Page 156 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
156
топшыланатын әйтеуір бір келісуге бағдарланған жерде, мысалы егер әрбір индивид өзін
сол бірлескен қарекетке (
Zusamenhandeln
) келісудің орташа түсінілген "мағынасы"
анықтайтын шамада және соншалық уақыт қатысуға міндетті деп санайтын жерде
субъективті. Келтірілген мысалдар, орташа маңызында алғанда келісу дәрежесімен
ажыратылады. Көмек көрсету жөніндегі қарекет өз мағынасы бойынша келісу мүмкіндігі
бар дегенге, демек, келісуге негізделген қарекеттерге жақын; екінші мысалды, негізінен, іс
жүзіндегі бірлескен қарекетке жатқызуға болады. Және де, әрине, сырттай қарағанда
"бірлескен" болып көрінетін адамдар қарекетінің барлығы бірдей ортақтық немесе
келісуге негізделген қарекет бола бермейді. Екінші жағынан, бірлескен болып көрінетін
қарекеттер жалпы келісуге негізделген қарекет ұғымына жатпайды. Бүл жағдайлардың
бәрінде бейтаныс үшінші біреулердің қарекетімен мағыналық салғастырмалылық мүлдем
жоқ. Осы секілді туыстардың келісуге негізделген қарекеті (жоғарыда келтірілген екі
мысалдағыдай) өзінің дәрежесі жағынан болашақ айырбас актысының қатысушыларының
потенциалды қарекеттерімен салғастырылған ортақтық қарекеттен ажыратылады.
Айырбас актысында келісудің атап көрсетілетіні тек мынадан: үміт негізінде басқалардың
қарекеттерін қабылданған маңыздылыққа орташаландырылған бағдарлау мүмкіндігі
жатады, демек, әдетте сол үмітте "заңдылық" сипаты қандай болатын шамада болады. Бұл
арада да қарекеттерді сол шамада ғана келісуге негізделген деп санауға болады.
Басқаларының бәрінде олар келісуден туындайтын тек қорытылған қарекеттер ғана.
Екінші жағынан, көмек көрсету туралы әңгіме болған мысалдың өзі "келісу" мазмұны
қандай да бір абстракты "ережелерсіз-ақ" мақсатпен мүлдем нақты салғастырмалылық
бола алатынын айғақтайды. Бірақ бірқатар жағдайларда, біз келісуге негізделген "ұзақ"
сипаттағы, мысалы "достық" сипатындағы ортақтыққа сүйенетін кезде оның мазмұны
ұдайы өзгеріп отыратын және әрбір тарап маңызды деп қарастыратын тек мінсіз-типтік
тұрғыдан құралатын мағынамен салғастыру арқылы анықталатын болуы мүмкін. Алайда
бүл мағына да адамдар ұқсастығы сол күйінде қалған күнде де өзгеруі мүмкін. Сонда бұл
арада да, аталмыш сатыны бұрынғы, өзінің сипаты жағынан өзгерген қатынастардың
"жалғасы" немесе "жаңа" қатынастар деп қарау керек пе деген нәрсе тек орындылық
мәселесі болып қала береді.
Аталмыш мысал, одан да әрман эротикалық байланыс мысалы, келісуді құрайтын
мағыналық ара қатынастар мен "үміттердің" негізінде ұтымды мақсатты есеп пен ұтымды
құрастырылатын "тәртіп" тіпті де әрқашан жата бермейтінін көрсетеді. Керісінше, келісім
шеңберіндегі "үмітке" "маңызды" бағдар тек мынаны білдіреді: индивидте, оның өзінің
ойынша, мынадай мүмкіндік бар, ол орта есеппен алғанда өзінің құлқын басқа индивид
құлқының белгілі бір, көбіне-көп азды-көпті "маңызды" деп саналатын (бұл орайда көбіне
мүлдем иррационалды) (ішкі немесе сыртқы) мазмұнына бағдарлай алады. Сондықтан
әрбір жеке жағдайда әдетте "ережелерде" білдірілген келісу мағынасы орташа
практикалық құлықтың жалпы заңдылықтарына қай шамада жетелейді деген мәселе
әртүрлі (қоғамдастырылу тұсындағы секілді) шешіледі. Өйткені бүл арада да келісімнен
туындайтын қарекеттер келісуге негізделген қарекеттермен ұқсас емес.
Осылай, мысалы, "сословиелік конвенционалдық" дегеніміз орташа алғанда эмпириялық
міндетті деп "саналатын" әр құлықтың көмегімен құрастырылған, келісуге негізделген
қарекеттер. Нені "маңызды" деп санау жөніндегі осы келісу арқылы "конвенционалдық"
үйреншікті қарекеттерді қайталауға негізделген қарапайым "салттан", ал құқықтан -
зорлау аппаратының жоқтығымен өзгешеленеді; әрине, екі жақтан да шекара анық
белгілене алмайды. Сословиелік конвенционалдық, алайда, аталмыш сословие
мүшелерінің құлқында эмпириялық жағынан келісу негізінде міндетті деп саналмайтын
нақты салдарларға апарып соқтырады. Мәселен, феодалдық конвенционалдық, сауданы
инсаниятсыз бірдеңе деп қарастыра отырып, есептеу арқылы феодалдардың