Page 166 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
166
темпераменті табиғатына көне қоймайтын нәрсені оның өзінің жасауына мүмкіндік
береді. Сол арқылы шынайы пафос өзінің жас жандарға ықпал күшін сақтайды, ал мұның
өзі меніңше, университеттегі сабақта практикалық баға беру жақтастарының мақсаты
болып табылады, олар тыңдаушылар санасында түрлі салалардың бытысып кетуіне жол
бермеуге тырысады, ал мұның өзі эмпириялық мәліметтерді белгілеу және маңызды
өмірлік мәселелерді шешу барысында белгілі бір практикалық позиция ұстануды талап
ету бірдей самарқаулыққа шомдыратын барлық жағдайларда сөзсіз болып жатады.
"А" пунктінде баяндалған көзқарас маған бірден-бір және оқытушы әрбір жекелеген
жағдайда өзінің ненің таза логикалық түйін немесе таза эмпириялық жолмен белгіленетін
факты екендігін және ненің практикалық баға беру сипатында екендігін тыңдаушыларына
барынша анық түсіндіру, және де, ең алдымен, өзіне-өзі анықтап алу (бұл оның
лекцияларының қызықтыру күшін кеміткен күнде де) өзінің тікелей парызы деп білетін
кезде ғана жөн (және оның жақтастарының нақ субъективті позициясы тұрғысынан)
болып көрінеді. Маған мұндай позиция, әрине, егер осында қарастырылып отырған
салалардың айырмашылығын мойындар болсақ, интеллектуалдық адалдықтың тікелей
талабы болып көрінеді; мұндай жағдайда бұл - талап етілетін нәрсенің абсолютті аз
мөлшері.
Кафедрада тұрып практикалық баға беруге (тіпті жоғарыда қабылданған ескертпемен )
жалпы бола ма деген сұраққа келер болсақ, ол өздігінен-ақ практикалық университеттік
саясаттың сұрағы болып табылады, және, демек, ол нақты аталмыш индивид өзі берген
бағаға сүйене отырып, университет алдына қойғысы келетін міндеттер ауқымында ғана
шешіле алады. Бүгінде де университеттің басы міндеті және сол арқылы - университет
оқытушысы деген өз біліктілігінің пәрменімен - өзінің тол міндеті адамдарды тәрбиелеу,
олардың саяси, этикалық, эстетикалық, мәдени және өзге көзқарастарын қалыптастыру
деп білетін адам университеттің роліне тыңдармандарға шынында да маңызды ықпал
бүгінде университет аудиторияларында білікті мамандар хабарлайтын арнайы білімдер
арқылы гана жасалады, және студенттер бойында тәрбиелеу керек бірден-бір өзіндік
ерекше жақсылық "интеллектуалдық адалдық" деген фактыны (және оның салдарын)
басшылыққа алатын адамнан мүлдем өзгеше қарайды. Бірінші көзқарасты, екіншісі
секілді, барынша әрқилы позицияларға сүйеніп қабылдауға болады. Ал соңғысына (оз
басым соны қолдаймын) келер болсақ, оның негізі "арнаулы" білім берудің маңызын
шексіз жоғары да, тым төмен де бағалау бола алады. Осылайша, мысалы, аталмыш
көзқарасты тіпті де барлық адамдарды осы сөздің тікелей мағынасындағы "таза
мамандарға" айналдыру талпынысынан ғана ұстануға болады; керісінше, аталмыш
көзқарастың жақтастары оны нақ әрбір адам өзі келуге тиіс соңғы, барынша жеке өмірлік
шешімді арнаулы біліммен - оның маңызы жалпы ойлау тәртібі үшін ғана емес, жанама
түрде жас адамның өз тәртібі мен бүкіл инсанияттық бейнесі үшін де қаншалық зор
болғанымен - араластырып жібермеуге ұмтылатындықтан ұстанады, олар бұл
міндеттердің шешімін тыңдарман профессордың лекциясынан сүзіп алғанын емес, өз
ұжданынан тапқанын қалайды.
Профессор Шмоллердің кафедрадан айтылатын баға беретін пікірлер туралы мәселедегі
игі соқыр сенімі менің өз басыма оның өзі және оның достары жасауға қатысқан ұлы
дәуірдің жаңғырығы ретінде әбден түсінікті көрінеді. Алайда, жас буын үшін таза нақты
жағдайлардың бір маңызды пунктте қай шамада өзгергенін оның өзі де байқамай қалмас
деп ойлаймын. Бұдан қырық жыл бұрын біздің пәніміздің ғалымдары арасында
практикалық саясат саласындағы баға беретін пікірлер ең алдымен этикалық сипатта
болуы керек деген кәміл сенім кеңінен таралған болатын (айтпақшы, бүл пікірді
Шмоллердің өзі тіпті де толығымен қостамаған). Қазіргі кезде, оп-оңай байқауға
болатынындай, жағдай мүлдем басқаша, және де ең алдымен тікелей университеттік сабақ