Page 173 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
173
негізінде қандай практикалық сарындар жатқанын, қытайлар астрономияны қалай оқып-
зерттегенін, олар қандай нәтижелерге және қандай себептермен жеткенін көрсету әрекеті
ғана бола алады, бұл Рим агрименсорларының немесе Флоренция банкирлерінің әдістері
(соңғы жағдайда - көбіне-көп айтарлықтай мұраларды болу кезінде) жиі-жиі
тригонометриямен немесе көбейту кестесімен үйлеспейтін нәтижелерге соқтырып
отырған фактысын анықтау олардың маңыздылығы туралы пікір-талас негізгі бола
алмайтыны секілді. Белгілі бір баға беретін позицияны оның индивидуалдық, әлеуметтік
немесе саяси себептерден туындауы аспектісінде эмпириялық-психологиялық және
тарихи зерттеу бір ғана нәрсені: оны түсіне отырып, түсіндіру дегенді бере алады. Әрі бұл
аз емес. Осылайша қол жететін басқаның (расында да басқаның яки солай болып
көрінетіннің) пікіріне "әділірек" болуға мүмкіндік беретін таза жекелік сипаттағы екінші
қатардағы (ғылыми емес) нәтиженің салдарынан ғана емес. Айтылған нәрсе ғылыми
тұрғыдан да төтенше маңызды. Біріншіден, адамдар құлқындағы эмпиристік каузалдықты
зерттеуде бұл олардың шын соңғы сарындарына бойлауға мүмкіндік береді. Екіншіден,
әрқилы (расында да өзге яки солай болып көрінетін) баға беретін пікірлері естіліп
жататын пікірталастарда бүл тараптардың шын құндылық позицияларын түсінуге
көмектеседі. Құндылықты сипаттағы пікірталастың шынайы мағынасы менің
қарсыласымның (әрі өзімнің де) не айтпағын, яғни екі жақтың да алдамшы емес, шын
елеулі құндылықтарын ұғынып алуда, және сол арқылы белгілі бір құндылықтық позиция
ұстануда ғой. Демек, эмпириялық зерттеулерде "баға беретін пікірлерден азаттық" талабы
тіпті де бұл тақырыптағы пікірталастар тұл немесе тіпті мағынасыз деген сөз емес;
керісінше, олардың шынайы мәнін түсіну бұл тектес барлық пайдалы талқылаулардың
алғышарты қызметін атқарады. Олар басты баға беруде принципті де еңсерілмес
ауытқулардың болу мүмкіндігіне күні бұрын жол береді. Сонымен бірге "бәрін түсіну"
тіпті де "бәрін кешіру" деген сөз емес және, жалпы басқаның көзқарасын түсіну оны
ақтауға тіпті де жетелей бермейді. Керісінше, дәл сондай, жиі-жиі одан көбірек
ықтималдылықпен ол неліктен және не мәселеде келісімнің бола алмайтындығын айқын
ұғынуға жетелейді. Алайда сондай ұғыну дегеніңіз ақиқатты ұғыну деген соз,
"құндылықтар туралы пікірталастар" да сол үшін жүргізіледі. Сөз жоқ, бұл - қандай да бір
нормативтік этикаға бастайтын (ол қарама-қарсы бағытта жүреді) немесе жалпы
"императивке" бастайтын жол емес. Бұндай пікір-таластардың "релятивистік" ықпалы
(бері салғанда, солай көрінетін) қайта мақсатты жүзеге асыруды қиындатады. Мұнымен
біз, әрине, сондықтан олардан тіпті де қашқалақтау керек демек емеспіз. Керісінше, егер
"этикалық" көзқарастар басқа құндылықтарды психологиялық "түсіну" салдарынан өзінің
күшінен айрылып қалар болса, онда оның, біздің жиі байқап жүргеніміздей, ғылыми
білімнің дамуымен аластатылатын діни түсініктерден артық болмағандығы. Ақыр
соңында, Шмоллер эмпириялық пәндердегі "баға беретін пікірлерден бостандықтың"
жақтастары тек "пошымдық" этикалық ақиқаттарды (сірә, практикалық парасатты сынау
рухында болар) ғана мойындайды деп санайтындықтан, бұл мәселенің тақырыбымызға
тікелей қатысы болмаса да, біздің соған қысқаша тоқталып өтуімізге тура келеді.
Ең
алдымен
Шмоллер
теориясындағы
этикалық
императивтерді
"мәдени
құндылықтармен", соның ішінде ең асқақтарымен шендестіруді теріске шығару керек.
Тіпті қандай да болсын этикамен еңсерілмес, бітіспес талас-тартыстағы мәдени
құндылықтар "берілген" көзқарасты елестетуге болады. Және керісінше, барлық мәдени
құндылықтарды жоққа шығаратын этика іштей кереғар болмауы мүмкін. Бері салғанда,
құндылықтардың осынау екі өрісі ұқсас еместігі айдан анық. "Пошымдық" қағидаларда,
мысалы Канттың этикасының сондай қағидаларында мазмұндық сипаттағы нұсқаулар жоқ
дегендей пікір дәл соншалық ауыр (және кеңінен таралған) адасу болып табылады.
Нормативтік этиканың мүмкіндігіне күмән келтірілмейтіні, өздігінен анық шешімін бере
алмайтын практикалық проблемалардың бар екендігінен (оларға өзіндік ерекшелігі бар