Page 171 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
171
қолданыла алады. Нормативтік ғылымдар да, эмпириялық ғылымдар да саяси
қайраткерлерге және бәсекелес партияларға бір ғана баға жетпес қызмет көрсете алады,
атап айтқанда: 1) аталмыш практикалық проблеманы шешу үшін қандай "соңғы"
позициялар орынды екенін көрсету және 2) түрлі позициялар арасында таңдау жасағанда
санасуға тура келетін істің нақты жағдайын сипаттап беру. Сонымен біз өз проблемамызға
таядық.
"Баға беретін пікір" терминімен терең әбестік байланысты, таза терминологиялық және
сондықтан істің мәнісін түсінуге ешбір жәрдемі жоқ, мүлдем тұл талас туындатты. Айтып
өткеніміздей, біздің пәндер шеңберінде әңгіме әлеуметтік фактыларға практикалық баға
беру туралы болып отырғанын, олар этикалық, мәдени немесе қандай да бір басқа
көзқарас тұрғысынан қалайтын немесе қаламайтын ретінде болып қарастырылатынын еш
ұмытпау керек. Сөйте тұра, осы тақырыпқа айтылған нәрсенің бәріне қарамастан,
бірқатар зерттеушілер, бізбен "дауласа" отырып, ғылымға нәтижелер қажеттігін баптай
айтады, олар: 1) "бағалы", яғни логикалық жағынан да, фактылық жағынан да дұрыс деп
бағаланған нәтижелер және 2) құнды, яғни өзінің ғылыми мәні жағынан маңызды, және
материал таңдаудың өзінде "баға беру" сәті бар нәтижелер. Ара-тұра мынадай
таңқаларлық әбестік те кездесіп отырды: біз адамдардың "субъективті" бағасы
эмпириялық ғылымның объектісі бола алмайды деп кесіп айтыппыз (шындығында
әлеуметтану, ал саяси экономия саласында барынша пайдалылық теориясы түгелімен
қарама-қарсы алғышартқа сүйенеді). Ал бүл арада әңгіме тек зерттеуші гетерогенді
проблемалардың екі тобын: бір жағынан, эмпириялық фактыларды (зерттеуші
эмпириялық жолмен зерттеген адамдардың ол анықтаған "баға беру" позициясын қоса)
анықтау, екінші жағынан, өзінің жеке практикалық бағасын, яғни сол фактылар туралы
(соның ішінде эмпиристік зерттеу объектісіне айналдырылған адамдар "берген баға"
туралы да) өзінің жеке пікірін, оларды қажет немесе қажетсіз деп қарастыратын, яғни бүл
мағынада баға беретін пікірін анық бөліп алсын дегенге саятын әбден таптаурын талап
туралы ғана болып отыр. Тұтас алғанда байыпты бір жұмыстың авторы: зерттеуші өзінің
жеке бағасын да "факт" ретінде қабылдап. одан тиісті қорытынды шығаруы мүмкін ғой
деп жазады. Осы ойды білдіру пошымы апарып соқтыратын қателік қаншалықты даусыз
болса, бұл ойдың даусыздығы да соншалық. Әрине, пікірталас басталмай тұрып, мысалы,
белгілі бір практикалық шара, айталық, әскерді күшейту жөніндегі шығындарды дәулетті
таптар жабады деген келісімге келуге болады, мұндай келісімді пікір-таластың
"алғышарты" деп қарастырып, оны іске асыру құралдарын ғана талқылауға болады. Кей
жағдайларда бүл орынды. Алайда мұндай кеңесіп қабылданған практикалық ниет "факт"
деп емес, "априори (күнілгері) қойылған мақсат" деп аталады. Оның "фактыдан"
өзгешелігі мәнісі жағынан да іске асыру "құралдарын" талқылау барысында тез арада
анықтала кетеді - талқылауға жатпайтын нәрсе ретінде "күнілгері" қойылған "мақсат",
мысалы, сигара тарту жөніндегі шешім секілді, нақты нәрсе болып шықпаса. Айтпақшы,
мұндай жағдайда құралдар жөніндегі пікірталастың да керегі бола қоймас. Бірлесіп
тұжырымдалған ниеттің барлық жағдайларында, мәселен жоғарыда келтірілген мысалда,
құралдар жөніндегі пікірталас барысында бір ғана мәні бар секілді көрінетін мақсатты
жекелеген адамдардың түсінуі қаншалықты әрқилы екендігі айдан анық болып шыға
келеді. Бірқатар жағдайларда мүлдем бірдей мақсатты көздеу сондай-ақ барынша әрқилы
сарындармен байланысты болып шығуы мүмкін, мұның өзі оны іске асыру құралдары
ішіндегі пікірталасқа да ықпал етеді. Алайда бүл мәселені қоя тұралық. Өйткені белгілі
бір ортақ мақсатқа сүйеніп, оны іске асыру құралдары жайында дауласуға болатындығы
және мұндай пікірталастың таза эмпириялық сипатта болатындығына қарсы шығу әлі
ешкімнің миына кіріп-шыққан емес қой. Бірақ орталық проблема нақ мақсат таңдауда ғой
(тек сол мақсат үшін "құрал" таңдауда емес), демек, жеке индивид өз таңдауына қай