Page 174 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
174
белгілі бір институциялық, яғни "саяси-әлеуметтік" проблемаларды жатқызу керек).
Мұның үстіне, этика "маңыздылыққа" ие жалғыз өріс емес, ойымен катар басқа да
құндылықтар өрістері бар, және ол құндылықтарды тек этикалық мағынадағы "кінәні" өз
мойнына алатын адам ғана іске асыра алады. Бұған ең алдымен саяси қызмет өрісі
жатады. Саяси пиғылдар этиканың талаптарына жиі-жиі кереғар шығатындығын терістеу
маған жасықтық болып көрінеді. Алайда "жеке бас" моралі мен "саяси" моральді әдеттегі
қарама-қарсы қоюға кереғар бұл тіпті де тек саясатты ғана сипаттамайды. Этиканың
жоғарыда келтірілген бірнеше "шекараларына" тоқталып өтейік.
Бірде-бір этика анық шеше алмайтын мәселелер қатарына "әділеттілік" постулатының
салдарлары жатады. Мысалы (тегінде, кезінде Шмоллер айтқан көзқарасқа бәрінен
жақыны осы болар), кім көп нәрсе істейтін болса, соған біз көп қарыздармыз, немесе,
керісінше, көп істей алатын адамнан көп нәрсе талап ету керек деп санау керек пе;
басқаша айтар болсақ, әділеттілік үшін (себебі "ынталандыру" сынды басқа пиғылдар бүл
арада аласталуға тиіс) ірі талантқа зор мүмкіндіктер беру немесе, керісінше (Бабёф
топшылайтынындай), рухани игіліктердің тең бөлінбеуінен туындайтын әділетсіздікті
талант - оған не болудың өзі беделділікті сезіну қуанышын береді - өзінің зор
мүмкіндіктерін өз мүддесіне пайдаланбауын (бұған этикалық сипаттағы ойлармен жол
берілмеуге тиіс) қатаң қадағалау арқылы жоюға ұмтылу керек пе. Айта кету керек, саяси-
әлеуметтік мәселелердің көпшілігінің этикалық проблематикасы осындай.
Алайда, индивидуалдық қызмет саласында да этиканың өзіндік ерекше негізгі
проблемалары бар, оларды этика өзінің тол алғышарттарына сүйеніп шеше алмайды. Ең
алдымен, бұған мынадай іргелі сұрақ жатады: этикалық қарекеттің құндылығы (оны
әдетте "таза ырық" немесе "ниеттену" деп атайды) өздігінен ол христиан этикасында
"Христиандар адалын істейді, ал қалғандарында Құдайдан үміттенеді" деп
тұжырымдайтын максимаға сәйкес, сол қарекетті ақтай ала ма, әлде, өзі сол қарекеттер
этикалық тұрғыдан иррационалды дүниеде жасалатындығынан туындайтын топшыланған,
мүмкін немесе ықтимал зардаптарды қаперге алу керек пе? Әлеуметтік өрісте бірінші
постулатқа қашанда радикалды, революциялық саяси бағыттың, ең алдымен
"синдикализм" дейтіннің жақтастары; екіншісіне "нақты саясаттың" барлық өкілдері
сүйенеді. Бұлардың екеуі де бүл орайда этикалық максималарға сілтеме жасайды. Ал бұл
екі арада сол максималар өз шекарасымен тұйықталған этиканың құралдарымен шешіле
алмайтын ұдайы дүрдараздықта болады.
Аталған максималардың екеуі де қатаң "пошымдық" сипатта болады және бұл тұрғыдан
"Практикалық парасатты сынаудың" белгілі аксиомаларына ұқсас.
Канттың сыншыл аксиомаларының көрсетілген қасиеттері коп адамдарды олар адами
қарекеттерді бағалау үшін жалпы мазмұнды нұсқау бермейді деп санауға мәжбүр етеді. Ал
шынтуайтына келгенде, жоғарыда көрсетілгеніндей, бұл ақиқатқа мүлдем сәйкес емес.
"Саясаттан" тым шалғай бір мысал келтірелік, оның көмегімен, бәлкім, Кант этикасының
осынау атышулы "таза пошымдық" сипатының мағынасы неде екендігін көрсетудің сәті
түсер. Әлдебір еркек өзінің әйелмен эротикалық байланысы жайлы былай дейді:
"Бастапқыда біздің қатынасымыздың негізінде тек нәпсі жатқан еді, енді олар біз үшін
құндылыққа айналды". Кант этикасының асқан объективтілігі шеңберінде келтірілген
пікірдің бірінші бөлігі былайша айтылар еді: "Бастапқыда біз бір-біріміз үшін тек құрал
болдық", ал бүкіл тіркесті таза тарихи жайттан туындаған "индивидуализмнің" көрінісі
деп санау қабылданған белгілі принциптің жеке оқиғасы ретінде қарастыруға болады, ал
шындығына келгенде, бүл - этикалық мазмұнның қисапсыз сан алуандығын кемеңгер
тұжырымдау, оны тек дұрыс түсіну қажет.