Page 160 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
160
бағдарлайды деп орташа есеппен негізделген үміт әрбір қатысушымен бөлек ерекше
ұтымды уағдаластыққа сүйенеді деп топшыланды.
Алайда қоғамдық бірлестіктің өте маңызды бірқатар пошымдары бар, оларда қоғамдық
құлық мақсатты одақтағы секілді, қабылданған нұсқаулармен өз мақсаты мен
құралдарында едәуір дәрежеде ұтымды реттелген, демек, "қоғамдастырылған", бірақ
осынау қоғамдастырылулардың ішінде олардың тіршілік етуінің негізгі бір алғышарты
ретінде келесі принцип қарекет жасайды: әдетте, жеке индивид, бұл іске өзінің
жәрдемінсіз-ақ қоғамдық қарекеттерге қатысушы, демек, тілге тиек болған нұсқауларға
құлқы бағдарланады деген үміт артылатындардың біреуі болып шығады. Қоғамға
бірігудің мұндай пошымдары үшін конститутивті ортақтық құлық нақ мынамен
сипатталады: белгілі бір адамға тән белгілі объективті мәліметтер болған кезде, одан
ортақтық қарекеттерге қатысу, демек, атап айтқанда, оның қарекеттерінің белгіленген
тәртіпке бағдарланатыны күтіледі, және де, орта есеппен алғанда бүл үміт орынды,
өйткені индивидтер аталмыш қоғамдастық үшін конститутивтік ортақтық қарекеттерге
қатысуға эмпирия бойынша және, егер олар қатысқысы келмесе, оларды кей жағдайларда
"мәжбүрлеу аппаратының" мойынсұнуға мәжбүрлеу (тіпті ықпалдың жұмсақ шаралары
арқылы болса да) мүмкіндігі бар екендігінен "міндетті" деп саналады. Ерекше маңызды
жағдайда, саяси ортақтық жағдайында осынау үміттер байланысқан объективті мәліметтер
- ең алдымен шыққан тегі, туыстық байланыстары, ал кейде тіпті сол жерде болуы немесе
белгілі бір саладағы белгілі бір қызметі. Индивидтің бұндай қоғамдастыққа кіруі әдетте
оның тууымен және тәрбиесімен күн ілгері байланысты. Мұндай қоғамдастықтар
мыналармен сипатталады: біріншіден, "мақсатты одақтан" өзгеше, ерікті ену оларда
санатқа кіргізілетін адамдардың тілегінен тәуелсіз таза объективті мәліметтер негізінде
кіргізумен алмастырылған; екіншіден, ұтымды тәртіптен қасақана бас тартатын келісуге
негізделген қоғамдастықтардан, демек, бұл жағынан аморфты құрылымдардан өзгеше,
мұнда ұтымды нұсқаулар мен мәжбүрлеу аппаратының болуы құлықты анықтайтын
факторлардың бірі қызметін атқарады. Мұндай қоғамдастықтарды біз "институттар " деп
атайтын боламыз. Индивид тууы мен тәрбиесі арқылы күнілгері жатқызылатын
қоғамдастықтың бәрі бірдей "институт" болып табылмайды; мысалы тілдік немесе
отбасылық қоғамдастық "институт" емес, өйткені олардың екеуінде де ұтымды нұсқаулар
жоқ. Алайда оларға саяси қоғамдастықтың біз "мемлекет" деп атайтын құрылымы, немесе
қатаң техникалық мағынада "шіркеу" деп анықтау қабылданған діни қоғамдастық
құрылымы сөзсіз жатады.
Ұтымды уағдаластыққа бағдарланған қоғамдық қарекет келісуге негізделген құлыққа
жататыны секілді, институт өзінің ұтымды нұсқауларымен "одаққа" жатады. Одақ
шеңберіндегі қарекеттер деп біз нұсқауларға емес, келісуге бағдарланған қарекеттерді
санаймыз; демек, келісуге негізделген құлық мыналармен сипатталады: 1) индивидті
қатысушылар санатына қосу оның тарапынан қандай да бір ұтымды мақсаттылықпен
бағытталған қарекеттің жасалуынсыз ортақ келісу бойынша жүргізіледі; 2) осы мақсат
үшін арнайы жасалған қаулылардың жоқтығына қарамастан, белгілі бір адамдар (билігі
бар) ортақ келісу бойынша одақ мүшесіне кіргізілген адамдар үшін ортақ келісу бойынша
пәрменді құлық тәртібін белгілейді; 3) тілге тиек билік иелері одақ шеңберінде өздері
немесе басқалар арқылы қажет жағдайда ортақтаса қабылданған тәртіпке бағынбайтын
мүшелер жөнінде тәндік немесе психикалық мәжбүрлеудің кез-келген типін жүзеге
асыруға әзір. Бұл орайда әңгіме, әрине, кез-келген "келісу" тұсындағыдай орташа анық
түсінілген мазмұн және өзгеріп тұратын орташа эмпириялық мүмкіндік туралы болып
отыр. Жеткілікті таза типтегі "одаққа" мыналар жатады: билік отбасы басшысының
қолында болатын байырғы "отбасылық қоғамдастық", "әмірші" басқаратын, ұтымды
белгіленген тәртібі жоқ патримониалды саяси құрылым, сондай-ақ билік пайғамбарда