Қазақстанның ашық кітапханасы
169
Менің пікірім бойынша, кафедрадан баға беретін пікірлерді айту құқығын талап ету
принципінде оны барлық партиялар жақтастары пайдалана алатын болғанда ғана дәйекті
бола алар еді . Ал бізде бұл талаппен әдетте барлық (оның ішінде "ең шеткерілерінің" де)
бағыттардың бірдей өкілдігі принципіне қарама-қарсы бірдеңе ұштастырылады. Мәселен,
Шмоллер үшін, оның жеке көзқарасы бойынша, әрине, ол "марксистер мен Манчестер
мектебінің өкілдері" университет кафедраларына ие бола алмайды деп мәлімдегенінде, өте
орынды айттым деп есептейді. Дегенмен де ол нақ осы бағыттар ғалымдарының ғылыми
еңбектерін елемей қою үшін жеткілікті әділетті болғанымен, әбден-ақ дәйекті болатын.
Алайда бүл арада мен біздің аса құрметті мэтрмен тіпті де келісе алмаймын. Кафедрадан
баға беретін пікірлер айту құқығын талап ете тұрып, бір мезгілде, осы талаптан тиісті
қорытынды шығаруға келгенде университет - "мемлекеттік іске адал" шенеуніктер
даярлауға арналған мемлекеттік мекеме деп көрсетуге болмайды. Бұлай түсінгенде,
университет "кәсіптік оқыту мектебіне" емес (бұл дегеніңіз бірқатар оқытушылар үшін
сұмдық азғындау болып көрінеді), тек діни реңксіз "рухани семинарияға" айналып кетер
еді. Бірқатар жағдайларда шектеулер таза "қисындық" пайымдаулармен енгізілді.
Мәселен, біздің ең танымал заңгерлеріміздің бірі социалистерді профессура қатарынан
шығаруға қарсы екендігін білдіре келіп, құқық кафедрасын "анархистің" қарамағына
беруді өзінің де мүмкін емес деп санайтынын білдірді, өйткені, дейді ол, анархистер
құқықтың маңыздылығының өзін жалпы жоққа шығарады, оған бүл уәж бұлтартпастай
болып көрінеді. Мен бұған тікелей қарама-қарсы пікірдемін. Анархист, сөз жоқ, құқықтың
шын білгірі бола алады. Егер де ол сондай болса, онда оның бізге соншалықты үйреншікті
шарттылықтар мен алғышарттардан тысқары тұрған "архимедтік нүктесі", ол өзінің
объективті кәміл сенімінің (егер ол шынайы болса) пәрменімен қала беретін нүктесі оның
күшіндегі құқықтың негізгі қағидаларынан, олар өздеріне тым үйреншікті адамдар байқай
қоймайтын проблематиканы оның аңғаруына мүмкіншілік береді. Өйткені түбегейлі
күмән - білім бұлағы. Дәрігердің міндетіне барлық жағдайларда ғұмырды ұзартуға
талпыну керектігін "көрсету" жатпайтындығы секілді, дәл сол дәрежеде заңгердің де
міндетіне тіршілік етуі "құқықтың" күшінде болуымен байланысты мәдени игіліктердің
құндылығын "дәлелдеу" жатпайды. Мұның үстіне, заңгер де, дәрігер де өз қолындағы
құралдармен оны жасауға дәрменсіз. Егер де мақсат кафедраны практикалық
құндылықтарды талқылау орнына айналдыру болса, онда төте парыз аудиторияда нақ ең
принципті мәселелерді барынша әрқилы көзқарастар тұрғысынан ешбір шектеусіз, еркін
қарастыру құқығын беру болар еді. Бүл мүмкін бе? Қазіргі кезде саяси пиғылдар
пәрменімен неміс университеттерінің жүргізуінен практикалық саясаттың ең елеулі де
маңызды құндылықтық проблемалары алып жойылды. Ұлт мүддесін оның нақты
институттарының бірін қалдырмай бәрінен жоғары қоятын адам үшін өзінің маңызы
жағынан ең басты мәселе, мысалы, Германиядағы монархтың жағдайы туралы бүгіндері
үстем болып тұрған пікір ұлттың ғаламдық мүдделерімен және сол мүдделермен
байланыстырыла қарастырылатын соғыс пен дипломатия сынды құралдармен ауыл-үй
қона ма деген сұрақ. Және тіпті де жаман патриот саналмайтындар мен монархияның
жақтастарының өзі бұл сұраққа қазір теріс жауап беруге және терең өзгерістер болмаса
аталған салалардағы баянды табысқа сенбеуге бейім. Бұл екі арада, ұлт үшін өмірлік
маңызы бар бүл сұрақтар неміс университеттерінің қабырғасында еркін пікір-таластың
пәні бола алмайтыны кеңінен белгілі. Практикалық саясаттың аса маңызды құндылықтық
мәселелері кафедрадан еркін талқылана алмайтын кезде, ғалымның абыройы, меніңше,
оған рахымы түсіп, қай бір құндылықтық мәселелерін талқылауға рұқсат етілген күннің
өзінде, оның үнсіз қалуынан көрінуге тиіс.
Алайда, қандай жағдайда да сабақ беру процесінде практикалық бағаларды айтуға бола
ма, айтылуға тиіс пе, бүл орынды ма деген сұрақты, ол құндылықтардан
туындайтындықтан дәлелденбейтін сұрақты әлеуметтану және саяси экономия сынды