Қазақстанның ашық кітапханасы
176
жазатынындай, өз тағдырының, яғни өз қарекеттері мен өз болмысының таңдауын
жасайды. Сондықтан құндылықтар күресінің жақтастарына "релятивизмді", яғни оған
құндылықтар өрістерінің арасындағы қатынасты мүлдем кереғар түсінуге негізделген
және өзінің құрылымы жағынан тек ("органикалық") метафизика негізінде ғана тиісінше
(дәйекті) құрастырыла алатын тікелей қарама-қарсы дүниетанымды телитін түсінікте аса
терең қателік бар.
Біздің жайтқа қайта оралсақ, менің топшылауым бойынша, ешқандай күмәнсіз мынаны
анықтауға болады: практикалық саясат саласында (демек, экономика мен әлеуметтік
саясатта да), практикалық құнды қарекеттер үшін директива түзуге әңгіме болып отырған
шамада баға беру тұсында, эмпириялық ғылым өз құралдарымен тек 1) бұл үшін қажет
құралдарды, 2) жасалған қарекеттердің сөзсіз болатын жанама нәтижелерін және 3)
осыдан туындайтын мүмкін болатын әрқилы бағалар мен олардың практикалық
салдарлары арасындағы бәсекені анықтай алады. Философиялық ғылымдардың
құралдарымен, бұған қоса, осындай бағалардың "мағынасын", яғни олардың ақтық
мағыналық құрылымы мен олардың мағыналық салдарларын анықтауға; басқаша
айтқанда, барлық ықтимал "соңғы" құндылықтар қатарындағы олардың орнын көрсетуге
және олардың мағыналық маңыздылығы өрісіндегі шекараларды белгілеуге болады. Тіпті
былай қарағанда қарапайым сұрақтардың, мысалы, мақсат оған жету үшін қажетті
құралдарды қандай дәрежеде ақтай алады, немесе біздің қарекеттеріміздің біздің
тілектерімізден тәуелсіз түрде туындайтын жанама нәтижелеріне қандай шекке дейін
төзуге болады, яки қасақана немесе амалсыз мақсаттарды, оларды нақты іске асыру
барысында қақтығысатын жанжалдардан қалай құтылуға болады деген сұрақтардың
жауаптары - осының бәрі ешқандай ғылыми (ұтымды немесе эмпириялық) әдіс жоқ, және
біздің қатаң эмпириялық ғылым адамды осындай таңдаудан құтқаруға бәрінен кем
дәмелене алады, сондықтан оның да бұл құзырымда-мыс дейтін елес тудырмауы керек.
Және ақыр соңында, мынаны барынша байыпты атап көрсету қажет: біздің пәндеріміздегі
бұндай жағдайды мойындау жоғарыда біз өте қысқаша ғана нобайлаған аксиологиялық
пікірлерге қатынасқа ешбір тәуелді емес. Шындап келгенде, соны негізге алып отырып,
соны теріске шығаратын қисынды көзқарас жалпы жоқ қой, тек шіркеу догматтары
міндеттейтін құндылықтар иерархиясы арқылы ғана солай етуге болар. Менің білгім
келетіні, нақты фактының маңызы басқаша емес, нақ сондай, аталмыш жағдай басқаша
емес, неліктен осылайша қалыптасты, әдетте нақты даму процесінің ережесіне сәйкес
аталмыш жағдайдан кейін басқа жағдай ілесе келе ме және мұның ықтималдығының
дәрежесі қандай деген сұрақтар - өзінің мағынасы жағынан алғанда нақты жағдайда іс
жүзінде не істеу керек деген басқа бір сұрақтан түбегейлі өзгеше емес деп шынында да
кесіп айтатын адамдар табыла қоя ма? Мұндай жағдай қандай көзқарас тұрғысынан іс
жүзінде қалайтынымыз немесе қаламайтынымыз деп қабылданады? Жоғарыда аталып
өткен көзқарастарды тоқайластыруға болатын ортақ тұжырымға жол беретін - қандай
болса да - қағидалар (аксиомалар) бар ма? Бұдан әрі, басқа сұрақ: аталмыш нақты, іс
жүзіндегі жағдай (немесе неғұрлым жалпылама пошымда - белгілі бір қандай да бір
дәрежеде белгілі бір қанағаттанарлық типтегі) қандай бағытта ықтимал, және сол
ықтималдықтың қандай дәрежесімен, аталмыш бағытта дамитын болады (немесе әдетте
дамиды)? Және тағы бір сұрақ: белгілі бір жағдай белгілі бір бағытта - мейлі ол ең
ықтимал, тікелей қарама-қарсы немесе кез-келген басқа бағытта болсын - дамуына
жәрдемдесу керек пе? Ақыр соңында, мынадай сұрақ: кез-келген тұрпаттағы проблемаға
нақты жағдайларда белгілі бір адамдарда - немесе бірдей жағдайдағы адамдардың белгісіз
санында - қандай көзқарас қалыптасуы ықтимал (немесе сөзсіз)? Тағы да: осындай
ықтимал немесе сөзсіз қалыптасқан көзқарас дұрыс па? Әрбір топтың көрсетілген қарама-