Page 159 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
159
біреулерге қатынас жөніндегі ынтымақ, әртүрлі мүдделер арасындағы мәміле немесе тек
осы актыға қатысушылар үшін қандай да бір себептер бойынша қалаулы
орташаландырылған (бәлкім, индивидуалдық көріністерінде әртүрлі) субъективті
топшыланатын мақсатқа сәйкес күрес пошымдары мен оның объектілерін өзгерту деген
сөз болып шығатыны әрбір аталмыш жағдайда әртүрлі шешіледі: көбіне қандай да бір
түрде осынау сәттердің бәрі болады. Келісуге негізделген, соның ішінде - мысалы,
эротикалық қатынастарда немесе жанашырлық көріністерінде - шексіз жанқиярлықпен
сипатталатын, бірақ осы сезімдерге қарамастан, басқа адамға барынша қатыгез зорлық
жасамайтын қоғамдастық атымен жоқ. Сонымен бірге "күрес" актыларының көпшілігінде
қоғамдық бірігудің немесе келісудің қандай да бір дәрежесі болады. Біздің алдымызда
әлеуметтанудағы әдеттегі жағдай - ұғымдар іс жүзінде бір-бірін ішінара қамти кететін
жәйт тұр; бұл бірдей, тек әртүрлі көзқараспен қарастырылған нышандардың
болатындығынан. Дұшпанмен қандай да бір ортақтық атаулы болмайтын күрес - тек
шекаралық жағдай. Монгол шапқыншылығынан "халықаралық құқық талаптарына" (тіпті
әрқашанда пәрменді бола бермейтін) сәйкес жүргізілетін осы заманғы соғысқа дейін,
қолдануға болатын қару түрі қатаң белгіленген және белгілі ережелері бар
("messieurs Les
Anglais, tires les premiers"
- франц. "Ағылшын мырзалар, бірінші болып сіздер атыңыздар".
Қазақ жырларында батырлар жекпе-жегінде бір-біріне кезек беретіні секілді салт. - Ред.)
рыцарьлар сайысынан соттағы жекпе-жекке немесе корпоранттардың спорттық "жарысқа"
жатқызуға болатын "достық жекпе-жегіне", барлық жерде біз тайталасушы жақтардың
келісуге негізделген ортақтыққа бірігуінің бірте-бірте көбейе түсетін фрагменттерін
табамыз; күш қолданылатын күрес "бәсекеге" айналған жерде, ол олимпиада гүлдестесі
үшін, сайлаушылар дауысы немесе биліктің басқа атрибуттары үшін, әлеуметтік бедел
немесе кіріс үшін болсын, оның негізінде әрқашан қоғамға ұтымды бірігу жатады, оның
нұсқаулары күрестің пошымын белгілейтін, бірақ бүл орайда оның мүмкіндіктерін
ығыстыратын "ойын ережелері" қызметін атқарады. Қара күштің қолданылуын
ығыстырып шығаратын, дауларды "бейбіт" реттеуге сатылап өсуге бейімділік, сол күшті
адамдар арасындағы қатынастан толық аластай алмайтындықтан, оны тек екінші қатарға
жылжытады. Тек тарихи даму барысында қоғамдық бірлестіктің немесе келісуге
негізделген қоғамдастықтың белгілі бір типінің, атап айтқанда саяси типінің мәжбүрлеу
аппараты күш қолдануды барған сайын өзінің монополиясына айналдыра берді, ол оны
әуелі құдіретті адамдардың, содан кейін формальды түрде бейтарап өкіметтің тарапынан
мәжбүрлеудің реттелген қатеріне айналдырды. Өзінің сипаты жағынан тәндік немесе
психикалық "мәжбүрлеу" қандай да бір дәрежеде қоғамға бірігудің барлық түрлерінің
негізінде жататыны, бізді жоғарыда қарастырылған мінсіз-типтік ұғымдардың барлығына
қосымша ретінде қажет шамада ғана аталмыш мәселеге қысқаша тоқтала кетуге мәжбүр
етеді.
VII. "Институт" және "Одақ".
Біз келтірген мысалдарда осы арада неғұрлым егжей-тегжейлі тоқтала кету керек болатын
бір жағдайлар әлденеше рет кездесті; әңгіме әлдекімнің өзінің жәрдемінсіз-ақ келісуге
негізделген әлдене ортақтықтың қатысушысы бола кетіп, сол күйінде қалатыны туралы
болып отыр. Өзара келісуге негізделген, мысалы "әңгіме" сияқты, аморфты қарекеттерде
бүл түсіндіруді талап етпейді, өйткені оған қарекеті біз қабылдаған алғышарт (келісім)
нышанына сәйкес келетін әркім "қатысады". Алайда іс әрқашан бұлай оңай бола бермейді.
Жоғарыда біз құралдар, мақсаттар және тәртіп туралы толық уағдаластыққа негізделген
"мақсатты одақты" "қоғамға бірігудің" мінсіз типі ретінде қабылдадық. Бүл орай¬да
мұндай одақ (және қандай мағынада), оның қатысушыларының құрамындағы өзгерістерге
қарамастан, тұрақты құрылым деп санала алатыны анықталды. Сондай-ақ жеке
адамдардың "қатысуы", яғни әрбір индивид өзінің қарекеттерін белгіленген тәртіпке