Page 158 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
158
жазбаша бірігу; 3) айырбас актысын Х-тің өзімен қоғамдастыру; 4) дәл соны Ү- тің өзімен
жасау; 5) дәл соны мақсатты одаққа қатысушылардың қоғамдық әрекеттерімен істеу; 6)
айырбас актысы өзінің шарттарында сондай-ақ аталмыш актыға мүдделі басқа да
адамдардың (екі жақтан да бәсекелестер) ықтимал қарекеттерін күтуге, дәл сол секілді
жария келісуге және т.б. бағдарланған. Келісу негізіндегі қарекеттер санатына қосылу
үшін қарекет ортақтық қарекетке жатуға тиіс, бірақ ол бүл шартсыз да келісуге
бағдарланған бола алады. Адамның қоры немесе мүлкі жөніндегі кез-келген өкімдер (олар
әдетте жалпы тек мәжбүрлеу аппараты саяси қоғамдастыққа беретін қорғаныш болғанда
ғана жүзеге асатынын былай қоя тұралық) олар өздерінің қорының санында сырт жерде
жасалатын айырбас көмегімен болатын өзгерістерді ескерген шамада ғана келісуге
бағдарланған. Ақшалы "жеке шаруашылық" қоғамдық қарекеттерді, келісуге негізделген
қарекеттерді, және ортақтық қарекеттерді қамтиды. Тек таза теориялық шекаралық
жағдай, робинзонада ғана қандай да бір ортақтық, демек, келісуге бағдарланған
қарекеттерден де бостан, өйткені робинзонада өзінің мағынасы жағынан табиғи
объектілердің ахуалын күтуге ғана бағдарланған. Бұндай жағдайды ойлау мүмкіндігінің
өзі "шаруашылық" қарекеттер өзінің ұғымы бойынша қарекеттің ортақтығын
қамтымайтынын айқын көрсетеді. Керісінше, әдетте қарекеттің жекелеген өрісіндегі
тұжырымдамалық "ең таза" типтер ортақтық қарекеттер мен келісу өрісінен тыс жатады,
және де бұл бірдей дәрежеде дін саласына да, сондай-ақ экономикаға да, ғылыми,
көркемдік тұжырымдамаларға да қатысты. "Объективтендіру" жолы міндетті болмаса да,
бірақ, әдетте, өте жылдам - ортақтық қарекеттерге, және егер ылғи болмаса да, әдетте, нақ
келісу негізіндегі қарекетке жетелейді.
Айтылғаннан ешбір жағдайда да ортақтық қарекеттерді, келісуді және қоғамға бірігуді
қандай да бір "қарсы қоюдан" өзгеше, "бір-бірімен және бір-бірі үшін" қарекеттер туралы
түсініктермен ұқсастыруға болады екен деген қорытынды шығармау керек. Мүлдем
аморфты ортақтық қана емес, "келісу" де біз үшін "томаға тұйықтықпен", басқалардан
бөлектенумен ұқсас емес. Келісуге негізделген қарекеттер өрісі "ашық" па, яғни кез-
келген ынталы адам әрбір аталмыш сәтте оларға қатыса ала ма, немесе "жабық" па және
қандай шамада, яғни үшінші біреулердің бүл өзара келісу арқылы немесе қоғамға бірігу
арқылы болсын, қатысуына жол берілмей ме деген сұрақ - әрбір жеке жағдайда әртүрлі
шешілетін сұрақ. Нақты тіл немесе базар ортақтығының әрқашан әйтеуір бір жерде
шекарасы (әдетте бұлыңғыр) болады, бүл әдетте "үмітте" келісудің актуалды немесе
потенциалды қатысушысы ретінде адам емес, өзінің шекарасы бойынша тым бұлыңғыр
көп бірдеңе қаперге алынады деген сөз. Алайда, мысалы, тілдік ортақтық мүшелері,
әдетте, келісуден үшінші біреулерді шығарып тастауға мүлдем мүдделі емес (әрине,
қандай да бір нақты әңгіме жағдайына тәуелді); ал мүддесі базармен байланысты адамдар
көбіне-көп нақ базарды "кеңейтуге" мүдделі. Дегенмен тіл де (қасиетті, сословиелік
немесе конспиративтік тіл ретінде), базар да - монополист келісу немесе қоғамдастыру
арқылы - "жабық" болуы мүмкін. Екінші жағынан, әдетте қоғамға бірігу арқылы жабық
болатын нақты өкімет органдарының өзіндік ерекше ортақтық қарекеттерінің өрісі нақ
билік иелерінің мүддесіне едәуір дәрежеде ашық бола ("жаңа адамдардың" қатысуы үшін)
алады.
Келісуге негізделген қарекетке қатысушылар бірлескен сыртқы мүдделерді көздей алады.
Алайда бүл міндетті емес. Келісу негізіндегі қарекет - әлі "ынтымақ" емес, және қоғамдық
қарекеттер біз күрес, яғни басқаның белгілі бір құлқын күтуге бағдарлана отырып,
қарсылық жасайтын құлқына өзінің ырқына барынша жалпылама пошымда қарсы қоятын
ұмтылыс деп атайтын қоғамдық байланысты қарекеттерді жоққа шығармайды және
кереғар келмейді. Күрес шындап келгенде қоғамдық байланысқан қарекеттің барлық
түрлеріне тән. Мысалы, қоғамдық бірігу актысы қандай дәрежеде іс жүзінде үшінші