Қазақстанның ашық кітапханасы
164
қазылар мен өкілдердің тек мардымсыз бөлігінің ғана есінде болады. "Жұртшылыққа"
келсек, ол құқық пошымдарын жасау фактысы мен эмпириялық "маңыздылығы" туралы,
демек, осындай білуден туындайтын "мүмкіндіктер" туралы ең ірі қолайсыздықтардың
алдын алу үшін қажет мөлшерде ғана біледі. Орнату күрделілігінің өсе түсуіне және
қоғамдық өмірдің барған сайын ұлғайып бара жатқан жіктелуіне байланысты аталған
құбылыстар барған сайын әмбебап сипатқа не болып келеді. Орнатылған тәртіптің, яғни
осынау тәртіп бір кездері жасалып, енді мәжбүрлеу аппараты оны белгілі бір түрде
орташаландырып түсіндіріп, кепілдік беретін фактысынан жеткілікті ықтималдық
дәрежесімен орташа туындауға тиіс үміттердің эмпириялық мағынасы, сөз жоқ оған
жоспарлы түрде кереғар қимылдауға, сол арқылы оны "бұзуға" немесе "айналып өтуге"
ниеттенген адамдарға бәрінен жақсы белгілі. Демек, қоғамдастырудың ұтымды
тәртіптерін, бүл институт немесе одақ болсын, мақсаттары барынша әртүрлі болуы мүмкін
бір адамдар енгізеді немесе "сіңіреді". Басқалар, қоғамдық бірлестік органдары - бұл
тәртіптерді жасаудың мақсаты туралы бірдеңені тіпті де міндетті түрде білмей-ақ, оларды
субъективті азды-көпті анық талдап, белсенді жүргізеді. Үшінші біреулерге ұтымды
тәртіптер - олардың жеке мүдделері үшін сөзсіз қажет шамада - субъективті түрде, орын
алып отырған нұсқаулар әдетте қолданылатындығына әртүрлі дәрежеде жақындау
мөлшерінде, және өзінің (заңды немесе заңсыз) қарекеттерін, олар басқалардың
("органдар", сондай-ақ институт немесе одақ бойынша жолдастары) құлқына белгілі бір
үміт артуға байланысты болғандықтан, бағдарлау құралы ретінде белгілі. Төртінші
біреулер - бұл "бұқара" - белгілі бір, біз айта беретіндей, "дәстүрлі" құлықты
орташаландырылып түсінілген мағынаға өйтіп-бүйтіп жақындайтын деңгейде игереді де,
көбіне-көп соған, аталмыш тәртіптердің мақсаты мен мағынасынан ештеңе білместен,
тіпті оның бар екендігін білместен, сүйене береді. Нақ ұтымды тәртіптің эмпириялық
маңыздылығы, демек, алдымен үйреншікті, әбден сіңісіп кеткен, тәрбиемен сіңіріліп, ылғи
қайталана беретін нәрсеге мойынсұнуға келісуге негізделген. Өзінің субъективті
құрылымы тұрғысынан адамдардың құлқы көбіне тіпті басым дәрежеде қайталана беретін,
бірақ мағынамен мүлдем салғастырылмайтын бұқаралық қарекеттер тұрпатына
жақындайды. Қоғамның жіктелу мен ұтымдалу саласындағы прогресі дегеніміз, демек,
мынау болып шығады: сайып келгенде әдетте (басқаша да болатынына қарамастан)
ұтымды әдістер мен тәртіптердің іс жүзінде қатысы бар адамдар олардың ұтымды
негізінен барған сайын алыстай түседі де, бүл негіз жалпы алғанда әдетте, сиқыршы
жасайтын магиялық процедуралардың мағынасы "жабайы адамға" түсінікті дәрежеден
неғұрлым көбірек тылсым болып қала береді.
Осылайша, қоғамдық жағынан біріктіретін қарекеттердің шарттары мен байланыстары
туралы білімнің әмбебапталуы оларды ұтымды етуге жетелеу былай тұрсын, қайта
керісінше болып шығады. "Жабайы адам" өз тіршілігінің экономикалық және әлеуметтік
шарттары туралы, сөздің үйреншікті мағынасындағы "өркениятты" адамнан қисапсыз көп
біледі. "Өркениятты" адамның қарекеті тіпті де қашан субъективті тұрғыдан ұтымды
мақсатты бола бермейді. Олар әртүрлі қызмет өрістерінде әртүрлі көрінеді, және бүл енді
ерекше проблема. Өзіндік ерекше ұтымды реңк "жабайы адамдардан" өзгеше
"өркениятталған" адамдар жағдайына аталмыш аспектіде мыналарды: 1) күнделікті өмір
жағдайы, мейлі ол трамвай немесе лифт, ақша, сот, армия немесе медицина болсын, өзінің
мәнісі жағынан ұтымды, яғни адам қызметінің жемісі болып табылатынына, олар ұтымды
білімге, жасампаздыққа және бақылауға көнетініне, ал "келісудің" сипаты үшін мұның
елеулі маңызы бар екеніне кәміл сенім; 2) олар ұтымды, яғни жабайы адам сиқыршының
көмегімен ықпал етуге тырысатын күштер секілді иррационалды емес, белгілі бір
ережелерге сәйкес қимыл жасайтынына, бері салғанда принципінде оларды "қаперге
алуға", "есептеп шығаруға ", олар анық туындататын үміттерге өз қарекеттеріңді
бағдарлауға болатынына сенім береді. Ұтымды капиталистік "кәсіпорынның"