Қазақстанның ашық кітапханасы
170
эмпиристік ғылымдарда баға берудің таза логикалық анықтамасымен ұқсастыруға
болмайды. Бұл төл логикалық проблема бойынша пікірталасқа зиян тигізер еді, ол
проблеманың шешімі өздігінен алғанда аталмыш мәселемен байланысты емес және тек
толық айқындық пен гетерогендік проблемаларды лектордың анық бөліп көрсетуін қажет
ететін таза логикалық талапқа жауап береді.
Мен бір жағынан эмпириялық зерттеуді, екінші жағынан - практикалық баға беруді
ажырату "қиын" ба деген сұрақ туралы талас туғызудың қажеттігін көріп тұрған жоқпын.
Бүл шынында да қиын. Біздің бәріміз, соның ішінде аталмыш талапты көлденең тартып
отырған мақала авторы да, мұндай қиындыққа ұдайы тап боламыз. Алайда саяси
экономиядағы "этикалық бағыт" дейтіннің жақтастарының инсаният заңының да
орындалмайтынын, бірақ соған қарамастан оның бізге "қойылғанын" біліп қойғаны абзал
болар еді. Егер өз ұжданымызға жүгінсек, онда, бәлкім, постулаттан таймау бәрінен
бұрын біз баға берудің осынау соншалық қызық өрісіне бойлау мүмкіндігінен, мұның
үстіне ол "төл ауанның" енгізілуімен ынталандырылатындықтан, қинала бас
тартатынымыздан қиын екені айдан анық болып шығар. Әрбір оқытушы, әрине, ол төл
"мойындауға" жүгінген бойда студенттердің жүзі нұрланып, олардың ықыласы қаншалық
арта түсетінін, және студенттер сондай "мойындаулар" жасалатындығынан дәметсе, өзінің
лекцияларын тыңдаушылар санының қаншалық ұлғаятынын біледі. Сондай-ақ
университеттерде орын алып отырған, лекцияларға қатысуға байланысты бәсекелестік
жағдайында көбіне-көп байыпты ғалымға емес, лекциялары аудитория толы жағдайда
өтетіні ең бір түкке тұрмайтын сәуегейге артықшылық берілетіні белгілі, тек бүл
сәуегейлік орып алып отырған саяси немесе шарттық талаптардан алшақ ауа жайылмасын.
Тек баға беруден өтірік бостан материалдық мүдде пайғамбары ғана көрсетілген
фактордың саяси күштерге тікелей ықпалының арқасында өзінің мүмкіндігі жағынан одан
да асып түседі. Мен мұның бәрін едәуір өкінішті нәрсе деп білемін және лекциялардан
практикалық баға берудің көзін құрту талабы "ұсақ" нәрсе, ол лекцияларды "іш
пыстыратын" нәрсе етеді дегенмен келісе алмаймын. Арнаулы эмпиристік ғылымдар
бойынша лекциялар ең алдымен "қызықты" болуына ұмтылу керек пе деген тұрақты
былай қоя тұрып, лекцияларға жеке сипаттағы пікірлерді енгізу арқасында қол
жеткізілетін аста-төк қызығушылық студенттердің байыпты сабақтарға талғамын ұзақ
уақытқа мұқалта алады деген қаупімді айту қажет деп санаймын.
Жақсы мәлім схема - "фактыларды сөйлеуге мәжбүр ету" көмегімен нақ практикалық
бағалар беруді аластау сыңайы, сол баға беруді суггестивті енгізеді деген пікірді дауға
салу қажет деп санамаймын және сол пікірге толығымен қосыламын. Біздің ең үздік
ділмарларымыз өздерінің парламенттегі және сайлау науқаны барысындағы сөздерін нақ
солай - олардың мақсаттары үшін әбден заңды - құрады ғой. Мұндай әдістерді
университеттегі сабақ беруде қолдану жоғарыда аталған, өрістерді саралап алу көзқарасы
тұрғысынан мүлдем жол беруге болмайтын қиянат екендігін көрсетіп жатудың қажеті
бола қояр ма екен. Алайда егер қырбайлық көріністері талапты орындау сыңайын ақиқат
деп көрсетуге жетелейтін болса, онда бүл әлі талаптың өзіне күмән келтіруге негіз емес.
Ол мынаған саяды: егер оқытушы өзінің лекцияларында практикалық баға беруден бас
тарта алмайтын болса, онда ол мұны өзінің тыңдармандары үшін де, өзі үшін де әбден
айдан анық етіп алуға міндетті.
Ғылыми "объективтілікке" бастайтын жол түрлі бағаларды салыстыру және олардың
арасында қандай да бір "дипломатиялық" мәміле орнату арқылы өтеді-міс деген едәуір кең
таралған пікірмен үзілді-кесілді күресу керек. "Орта" жол эмпириялық ғылымдардың
құралдарымен, "ең шетін бағалар" секілді, тек мүлдем дәлелденбейтін нәрсе ғана емес,
баға беретін пікірлер өрісінде нормативтік жағынан бір мәнділігі ең аз нәрсе. Бұл әдіске
кафедрада орын жоқ, ол саяси бағдарламаларда, кеңсе немесе парламент қабырғасында