Қазақстанның ашық кітапханасы
167
беруде баға беретін пікір жақтастарының арасында жағдай басқаша - бұл фактыны
анықтау қиын емес. Бүгіндері лекциялардағы баға беретін пікірлердің заңдылығы енді
қарабайыр (салыстырмалы) әділет постулаттары өзінің негізделуі жағынан да, өзінің
салдарлары жағынан да ішінара қарапайым болатын, ішінара (салыстырмалы) солай
көрінетін, және ең алдымен (салыстырмалы) жеке кісілік болмайтын, өйткені алғаусыз
жеке кісіліктен бір мәнді жоғары тұратын этикалық талаптар үшін жарияланбайды.
Керісінше, қазір (сөзсіз болатын даму салдарынан) әңгіме "мәдени құндылықтардың"
алабажақ жиыны туралы, олардың ту сыртында шындап келгенде мәдени дамудың
барысына субъективті талаптар немесе - енді ашықтан-ашық - оқытушының "кісілік
құқықтары" дейтіндер түр. Әрине, сәуегейліктердің барлық түрлерінің ішінде жеке
тұлғалық сипаттағы осынау профессорлық сәуегейлік қана мүлдем төзуге болмайтындай
сәуегейлік деген көзқарасқа ашулануға болады, алайда, оны жоққа шығару мүмкін емес -
өйткені нақ сонда "практикалық бағалау" бар. Бұл дегеніңіз - бұрын-соңды болып
көрмеген жайт қой, мұнда мемлекеттің сеніміне ие болған сансыз сәуегейлер жар салуға
көшеде яки шіркеуде, әлде басқа бір жұртшылық жиналатын орында емес,
privatim
(лат. -
оңаша, бетпе-бет) болса, өзін сектамыз деп мойындап, өз ілімін уағыздайтын әлдене діни
сектаның сорпаның бетіне шығар жақтастары арасындағы емес - аудитория
тыныштығында мемлекеттік артықшылықтармен күзетілетін, былай қарағанда объективті,
ешкім бақылау жасамайтындай пікір-таласқа жол бермейтін, демек, мұқият күзетілетін
жағдайда дүниетанымдық сипаттағы маңызды мәселелердің шешімін "ғылым үшін"
ұсынуға ұялмайды. Заманында Шмоллер мына принципті: аудиторияларда болып
жатқанның бәрі көпшілік пікірталастан қалуға тиіс деген принципті үзілді-кесілді
қорғаған болатын. Бірқатар жағдайларда бұлай тәпсірлеу эмпириялық ғылым саласында
да жағымсыз зардаптарға апарып соқтыратындығына қарамастан, "лекция" "баяндама"
болмауға тиіс, лекциялық курстың қатаң объективтілігі мен салауатты ғылымилығы
жұртшылықтың, мысалы, баспасөздің іске араласуынан зардап шегуі мүмкін, соның
нәтижесінде педагогикалық мақсатқа қол жетпейді деген көзқарас, өзім де жөн көретін
көзқарас қабылданған. Алайда мұндай бейбақылау артықшылығы әңгіме, біздіңше,
профессордың таза кәсіптік біліктілігі туралы болғанда ғана орынды. Ал жеке
сәуегейлікке келсек, бүл салада кәсіптік біліктілік деген жоқ, сондықтан да аталған
артықшылықтың да болуы мүмкін емес. Ең алдымен, өзінің өмірде ілгері басуы үшін
белгілі бір оқу орындарына түсуге және ондағы профессорлардың лекцияларын тыңдауға
мәжбүр боған студенттің кіріптарлығын пайдаланып, оған тек шын қажетті білімдерді
ғана беріп қоймай, оның қабылдау қабілеті мен ойлауына түрткі болып, оларды тәртіпке
келтірумен ғана шектелмей, сонымен бір мезгілде қарсылыққа ұшырамай, өзінің көбіне
шынында да едәуір қызықты (ал кейде үйреншікті ғана) "дүниетанымы" дейтінін сіңіруге
жол беруге болмайды.
Өзінің практикалық мұраттарын насихаттау үшін профессор, кез-келген басқа адам
сияқты, өзге құралдарды оп-оңай-ақ пайдалана алады, ал бүл оған ұнай қоймаса - оларды
өзінің ниетіне сай пошымда жасай алады, мұны осы тектес бірқатар адал әрекеттер
айғақтайды. Профессорға, оның өз жағдайының пәрменімен, портфелінде маршалдың
асатаяғы мен мемлекеттік қайраткер (немесе мәдениет реформаторы) өкілеттігін сақтап
жүргендей болып көрінуге тырысудың керегі жоқ; алайда, өзінің мемлекеттік (немесе
саяси-мәдени) көзқарастарын насихаттауда ол нақ солай жасайды. Баспасөз беттерінде,
жиналыстарда, алуан түрлі одақтарда, өзінің мақалаларында ол мемлекеттің әрбір
азаматына ұғынықты кез-келген пошымда өзіне құдайдың әлде ібілістің бұйырғанын
жасай алады (және тиіс те). Алайда бүгіндері аудиторияда оқытушы студентке ең
алдымен, мыналарды үйретуге тиіс: 1) оның алдына қойылған қарапайым міндетті
орындаудан қанағат табу қабілеті; 2) фактыларды, соның ішінде - бірінші кезекте - оның
өзіне ыңғайсыз фактыларды мойындау, және де олардың анықталуын оларға баға беретін