Page 175 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
175
Басқа адамға тек құрал ретінде қарайтын, этикалық жағынан қолайсыз осынау қатынасқа
позитивті не нәрсе қарсы қойылатынын әйтеуір бір амалмен анықтауға еш мүмкіндік
бермейтін теріс тұжырымдалуында Кант этикасының қағидасы, тегінде, мына сәттерді
қамтитын секілді:
1) этикадан тыс дербес өрістерді мойындау; 2) солардан этикалық өрісті бөліп алу және
ақыр соңында; 3) этикадан тыс құндылықтарға бағындырылған қарекеттер, соған
қарамастан, өзінің - этикалық қадір-қасиеті жағынан әрқилы бола алатынын - және қай
мағынада - анықтау. Шынында басқа адамға "тек құрал ретінде" қарауға жол беретін
немесе сондай қатынасты міндеттейтін құндылықтар өрісі этикаға гетерогенді. Бұл арада
біз бұған көбірек тоқтала алмаймыз. Бір нәрсе, атап айтқанда тіпті осындай, соншалық
абстрактылы этикалық қағиданың "пошымдық" сипаты қарекет мазмұнына немқұрайды
қарай алмайды. Бұдан әрі проблема неғұрлым күрделі бола түседі. Белгілі бір көзқарас
тұрғысынан алғанда "тек қана нәпсі" деген сөздермен берілген жағымсыз предикат
күпірлік деп, өмірдегі ең шынайы да нағыз нәрсені, бірден-бір яки, бері салғанда, бізді
кісілік немесе кісіден жоғары, сондықтан өмірге жау "құндылықтар" механизмінен,
күнделікті күйбеңнің жансыз гранитіне матаулылықтың "берілген" нақтылықсыздықтың
дәмегөйлігінен алып шығатын сара жолды мансұқтау деп қарастырыла алады. Мысалы,
осынау түсінудің мынадай тұжырымдамасын ойша елестетуге болады, ол (бәрінен
ықтималдысы, ол тұжырымдама өзі көздейтін бастан кешірудің барынша нақтылығын сөз
еткенде, "құндылық" деген сөзді қолдануға дейін кішірейе қоймас) қасиеттілік пен
мейірімділіктің кез-келген көрінісіне этикалық және эстетикалық заңдарға, мәдени
маңыздылық пен жеке баға беруге бірдей дәрежеде жат та дұшпан, бірақ, соған
қарамастан, әрі нақ сондықтан өзінің, сөздің ең толық мағынасында "имманентті" қадір-
қасиетінен дәмегөй өрісті құрастыратын болар. Бұндай дәмегөйлікке біз қалай қарасақ та,
"ғылымның" құралдарымен оның ақталуы да, "теріске шығарылуы" да мүмкін еместігі
айдан анық.
Осы саладағы жағдайды кез-келген эмпириялық зерттеу, Милль қария ескерткеніндей, бұл
арадағы ең жөндем метафизика абсолютті политеизм екендігін мойындауға сөзсіз алып
келеді. Егер де ондай зерттеу эмпириялық емес, тәпсірлеуші сипатта болса, яғни
құндылықтардың шынайы философиясына қатысты болса, онда ол "құндылықтардың"
тіпті ең үздік ұғымдық схемасының өзі шешуші фактылық сәттерді толық бейнелей
алмайды деген қорытындыға келмей тұра алмайды. Құндылықтардың қақтығысы барлық
жерде баламаға емес, қайта "Құдай" мен "ібіліс" күресі сияқты бітпейтін жанкешті күреске
жетелейді. Бүл арада, әрине, оз мағынасы бойынша, релятивациялауға да, ымыраға да
орын жоқ. Іс жүзінде, яғни өзінің бүкіл көрінісі бойынша, ымыра бар, мұны өз
тәжірибесінен, және де әрбір басқан қадамынан әрбір адам біледі. Адамдар өздері үшін
маңызды белгілі бір позицияны ұстанатын барлық дерлік нақты жағдайларда
құндылықтар өрісі мидай араласып, қиылысып жатады ғой. Сөздің ең төте
мағынасындағы "күнделікті күйбең" жасайтын түзету мынада: өзінің үйреншікті өмірінде
адам бір-бірімен хас дұшпан құндылықтардың бұлайша, ішінара психологиялық, ішінара
прагматикалық себептерден өрбитін араласуын түсіне де бермейді; ең алдымен ол "Құдай"
мен "ібіліс" арасында таңдау жасау қажеттігінен, осынау тайталасушы құндылықтардың
қайсысын "құдіреттік", қайсысын "сайтандық" өрісіне жатқызатындығы жөніндегі соңғы
шешімінен алыстап бара жатқанын түсінгісі де келмейді.
Таным дарағының тыныш ағысын бұзатын, бірақ енді одан аластатыла да алмайтын
жемісі бір ғана нәрсені білдіреді: осынау қарама-қарсылықтар туралы білу қажеттігі,
демек, әрбір маңызды қадам мен бүкіл ғұмыр біртүтас нәрсе ретінде - егер, әрине, оны
табиғат құбылысы деп қабылдап, сайран салып жүре бермей, саналы түрде құрсақ - түсіну
қажеттігі - соңғы шешімдердің тізбегін құрайды, солар арқылы жан, Платон