Page 168 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
168
позициядан айыра білу; 3) ғылыми проблеманы оқып-үйрену барысында ара қашықтық
ұстай білу, соның ішінде езінің талғамы мен басқа да қасиеттерін, өзінен
сұралмайтындықтан, алдыңғы орынға шығару қажеттігін ауыздықтай білу. Меніңше,
бүгіндері аталмыш талап бұдан қырық жыл бұрынғыдан әлдеқайда өзектірек, ол кезде бұл
проблема осы пошымда жалпы болмаған да еді. Сол кездерде ешкім "кісі" дегеніңіз өзіне
мүмкіндік берілген әрбір жолы, өзін көрсетіп қалмаса, өзіне нұқсан келтіреді деген
мағынада "біртұтастық" екендігіне (солай болуға тиістігіне) ешкім сенбеген ғой. Әрбір
кәсіптік міндетті шешу барысында әрбір нәрсе өзінің құқығы хақында мәлімдеп, өзіне тән
заңдарды құрметтеуді талап етеді. Кез-келген арнайы мәселені қарастыру тұсында ғалым
өзінің міндетін шектеп, іске тікелей қатысы жоқ нәрсенің бәрін, ең алдымен, өзінің
сүйіспеншілігін немесе өшпенділігін ысырып тастауға тиіс. Күшті кісі кез-келген
жағдайда өзіне ғана тән "кісілік ауанда" мүддесін аңғарту арқылы өзін көрсете алады-мыс
деу жаңсақ. Нақ өскелең ұрпақ мынадай ойға: күн ілгері қабылданған шешімдер
нәтижесінде "кісі бола" алмайсың және оған (бәлкім!) жалғыз ғана жол, атап айтқанда:
әрбір жеке жағдайда "іс" қандай болғанына, содан туындайтын "күн талабы" қандай
екендігіне қарамастан, соған бүтіндей берілу қабілеті қажет деген ойға қайтадан сенуін
қалар едік. Арнайы объективті зерттеуге жеке сарындарды енгізу ғылыми ойлау мәнісінің
өзіне кереғар. Кәсіптік көзқарас үшін өзіндік ерекше өзін-өзі шектеуден бас тарту
дегеніңіз - өз "кәсібіңді" бүгіндері әлі орын алып отырған жалғыз мағынадан айыру деген
сөз. Және де сәнге айналған осынау жеке кісіні пір тұту қай жерде — тақта, кеңседе
немесе кафедрада - орнықпасын, ол сырттай қарағанда әрқашан дерлік өте әсерлі көріне
тұрып, шындап келгенде барлық жерде ұсақ-түйек әрі іске зиянды нәрсе болып шығады.
Кісіні мұндай пір тұту, бүкіл мағынасы оның "тұлғалық" сипатында жататын пір түту, осы
арада әңгіме болып отырған біздің көзқарасымыздың қарсыластарының позициясына,
сөзсіз ешқандай қатысы жоқ екендігін көрсетіп жатудың қажеті болмас деп ойлаймын.
Олардың көзқарастарының өзгешелігі ішінара олардың лектор міндетін бізден басқаша
түсінуінде, ішінара олардың тәрбиелеудің өзге мұраттарына, тәрбиелеу мұраттарын өз
басым қадірлегеніммен, қабылдамайтын мұраттарына сүйенуінде жатыр. Алайда қаперге
олардың ниет пиғылдарын емес, сонымен бірге олардың, онсыз да өзінің маңыздылығы
туралы түсінікті асыра бағалауға дайын тұрған жас ұрпаққа өзінің беделімен заңдастырған
сөзсіз ықпалын да алу керек.
Қорытындыда кафедралардан жарияланатын (саяси) баға берудің қарсыластарының "баға
беруден бостан" пікірлер принципіне, мұның үстіне өздері мүлдем түсінбеген принципке
сілтеме жасауға ешқандай негізі жоқ екендігін тағы да көрсетіп жату талап етіле қояр ма
екен, олар мәдениет пен әлеуметтік саясат мәселелері жөнінде университет
аудиторияларынан тысқары жерлерде, жұртшылық алдында өтіп жататын
пікірталастардың абыройын төгуге тырысады. Баға беретін пікірлерден мұндай жалған
бостан жымысқы элементтердің даусыз тіршілік етуі, мұның үстіне солар біздің білім
саласындағы мүдделілік бейнелейтін ықпалды топтардың мықты да мақсатты қолдауына
ие элементтердің болуы, өздерінің ішкі мәнісінде шынында да тәуелсіз, "баға беретін
пікірлерден жалған бостандық" көмегімен атап өтілген мимикрияға жүгінуге рұқсат
бермейтін мақтаныш қазіргі сәтте кафедрадан жарияланатын баға беретін пікірлер
принципіне адал күйінде қалып отырған бірталай ғалымдардың болу фактысын
түсіндіреді. Өз басым, бұның бәріне қарамастан, дұрыс жолмен (менің пікірім бойынша)
жүру керек және ғалымның университет қабырғасынан тысқары жерде орайлы жағдайда
практикалық баға беруінің сүбелілігі, ол өзінің лекцияларында өзінің "тікелей
міндеттілігі" шеңберін қатаң ұстанатыны белгілі болып қалса, тек арта түседі деп
ойлаймын. Айтпақшы, айтылғанның бәрі практикалық құндылықтар өрісіне жатады да,
сондықтан дәлелденбейді.