Қазақстанның ашық кітапханасы
157
саудагерлермен қатынасында олардың өздерінің заңдылық дәрежесін төмендетуге алып
бара алатын еді.
Адамдардың ұтымды мақсаттылық немесе "тек психологиялық" тұрғыдан түсінікті мүлде
әртүрлі субъективті сарындары, мақсаттары мен "ішкі ахуалдары", тең қарекетшілер
ретінде мағыналық салғастырмалылығы жағынан бірдей ортақтық қарекеттер, сондай-ақ
өзінің эмпириялық маңыздылығы жағынан бірдей "келісу" жасай алады. Келісуге
негізделген қарекеттердің нақты негізі "сыртқы" және "ішкі" мүдделердің жай ғана
тоғысуы, олардың болуы жекелеген индивидтердің мүлде әрқилы ішкі ахуалдары мен
мақсаттарынан туындай алады, және ол "келісудің" әртүрлі амалмен қабылданған
маңыздылығына ықпал етеді және одан басқа ештеңеге ықпал ете алмайды. Алайда, біз
әрине, ортақтық қарекеттерге үстемдік ететін субъективті "мағыналық бағытталуы"
бойынша ажыратылатын олардың жекелеген типтері үшін, атап айтқанда, келісуге
негізделген қарекеттер үшін де болатыны секілді, орташа алғанда, тап сондай
қарекеттердің пайда болуы мен одан әрі орын алуының себебі қызметін бәрінен жиі
атқаратын сарындарды, мүдделерді және "ішкі ахуалдарды" анықтауға болатынын жоққа
шығармаймыз. Осының бәрін анықтап беру әрбір мазмұнды әлеуметтанудың
міндеттерінің бірі. Дефинициясымен біз айналысқан ортақ ұғымдар өзінің мазмұны
жағынан мардымсыз болмауы мүмкін емес. Әрине, келісу негізіндегі қарекеттен қоғамдық
құлыққа көшу де бедерлі шектелмеген; соңғысы нұсқауларды тұжырымдауы реттелген
ерекше жағдай ғана болып табылады. Мысалы, кондуктормен жанжалдасып қалған
индивид "жағына шығатын" трамвай жолаушыларының келісуге негізделген қарекеті,
содан кейін, егер олар "шағым" жасау үшін біріксе, қоғамдық құлыққа айналады. Ұтымды
мақсаттылықпен тәртіп орнатылатын барлық жерде әрқашан, тіпті барынша әрқилы
ауқым мен мағынада болсын, "қоғамға" бірігу орын алады. Қоғамдастырылған бірлестік
"бөлектелген" нәсіл өкілдері өзара келісу арқылы, бірақ хатталмаған уағдаластық
бойынша "журнал" ашып, "баспагерді", "редакторларды", "қызметкерлер" мен
"абоненттерді" тапқанда және құлықтың бұрынғы аморфты өрісіне сол журналдан енді
келісу негізінде маңыздылығы жағынан әртүрлі дәрежедегі директивалар жөнелтіле
бастаған бойда-ақ пайда бола кетеді. Қандай да бір тілдік ортақтық үшін
Academia della
Crusca
тұрпатындағы "академия" және грамматикалық ережелер оқытылатын "мектептер"
құрылғанда; немесе "үстемдік" өрісінде - ұтымды мекемелері мен шенеуніктері бар
аппарат құрылғанда да дәл солай болып шығады. Және керісінше: қоғамдық
бірлестіктердің бәрінде дерлік оның мүшелерінің арасында әдетте келісу негізінде оның
ұтымдылық мақсаттарының шегінен шығып жататын құлықтар қалыптасады. Әрбір кегли
клубында оның мүшелерінің өзара қатынасын реттейтін "конвенциалды" нұсқаулар
болады, яғни коғамдық бірлестік өрісінен тыс "келісуге" бағдарланған ортақтық құлық
қалыптастырылады.
Әрбір жеке адам келісуге негізделген ортақтық және қоғамдық қарекеттердің толып
жатқан, барынша әрқилы өрістеріне ұдайы қатысады. Оның ортақтық құлқы теория
бойынша өзінің әрбір актысында парықталған түрде бөтеннің құлқының басқа бір
өрісімен және келісу мен қоғамдық бірігу негізіндегі басқа бірлестіктермен салғастырыла
алады. Индивид өзінің қарекетін ұтымды бағдарлайтын өрістің тұрпаты бойынша олар
үшін конститутивті мүмкіндіктері неғұрлым коп те сан алуан бола түскен сайын,
қоғамның "ұтымды дифференциациясы" соғұрлым тереңдей түседі; оның қарекеттері
өзінің сипаты жағынан неғұрлым қоғамдастырылған бола түскен сайын, "қоғамның
ұтымды ұйымдастырылуы" соғұрлым көбірек дәрежеге жетеді. Индивид, әрине, бір ғана
құлық актысының көмегімен әртүрлі тұрпаттағы бірқатар ортақтық қарекеттерге қатыса
алады. Әлдекім, өз кезегінде мақсатты одақтың "органы" болып табылатын Ү өкілеттік
берген X деген біреумен жасайтын айырбас актысында мыналар болады: 1) ауызша; 2)