Қазақстанның ашық кітапханасы
179
шырқырай серпіп тастайтын жанама нәтижелерге тәуелді ететін жаңа құралдарды қолдану
қажет болатын бір мәнді даму тенденциясын байқағандықтан, не оның ниеттерін іске
асыру мүмкін болмайтыны соншалық, оған жұмсалған күш-жігер оның табысқа жету
мүмкіндігімен салыстырғанда жай ғана "донкихоттық" болып көрінетіндіктен өзінің
практикалық позицияларын іске асыру мүмкіндігіне үміттен бас тартқан жөн емес пе
деген проблема ұдайы көлденеңдей береді. Алайда осындай азды-көпті орнықты "даму
тенденциясын" білудің тіпті де айрықша сипаты жоқ. Әрбір жаңа факт дәл осындай
ықтималдылық мөлшерімен қайтадан сол мақсат пен оны іске асыруға қажет құралдарды,
көкейдегі мақсат пен болмай қоймайтын жанама нәтижелерді салыстыру қажеттігіне
жетелей алады. Алайда мұның болуы тиіс пе және қандай практикалық нәтижелермен
болады деген сұрақ тек эмпириялық ғылымның ғана емес, өзіндік ерекшеліктеріне
қарамастан, жалпы ғылым атаулының барлығының мәселесі. Мәселен, мысалы, сенімі
кәміл синдикалистке оның қызметі әлеуметтік тұрғыдан "жай әурешілік" қана емес, яғни
оның пролетариаттың тұрмыс жағдайын өзгерте алмайтынын, ол-ол ма, қайта
"реакцияшыл" көңіл ауанын к күшейтетіндіктен, бұл қызмет пролетариаттың жағдайының
одан бетер нашарлауына сөзсіз жетелейтінін барынша анық дәлелдеп беруге болады, бірақ
осылардың барлығы, егер ол өз көзқарасының қисынды салдарларын шынымен толық
қабылдаған болса, онда оған ештеңені дәлелдемейді. Және де бұл тіпті де оның естен
айрылғандығынан емес, оның көзқарасы тұрғысынан "дұрыс" болуы мүмкін екендігінен.
Осыны түсіндіріп көрелік. Жалпы алғанда адамдар табысқа немесе табысқа жеткізеді-ау
дегенге іштей бейімделуге бір табан жақын тұрады, мұны олар өз құралдарында ғана емес
немесе өзінің негізгі мұраттарын іске асыруға тырысатын шамада ғана емес, - бұл өз-
өзінен белгілі нәрсе, - тіпті өз мұраттарынан бас тартып та істейді. Германияда бұндай
құндылықты "нақты саясат" деп асқақтата атау қажет деп біледі. Рас, неліктен нақ
эмпириялық ғылым өкілдері соны қолдау қажеттігін сезінетіні, сөйтіп, "даму
тенденцияларын" қол шапалақтап қарсы алатыны, сөйтіп оған "бейімделуді" рұқсат
етілген принципке айналдыратыны оншалықты түсінікті емес, өйткені бұл шындығына
келгенде әрбір адамның әрбір бөлек жағдайдағы ақтық таза жеке шешімі, оның
құндылықтың шешімінің проблемасы, оның ұжданының шаруасы болуға тиіс қой.
Табысты саясат дегеніміз қашанда "мүмкіндік шекарасын білу өнері" екендігі рас, егер,
әрине, мұны дұрыс түсінсек. Бірақ мүмкін нәрсеге соның шекарасынан шығып, мүмкін
еместің өрісіне кіру әрекеттерінің арқасында жиі-жиі қол жеткендігінің растығы да одан
кем емес. Өйткені, біздің мәдениетіміздің өзіндік ерекше қасиеттері, біздің бәріміз, орын
алып отырған айырмашылықтарға қарамастан (субъективті), тегінде, азды-көпті оң
бағалайтын қызметтері, сайып келгенде, конфуцийшілдіктің бюрократиялық моралі,
мүмкіндікке "бейімделудің" осынау шын мәніндегі дәйекті этикасына негізделмеген ғой.
Мен, қалай болғанда да ғылым үшін ұлтты қарекет ұдайы тек "табыс құндылығымен" ғана
емес, сонымен бірге "ішкі кәміл сенім құндылығымен" де байланысты екендігін түсінуден
жүйелі түрде құралақан қалдыруын қаламас едім. Оның үстіне, мұны түсінбеу болмысты
ұғынуға сөзсіз кедергі жасайды. Өйткені, синдикалист туралы мысалға қайта оралып,
мынаны айту керек: сын айта отырып, дәйекті болғандықтан "кәміл сенім құндылығын"
әман басшылыққа алатын құлықты "табыс құндылығымен" салыстыру тіпті таза
логикалық тұрғыдан мағынадан жұрдай нәрсе. Шынайы кәміл сенімді синдикалист өзіне
бағалы да қасиетті көрінетін белгілі бір көңіл күйін тек өзі үшін сақтап қалуды және сәті
түссе, басқалардың бойында оятуды қалайды ғой. Оның сыртқа бағытталған қарекеті,
және де нақ толық сәтсіздікке күн ілгері бұйырылған қарекеті сайып келгенде бір ғана
мақсатты: өзінің кәміл сенімінің шынайы екендігіне, яғни жай ғана кеудемсоқтық емес,
өзінің қарекетпен "қуатталуға" дәрмен жететіндігіне өзінің ұжданының алдында өз-өзіне
қайрат беруді көздейді. Бүл үшін, бәлкім, қарекет шынында да, бірден-бір құрал болар. Ал
қалғандарында - егер ол дәйекті болса - оның патшалығы жалпы кез-келген кәміл сенім