Қазақстанның ашық кітапханасы
178
ал екіншісінде - "ә" типті проблемалар туралы өрбиді. Сондықтан құндылықтар туралы
мұндай пікірталастар "мағынасыздықтан" тым алшақ жатыр және олар нақ өзінің
мақсаттары жағынан түсінілгенде, меніңше тек сонда ғана өте елеулі маңызға ие болады.
Практикалық құндылықтар туралы тиісті кезінде және қажетті мағынада өткізілген
пікірталастардың пайдасы олар жеткізетін тікелей "нәтижелерімен" тіпті де
тәмамдалмайды. Дұрыс жүргізілгенде олар эмпириялық зерттеулерге жемісті әсер етіп,
олар алдына жаңа проблемалар қояды.
Эмпириялық пәндерде проблемалардың қойылуына рас, "баға беретін пікірлерден
бостандық" ілесе жүруге тиіс. Бұл "құндылықтар проблемалары" емес. Алайда, біздің
пәндер өрісінде проблемалар нақты нәрсені құндылықтарға жатқызу нәтижесінде
қордаланады. Осы пікірдің маңызын түсіну үшін мен оқырманды өзімнің бұрынғы
айтқандарыма және ең алдымен Г. Риккерттің танымал еңбектеріне сілтеуге мәжбүрмін.
Бұл арала бәрін қайталау мүмкін емес. Құндылықтарға жатқызу" деген сөздер эмпириялық
зерттеу объектісін тандап, қалыптастыру барысында үстемдік ететін өзіндік ерекше
ғылыми "мүдденің" философиялық тәпсірінен басқа ештеңе еместігін еске сала кету
жеткілікті.
Осынау таза логикалық әдіс эмпириялық зерттеудегі эмпириялық практикалық баға беруді
"заңдастырмайды", алайда тарихи тәжірибемен ұштасқанда ол, тіпті таза эмпириялық
ғылыми зерттеуге мәдени, демек, құндылықтық мүдделер бағыт беретіндігін көрсетеді.
Осынау құндылықтық мүдделер өзінің бүкіл казуистикасында тек құндылықтар туралы
пікірталастар арқылы өрістей алатыны айдан анық. Бұндай пікірталастар ғылыми
қызметкер алдында, бірінші кезекте, тарихшы алдында тұрған "құндылықты тәпсірлеу"
міндетін жоя немесе елеулі дәрежеде жеңілдете алады, және оның өзінің эмпириялық
жұмысында алғашқы дайындықтың әбден маңызды сатысын құрайды.
Баға беру мен құндылыққа жатқызу арасындағы айырмашылық қана емес, баға беру мен
құндылықты тәпсірлеу (ал мұның өзі аталмыш құбылыс жөніндегі ықтимал мағыналық
"позицияларды" дамыту деген сөз) арасындағы айырмашылық та көбінде жеткілікті анық
жүргізілмейтіндіктен, соның салдарынан тарихтың логикалық мәнісінің маңызын анықтау
барысында бұлыңғырлықтар туындайтындықтан, аталмыш проблеманы түсіну үшін мен
оқырманды 88-беттегі және содан кейінгі беттердегі ескертулерге сілтеймін (айтпақшы,
оларды мәселенің ақыр-тақыр шешілуі деп санамасам да).
Осынау негізгі әдістемелік проблемаларды қайта қарастырып жату орнына мен біздің
ғылымның басқа да бірқатар практикалық маңызды мәселелеріне тоқталғым келеді.
"Даму тенденциясынан" практикалық баға беру үшін нұсқаулар шығуға тиіс немесе, бері
салғанда, шығаруға болады деген сенім әлі де кең таралған. Алайда, осынау "даму
тенденциялары" қаншалықты бір мәнді болса да, олардан қарекет үшін бір мәнді
императивтер ретінде, тіпті де позицияның өзін емес, тек аталмыш позиция тұсындағы ең
қолайлы құралдарды (рас, "құралдарды" сөздің мейлінше кең мағынасында түсіне
отырып) ұстанымның өзін емес, болжамданған ғана долбар шығаруға болады. Түпкілікті
мақсаты мемлекеттік өкімет мүдделері болып табылатын ең абзал құрал - аталмыш
жағдайға (салыстырмалы түрде) байланысты абсолютистік немесе радикалды-
демократиялық мемлекеттік құрылысты санауға тиіс болатын; және құрал ретінде бір яки
басқа мемлекеттік аппаратқа баға берудегі өзгерісті "түпкі" позицияның өзгеруі деп санау
тым оғаш болар еді.
Өз-өзінен белгілі тағы бір жайт - оны біз жоғарыда көрсеткенбіз - индивид алдынан не
оның ұмтылыстарын кейде инсанияттық немесе басқа бір тұрғыдан күмәнді, яки ол жаны