдалануға болады деп ойлайтын біздің көптеген