Page 180 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
180
этикасы секілді, бүл дүниелік емес. "Ғылыми" тұрғыдан мынаны ғана анықтауға болады:
өз мұраттарын осылайша түсіну бірден-бір іштей дәйекті нәрсе және сыртқы
"фактылармен" жоққа шығарыла алмайды. Мұндай түсіндіру синдикализмнің
жақтастарына да, оның қарсыластарына да, және соларға ғылымнан өздері толық
құқықпен талап ететін нәрсенің өзін берді деп ойлағымыз келеді. Ал "бір жақты" "екінші
жаққа" немесе белгілі бір құбылысты (мысалы, жаппай ереуіл) жеті дәлел "жақтады", алты
дәлел "қарсы" дегенді бір-біріне қарсы қоюға және бұл дәлелдерді бұрынғы
камералистиканың, бәлкім, осы заманғы Қытай жазушылары шығармаларының мәнерінде
салыстыруға негізделетін толғамдарға келетін болсақ, олар, менің ойымша бір де бір
ғылымға, оның өзіндік ерекшелігі қандай болса да, пайда бермейді.
Ғылымның, бері салғанда құндылықтардан бостан ғылымның міндеті синдикалистік
көзқарасты оның ең ұтымды да іштей дәйекті пошымына тоқайластырумен және оның
пайда болуының эмпириялық жағдайларын, оның мүмкіндігін және тәжірибеге сәйкес
келетін практикалық салдарларын анықтаумен тәмамдалады. Синдикалист болу керек пе,
жоқ па дегенді мүлдем нақты метафизикалық алғышарттарсыз дәлелдеу мүмкін емес,
оларды көлденең тарту, әсіресе мына жағдайда көлденең тарту сипаты қандай екендігіне
қарамастан, кез-келген ғылымның шегінен шығып кетеді. Офицердің тұтқынға түскеннен
гөрі, окопты жарып жіберіп, опат болғанды артық көргенін де, егер сол қарекеттің
нәтижесіне сүйенсек, мүлдем мағынасыз тірлік деп есептеуге болады ғой. Алайда, пайда
ойламай, өз басының құрбандыққа шалынуына рұқсат беретін этос бар-жоғы тіпті де
немқұрайды мәселе емес. Мұның өзі, бері салғанда дәйекті синдикалистің кәміл сенімінен
артық "мағынасыз" нәрсе емес. Рас, егер де профессор кафедрадан осындай "катондық"
құлыққа үндейтін болса, онда бүл университеттік сабақ беру рухына оншама сай болмас
еді. Алайда керісіншесі де міндетті емес: оған өзінің парызы мұраттарды даму
тенденцияларымен және қалыптасқан жағдаймен қамтамасыз етілген мүмкіндіктерге
бейімдеу міндеттелмейді ғой.
Біз бұл арада "бейімдеу" деген сөзді талай рет пайдаландық, ол аталмыш жағдайда,
аталмыш баяндау тәсілінде бұрыс түсініле қоймас. Алайда тәжірибе, ол өздігінен-ақ
өзінің мағынасы жағынан екіұшты екенін және не белгілі бір позиция құралдарын
аталмыш жағдайға (сөздің тар мағынасында пакты саясат") бейімдеуді - жалпы мүмкін
позициялардың ішінен біреуін таңдағанда - аталмыш сәтте олардың біреуі беретін шын
немесе топшыланатын мүмкіндікке (соңғы 27 жыл ішінде біздің тамаша табыстарға
жетуімізге мүмкіндік берген "нақты саясат") бейімдеуді білдіреді. Алайда, осы сөздің
мүмкін мәндері тіпті де солармен тәмамдала қойған жоқ. Сондықтан, менің пікірім
бойынша, біздің проблемалар ("баға беретін пікірлер" мәселелері бойынша да, басқа
мәселелер бойынша да) турасындағы пікірталастарда осынау көбіне-көп әркімнің
қалауынша тәпсірлене беретін терминнен жалпы бас тартқан жақсы болар еді. Ғылыми
уәж есебінде ол жалпы маңайламайды, дегенмен бірқатар құбылыстарды (мысалы,
халықтың белгілі бір тобының белгілі бір уақытта белгілі бір этикалық көзқарастары
болатындығын) "түсіндіру" тұсында да, "баға беретін пікірді" (мысалы, іс жүзінде бар сол
этикалық көзқарастар жөнінде объективті "орайлы", сондықтан объективті дұрыс та
құнды көзқарастар деу) ол ұдайы пайдаланады. Көрсетілген аспектілердің бірде-бірінде
аталмыш терминнің қолданылуы ешқандай тұшымды нәтиже бермейді, өйткені ең
алдымен оның өзі тәпсірлеуге мұқтаж. Оның пайда болу саласы - биология. Егер оны
биологиялық мағынада, яғни жағдай таңған және адамдардың бір тобының айтарлықтай
көбею арқылы өзінің психофизикалық мұрасын сақтап қалуына белгілі бір мүмкіндігіне
жол беретін мағынада түсінсек, онда халықтар экономикалық жағынан ең гүлденген,
өздерінің тұрмыстық жағдайын бәрінен жақсы реттей алатын жіктері, туу туралы
статистикалық мәліметтер бойынша, "ең бейімделмеген" жіктер болып шығар еді.