Page 163 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
163
әрекеттерінің маңызды негізі зерттеудің шеңберінен шығатын ерекше қарастырылатын
объектісі болуға тиіс. Оны әлеуметтану тұрғысынан талдау "заңдылық" жөніндегі әлгі
келісудің әрқилы ықтимал, субъективті парықталған негіздерімен тікелей байланысты, сол
келісу мойынсұну зорлық-зомбылықтың тікелей қатерінен жай ғана қорқыныштан
туындамайтын барлық жерде оның өзіндік ерекше сипатын шешуші дәрежеде анықтайды.
Алайда аталған проблема жол-жөнекей шешілмейді, сондықтан осы байланыста біз
одақтар мен институттарды зерттейтін әлеуметтанушылық теорияның алдымыздан
көлденеңдейтін "шынайы" проблемаларын талдаудан бас тартуға мәжбүрміз.
Даму жолы, рас әрбір жеке жағдайда - біз оны бұрын да көргенбіз - бүл арада да мақсатты
одақ тұрпатындағы нақты ұтымды тәртіптен оның шегінен шығып кететін қарекеттерді
келісу негізінде жетелейді. Алайда жалпы алғанда біздің шолып шығуымызға болатын
тарихи даму шеңберінде қоғамға бірігуге келісу негізінде қарекеттердің анық
"алмастырылуын" көрмеген күнде де, қалай десек те, пошымдалған нұсқаулар арқылы
келісу негізінде қарекеттерді ұтымды мақсаттылықпен барған сайын кеңейіп келе жатқан
реттелуін және одақтарды ұтымды мақсаттылықпен реттелген институттарға барған
сайын көбірек айналдырылуын көреміз.
Қоғамдастықтардың нұсқауларын ұтымды ету дегеніміз іс жүзінде не? Кеңсе қызметкері
немесе тіпті кеңсе басшысы бухгалтерлік ережелерді "біліп", өз қарекеттерін сол
ережелерді дұрыс - немесе бірқатар жағдайларда қателесу салдарынан немесе саналы
алдау арқылы бұрыс — қолдануға бағдарлауы үшін, оған осынау нормалардың негізіне
қандай ұтымды принциптер алынғанын көз алдына елестету тіпті де міндетті емес.
Көбейту кестесін дұрыс қолдану үшін алгебра қағидаларын ұтымды түсіну талап
етілмейді... Көбейту кестесінің эмпириялық маңыздылығы "келісуге негізделген
маңыздылық" оқиғасы. Алайда "келісу" мен "түсіну" бірдей емес. Көбейту кестесі, - дәл
бір бағыныштыға - деспоттың ұтымды өкімі секілді, бізге балалық шағымызда
"міндеттеледі", және де бүл актының ең толық мәнінде өзінің негізінде, тіпті мақсатында
әу баста бізге мүлдем түсініксіз, дегенмен өзінің "маңыздылығы" жағынан міндетті
бірдеңе ретінде міндеттеледі. Демек, "келісу" үйреншікті нәрсеге, ол үйреншікті
болғандықтан да, жай ғана "бағыну", ол азды-көпті дәрежеде сондай болып қала береді.
Есептеу орнатылған "келісуге" сәйкес "дұрыс" жүргізілді ме деген байлам, ұтымды
пиғылдардың көмегімен емес, қарама-қарсы нәрседен шығып, үйреншікті (міндетті)
эмпириялық тексеру көмегімен жасалады. Бұл барлық жерде байқалады: мысалы, біз
трамвайды, лифтті немесе қаруды, олардың конструкциясы негізделген ғылыми принцип
туралы ештеңе білмей-ақ пайдаланғанда, олар туралы тіпті трамвай жүргізушісінің немесе
қару шеберінің тек шамалас ұғымы болатын кезде солай. Қазіргі тұтынушы әдетте өзі
күнделікті қолданатын өнімнің дайындалу техникасын барынша жалпылама ғана
елестетеді, ал көбіне-көп олар қандай материалдан және қандай өнеркәсіп саласында
жасалатынын да білмейді. Оны осы артефакттардың өзіне практикалық жағынан маңызды
қырлары ғана қызықтырады. Әлеуметтік институттар, мысалы, ақша жөніндегі гәп те дәл
осындай. Ақша өзінің қайран қалдыратын өзіндік қасиеттеріне қандай жолмен ие
болатынын тұтынушы білмейді, бұл туралы тіпті мамандардың өзі қызыл кеңірдек болып
айтысып жатады ғой. Біз мұны ұтымды мақсаттылықпен белгіленген тәртіпке жүгінгенде
де байқаймыз.
Жаңа "заңның" немесе "одақтық жарғының" тармағы туралы пікірталас сатысында, бері
салғанда, мүдделері іс жүзінде тікелей қозғалатын адамдар жаңа құрылыстың шынайы
"мағынасы" неде екенін әдетте түсінеді. Алайда ол күнделікті өмір практикасына енген
бойда бастапқыда оны жасаушылар азды-көпті бірауыздылықпен топшылаған мағынасы
ұмытылып, оның мәнінің өзгеруімен тұмшаланып кететіні сонша, өз кезегінде келісуге
қол жеткен немесе құқықтың бұлдыр нормаларын белгілі бір түсіну міндеттелген "мақсат"