Page 161 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
161
болатын, "пайғамбар" мен оның шәкірттерінен құралатын қауым, және тек билік мұрагер
иерархта болатын, келісуге негізделген діни "қауым". Мұнда осындай типтегі басқа
әлеуметтік құрылымдардағы келісуге негізделген қарекеттермен салыстырғанда қандай да
бір өзіндік ерекшеліктер жоқ, олардың барлық казуистикасы одаққа да таралады. Осы
заманғы өркениятта одақтың бүкіл дерлік қызметі ішінара қалай болғанда да ұтымды
нұсқаулар арқылы реттелген: "отбасылық қоғамдастық" ішіндегі қатынастар, атап
айтқанда, гетерономды түрде мемлекет белгілеген "отбасылық құқықпен" реттеледі.
Демек, "институтқа" көшу жеткілікті анықталмаған, оның үстіне таза типтегі институттар
өте аз. Оларды құрайтын институттық қызмет сан алуан бола түскен сайын, олар өз
жиынтығында формалды нұсқаулар арқылы ұтымды мақсаттылықпен реттелмеген.
Мысалы, саяси институттардың қоғамдық қарекеттерін реттейтін нұсқаулар, - біз әбден
орынды олар мүлде ұтымды мақсатты деп санаймыз - яғни "заңдар" деп аталатын
нәрселер, әдетте, қандай да бір мүдделі топтар ұтымды реттеуге ұмтылатын қатынастарды
тек үзіп-жұлып бейнелейді. Демек, белгілі бір құрылымды іс жүзінде құрайтын келісу
негізіндегі қарекеттер мақсатты одақтардың көпшілігіне, тән ұтымды мақсатты
нұсқауларға бағдарланған өздерінің қоғамдық қарекеттерінің шегінен шығып қана
қоймайды, тіпті сол қарекеттердің алдында жүреді. "Институттық қарекеттер" - "одақтық
қарекеттердің ұтымды реттелген бөлігі, институт - ішінара ұтымды реттелген одақ.
Басқаша айтқанда, әлеуметтану тұрғысынан кешу өте белсенді. Рас, институт өте ұтымды
"жаңа құрылым", алайда ол бәрібір "одақ атымен жоқ өрісте" пайда болған емес,
керісінше, одақ ішіндегі бұрын қалыптасқан қызмет немесе одақ реттейтін қызмет, енді -
мысалы, бұрынғы одақтарды "аннексиялау" немесе жаңа одаққа біріктіру нәтижесінде -
осы актыға бағытталған сериясымен не одақпен салғастырылған шеңбердегі жаңа
тәртіптерге сол реттейтін қызметке, немесе мұның екеуіне де бағындырылады; не одақты
алмастыру қолға алынып, оның мүшелерінің қызметі сонымен үйлестірілуге тиіс болады,
оның нұсқаулары енді солар үшін маңызды болып шығады; не институт және соның
ішінде оның мәжбүрлеу аппараты органдарының құрамы ғана алмастырылады.
Кез-келген текті институттың жаңа нұсқауларының дүниеге келуі, ол жаңа институт құру
салдарынан болсын немесе күнделікті кызмет процесінде болсын, болашақ қарекеттердің
барлық қатысушыларының автономды "уағдаластығының" негізінде өте сирек болады, ол
қатысушылардан топшыланатын орташаландырылған мағынада сол нұсқаулар жөнінде
лоялдылық күтіледі. Әдетте "оларды зорлықпен енгізу" жүреді: белгілі бір адамдар әлдене
нұсқауларды одақпен үйлестірілген немесе сол реттейтін қызмет үшін міндетті нәрсе деп
жариялайды да, институтпен байланысты (немесе оған бағындырылған) адамдар соған
қандай да бір дәрежеде мойынсұнады, мұның өзі олардың қарекеттерін аталған
нұсқауларға азды-көпті лоялды, өзінің мағынасы жағынан анық бағдарлаудан көрінеді.
Нәтиясесінде институтта орнатылған тәртіп "келісу" негізінде іске асырылатын нәрсе
ретінде эмпириялық жағынан маңызды болып шығады. Және аталмыш жағдайда
"келісімде болумен" немесе өзіндік бір "үнсіз уағдаластықпен" шатастырудан қашу керек.
Бұл арада сондай-ақ мына нәрсенің орташаландырылған мүмкіндігі қаперге алынады:
зорлықпен енгізілген нұсқаулардың объектісі деп саналатын адамдар, шынында да -
қорқыныштан, діни сенімдерден, әміршіні құрмет тұтудан, таза ұтымды мақсатты немесе
кез-келген басқа сарындардан (бүл арада себептің маңызы жоқ) сол нұсқауларды өзінің
құлқы үшін "маңызды" деп санайтын, демек, өзінің қарекеттерін солардың мағынасына
(орта есеппен) бағдарлайтын болады. Белгілі бір тәртіпті зорлықпен енгізу ісін "институт
органдары" өздерінің келісу пәрменімен эмпириялық маңызды деп мойындалған және
нұсқауларға негізделген өзіндік ерекше қызметі арқылы жүзеге асыра алады (тәртіпті
зорлықпен автономды енгізу); мысалы, сыртқа толық немесе ішінара автономды
институттың (мысалы, "мемлекеттің") заңдары сондай. Жаңа тәртіптің осынау енгізілуі
"гетерономды" да бола алады, сырттан енгізіледі, яғни, шіркеудің мүшелеріне, қауымның