Page 162 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
162
немесе тұрпаты жағынан институтқа жақын өзге одақтың мүшелеріне қандай да бір басқа,
саяси одақ таңа алады, және де гетерономды реттелген қоғамдастыққа қатысушылар
өздерінің ортақтық қарекетінде жаңа тәртіпке бағынады.
Институттардың да, одақтардың да барлық нұсқауларының басым көпшілік бөлігі,
уағдаластық негізінде емес, зорлық қарекеттердің нәтижесінде дүниеге келген, яғни
қандай да бір себеппен институттың немесе одақтың мүшелерінің ортақтық қарекеттеріне
іс жүзінде ықпал ете алатын адамдар немесе адамдар топтары "келісуді күтуге" негізделіп,
оны өздеріне керек жаққа бағыттайды. Белгілі қарекеттерді міндеттейтін нақты билік, өз
кезегінде ортақ келісу пәрменімен тәжірибеде қандай да бір индивидке тиесілі деп
"санала" алады, оларға билік әлдене жеке қасиетінің белгілі бір нышандардың салдарынан
немесе ережеге сәйкес сыйланғанының (мысалы сайлауда) нәтижесінде сеніп
тапсырылады. Бұндай жағдайда жаңа тәртіпті зорлықпен енгізіп жатқан "елеулі" өкіметтің
осынау эмпириялық маңызды - орташа алғанда, іс жүзінде жеткілікті дәрежеде "келісуге"
қатысушылардың қарекетін анықтайтындықтан - дәмесі мен түсініктерін осы институттың
"құрылысы" деп атауға болады. Ол барынша әртүрлі дәрежедегі ұтымды тұжырымдалған
нұсқаулардан көрінеді. Көбіне оларда нақ ең маңызды практикалық мәселелер оларда
қозғалмаған күйінде, және де бірқатар жағдайларда қасақана қозғалмаған күйінде
(неліктен, біз бұл арада оны қарастырмаймыз) қалады. Сондықтан эмпириялық маңызды
билікке қатысты, белгілі бір құлықты міндетті ететін және сайып келгенде одаққа
қатысушылардың "келісуіне" негізделген нұсқаулар ешқашан ол туралы толық түсінік
бермейді. Өйткені шынында да эмпириялық маңызды "құрылыста" бейнеленген
"келісудің" іс жүзіндегі басты мазмұны мынаны бағалауға саяды: қандай дәрежеде және
қандай қатынаста орташа алғанда іс жүзінде, қабылданған түсінік бойынша, мәжбүрлеу
аппаратының қатысушы болып табылатын адамға бағыну мүмкіндігі бар. Ұтымды
мақсатты құрылыстарды жасаушылар, соларға сүйене отырып, зорлықпен енгізілген
тәртіпті мүшелердің көпшілігінің немесе белгілі бір нышандар бар яки ережелерге сәйкес
сайланған адамдардың көпшілігінің мақұлдауымен байланыстыра алады. Мұның өзі де
"зорлық" болып табылатыны өзінен-өзі мәлім, мұны бізде орта ғасырларда кеңінен
таралған - ал Ресейде "дүние" түрінде біздің заманның басына дейін сақталып келген -
түсінік айғақтайды, ол түсінікке сәйкес "маңызды" нұсқау", шындап келгенде, ол міндетті
болып табылатындардың бәрінің келісуіне негізделуге тиіс (ресми түрде көпшілік
принципі күшіне кіргеніне қарамастан).
Тегі осындай іс жүзіндегі билік "үстемдік ететін " нақты адамдардың (пайғамбарлардың,
корольдардың, патриомониалды әміршілердің, отбасылар басшыларының, ақсақалдардың
немесе басқа беделді адамдардың, шенеуніктердің, партиялық және әртүрлі басқа да
"көсемдердің", мұның өзі әлеуметтанушылық жағынан өте маңызды) одақтың басқа
мүшелерінің кызметіне өзіндік ерекше, ылғи да өзгеріп отыратын ықпалының күші мен
сипатына сүйенеді. Мұндай ықпал өз кезегінде өзінің сипаты бойынша әрқилы
сарындарға, соның ішінде сондай-ақ тәндік немесе психикалық мәжбүрлеу шарасын
қолдану мүмкіндігіне негізделеді. Алайда бүл арада да келісуге негізделген қарекеттер,
егер олар тек күтуге ғана (атап айтқанда, мойынсұнушының қорқынышына) бағдарланса,
тек салыстырмалы түрде тиянақсыз шекаралық жағдайды құрайды. Келісудің эмпириялық
маңыздылығы бар екенінің мүмкіндігі бүл арада да - басқа да сондай шарттар орын алып
отырса - орта есеппен алғанда мына нәрсеге: мойынсұнғандар, олар өздеріне үстемдік
ететін индивидке өздерінің қатынасын субъективті түрде де міндетті деп қарастыратын
себепті мойынсұнатынына орта есеппен неғұрлым көбірек дәрежеде үміт артуға болып
жатса, соғұрлым көбірек ықтимал болады. Іс орта есеппен алғанда немесе шамамен
осылай болып тұрғанда "үстемдік" оның "заңдылығын" мойындайтын келісуге сүйенеді.
Осы арада біз проблематикасына жақындаған үстемдік одақтардың бүкіл қызметінің