Қазақстанның ашық кітапханасы
172
мағынада негіз етіп алатын баға "факт" ретінде қабылданбайды және ғылыми сын
объектісі бола алады. Егер бүл түсінілмесе, онда барлық қалған түсіндіру текке кетеді.
Анығын айтқанда: практикалық, әсіресе этикалық бағалар нормативтік абыройдан қай
шамада дәмете алады, мысалы, қыздардың ақсарысы дұрыс па әлде қараторысы дұрыс па
деген сұрақтан немесе сол сияқты басқа да талғамдық пікірлерден өзінің сипаты бойынша
қай шамада өзгешелене алады деген мәселе де пікірталас тақырыбы бола алмайды. Бұл -
эмпириялық пәндер әдістемесінің емес, аксиологияның проблемалары. Эмпириялық
пәндер әдістемесі үшін практикалық бар гәп тек мынада: бір жағынан, практикалық
императивтердің норма ретіндегі маңыздылығы, екінші жағынан эмпириялық фактыларды
анықтаудағы ақиқаттың маңыздылығы мүлдем гетерогендік проблематика аясында
жатыр; егер мұны түсінбей, көрсетілген екі өрісті біріктіру әрекеті жасалса, онда олардың
әрқайсысының өзіндік ерекше абыройына нұқсан келтіріледі. Бүл, меніңше, профессор
Шмоллердің еңбегінде әсіресе күшті дәрежеде көрінді. Біздің атақты ғалымымызға деген
құрмет маған оның тұжырымдамасындағы мен онымен келісе алмайтын нәрсені айтпай
кетуге мүмкіндік бермейді.
Ең алдымен, мен "баға беретін пікірлерден азаттық" жақтастарының тарихта да,
индивидуалдық шешім тұсында да баға беретін маңызды позициялардағы ауытқу
фактысының өзінен, мысалы, этиканың, "субъективті" сипатын сөзсіз көретіндігінің
айғағы-мыс деген пікірді теріске шығару қажет деп санаймын. Эмпириялық фактылар да
көбіне қызу таластар туғызады, және мына бір адамды залым деп есептеу керек пе деген
пікір (нақ мамандардың) бүлінген қолжазбаны тәпсірлеу туралы келісуінен бірқатар
жағдайларда анағұрлым бірауызды шешіледі. Шмоллердің барлық діндердің шарттық
жақындасуының және адамдардың практикалық баға берудің негізгі мәселелерінде
жақындасуының өсе түскені туралы кесімді пікірі менің алған әсеріме күрт кереғар.
Айтпақшы, бұның іске тікелей қатысы жоқ. Бері салғанда, бірқатар тіпті кеңінен таралған
бола беретін - практикалық позициялардың конвенционалдық арқылы жасалған осындай
іс жүзіндегі анықтылығының болуы ғалымды қанағаттандыра алатындығын теріске
шығару керек.
Ғылымның өзіндік ерекше қызметі, меніңше, соған қарама-қарсы нәрседе: нақ
конвенционалдық өз-өзінен белгілі нәрсе ол үшін проблема болып табылады. Кезінде
Шмоллер мен оның достарының өздері осыған сүйеніп еді ғой. Одан әрі, іс жүзінде орын
алған этикалық және діни кәміл сенімдердің шаруашылық өмірге каузалдық ықпалы
бірқатар жағдайларда зерттелгені, көбіне-көп жоғары бағаланғаны белгілі, сондықтан да,
бәлкім зор каузалдық ықпал жасаған сол кәміл сенімдерді қостау немесе тіпті тек "құнды"
санау керек деген сөз болмауға тиіс. Және керісінше, қандай да бір этикалық немесе діни
идеяның жоғары құндылығын мойындау тіпті де доп сондай позитивті предикат сол
идеяны жүзеге асыру апарып соқтырған немесе апарып соқтыруы мүмкін болған, әдеттен
тыс салдарларға да таралады деген соз емес. Мұндай мәселелер фактыларды белгілеу
арқылы шешілмейді; бұл арада әрбір адам оз пікірін өзінің діни әлде қандай да бір басқа
практикалық баға беруіне қарай айтады. Бұның бәрінің біз талқылап жатқан мәселеге
ешқандай қатысы жоқ. Мен басқа бір нәрсені, атап айтқанда, этика проблемаларымен
айналысатын, "яғни" адамдардың белгілі бір тобының өмір сүру жағдайының сонда
үстемдік ететін этикалық көзқарастарға ықпалын, ал сол этикалық көзқарастардың оз
кезегінде - сол адамдардың өмір сүру жағдайына нақты ықпалын анықтайтын "реалистік"
ғылым, сондай бір ғылым оз кезегінде нені маңызды деп санау керектігінің қандай да бір
анықтамасын бере алатын "этика" жасайды-мыс деген түсінікті үзілді-кесілді жоққа
шығарамын. Бұл қытайлардың астрономиялық түсініктерін "шыншыл" баяндап беру
арқылы олардың астрономиясы дұрыс па дегенді анықтау мүмкін еместігі секілді мүмкін
емес нәрсе; бұндай баяндаудың мақсаты тек осынау астрономиялық ізденістердің