Қазақстанның ашық кітапханасы
177
қарсы сұрақтары өз мағынасы жағынан әйтеуір бір дәрежеде үйлеседі деп кесіп айта
алатын, оларды шынында да, үнемі естіп жүргеніміздей, "бір бірінен бөлуге" тіптен де
"болмайды" дейтін, осы соңғы пайымдау ғылыми ойлаудың талаптарына қайшы келмейді
дейтін адамдар табыла ма? Егер кімде кім аталған екі тап сұрақтары мүлдем гетерогенді
проблемалардың екеуінің біреуі туралы, содан кейін екіншісі туралы бір кітапта, бір
парақта бір синтаксистік бірліктің басты және қосымша шеңберінде пікірін білдіру мүмкін
деп білсе - бұл оның өз шаруасы. Одан бір ғана нәрсе - ол өзі де байқамай (немесе, мұндай
позицияның оғаштығын басшылыққа ала отырып, әдейі) аталған проблемалардың
мейлінше гетерогенділігі жөнінде өзінің оқырмандарын шатыстырмағаны талап етіледі.
Өз басым осындай жаңсақтықты түзететін тым педанттық" болып шығатын құрал дүниеде
жоқ деп ойлаймын.
Демек, практикалық бағалар туралы пікірталастың мағынасы (осы пікірталасқа
қатысушылардың өздері үшін) тек мынада бола алады:
а) қарама-қарсы пікірлерге негіз болатын іштей "дәйекті" соңғы құндылықты
аксиомаларды анықтап алу, өйткені қарсыластарының пікірі тұрмақ, өзінің пікірі жөнінде
де адасу едәуір жиі кездеседі. Бүл процедура өзінің мәнісі жағынан жалқы құнды пікірден
және оны мағыналық талдаудан басталып, барған сайын неғұрлым жоғары, неғұрлым
принципті кұндылықты позицияларға өрлеу процесі болып табылады. Бұл арада
эмпириялық ғылым құралдары қолданылмайды және фактылық білім берілмейді. Ол
логика дәрежесіндегідей "маңызды";
ә) баға беретін позиция үшін белгілі бір соңғы құндылықты аксиомалардан, егер соларды -
тек қана соларды - істің нақты жағдайын бағалау негізіне алғанда туындайтын
салдарларды" дедукциялау. Өзінің уәждеу тәсілі жағынан таза жалдаптық бүл процедура,
алайда, практикалық баға беруде жалпы қаперге алына алатын эмпириялық мәліметтер
жөніндегі өзінің мүмкіндігінше толық казуистикасында тәжірибе арқылы дәлелденген
нәрселермен байланысты;
б) нақты салдарларды белгілеу, олар 1) белгілі бір қажет құралдармен байланысты
болғандықтан; 2) әдейі болмай-ақ туындауы мүмкін жанама нәтижелердің салдарынан
әлдене проблемаға қатысты белгілі бір практикалық баға беруді жүзеге асыру кезінде
пайда болуға тиіс. Жоғарыда келтірілген таза эмпириялық ескертулерден мыналарды
шығаруға болады: 1) ең шамамен алынған, қандай да бір құндылық постулатын іске
асырудың мүлдем мүмкін еместігі, өйткені бүл үшін ықтимал жолдарды анықтау мүмкін
емес; 2) не аталған себептен, не постулатты іске асыруда жанама түрде алданыш
элементін тікелей немесе жанама түрде енгізе алатын жағымсыз жанама нәтижелердің
туындауы мүмкіндігінен аталмыш постулатты толық немесе тіпті ішінара іске асырудың
көбірек немесе азырақ дәрежеде миға қонбайтыны; 3) аталған практикалық постулаттың
жақтасы көздемеген, соның салдарынан мақсаттан, құралдардан және жанама
нәтижелерден туындайтын оның құндылықтық шешімі оның өзі үшін жаңа проблемаға
айналып, проблемаларға бұрынғы ықпалының күшінен айрылып қалатын құралдар мен
жанама нәтижелерді қаперге алу қажеттігі. Және де, ақыр соңында, осы аталған
пікірталастардың мағынасын анықтаудағы келесі тармақ болатын қажеттілік пайда болуы
мүмкін, ол:
в) әлдебір практикалық постулаттың жақтасы қаперге алмаған, оның тол постулатын іске
асыру солармен не принципті, не өзінің практикалық салдарлары бойынша, яғни
теориялық немесе практикалық жағынан байланысты болса да, оларға өзінің қатынасын
анықтамаған жаңа құндылықтық аксиомалар мен постулаттарды қорғау қажеттігі. Бұл
мәселені әрі қарай қарастыру барысында әңгіме бірінші жағдайда "а" типті проблемалар,