Page 155 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
155
дәл солай келісумен біріккен индивидтер оған қасақана кереғар қимылдай алады. Біздің
мысалымыздағы "ұры" секілді, бұрын басқаның үстемдігін мойындауға келіскен
"мойынсұнушы" адам да, өзінің "мойынсұнбауына" қарамастан, (өзінің қарекетін жасыру
фактысымен), оларын келісудің субъективті қабылданған мағынасына бағдарлай алады.
Сондықтан "келісу" ұғымын субъективті тұрғыдан да оның эмпириялық маңыздылығы
жөніндегі осы актыға қатысатын индивидтер бастан кешетін "ләззатпен" шатыстырмау
керек. Жаман зардаптардан қорқу мынаған апарып соқтыруы мүмкін: адам өзі қаламайтын
"еркін"
уағдаластықты
сақтайтыны
секілді,
зорлықтың
үстемдігін
оның
орташаландырылған мазмұнында қабылдап, соған бағынады. Рас, ұзақ наразылық келісуді
сақтай беру мүмкіндігін шайқалтады, алайда ол зорлық арқылы үстемдік ететін индивид
өзінің бұйрықтарының орындалуына (олардың орташаландырылып қабылданған
мағынасына сәйкес) дәмелене алатын объективті релевантты мүмкіндікті сақтап қала
беретін шақта тіршілігін жалғастыра береді. Мұның себебінің маңызды болатыны, (дәл
қоғамдастырылған бірлестік тұсындағыдай) тек басқаның немесе басқалардың белгілі
құлқын "күтуге" бағдарлау (мысалы, "мойынсұнушының" "қожайынынан" тек қорқуы)
шекаралық жағдайды құрайды және тым тиянақсыз болады, өйткені үміт бұл арада да
"келіскендер" "келісуге негізделген қарекеттерді" орта есеппен (субъективті) деп
санайтынына (қандай себеппен, оның бүл арада маңызы жоқ) қаншалық көбірек
ықтималдықпен иек арта алатын болса, соншалық объективті "негіздірек" болып шығады.
Сайып келгенде уағдаластықтың "маңыздылығы" да осындай (заңдылыққа сүйенген)
келісуге негізделген. Маңызды келісуді "үнсіз қол жеткен уағдаластықпен" шатыстырмау
керек. Эксплицитті уағдаластыққа негізделген тәртіп пен келісу арасында, әрине, көптеген
өткелдер бар, олардың арасында сондай-ақ қатысушылар іс жүзінде орташаландырылған,
үнсіз қол жеткен уағдаластық бойынша белгіленген деп қарастыратын тәртіп те табылады.
Принципінде бүл, алайда, анық тұжырымдалған уағдаластықпен салыстырғанда ерекше
жағдай емес. "Жеткілікті анық емес" уағдаластық эмпириялық жағынан - түсіндірудің
таралған типтеріне сәйкес ықтимал практикалық салдарларға ерекше күшті бой ұратын
тәртіп болып табылады. Керісінше, "маңызды" келісу таза тип ретінде ешқандай
нұсқауларды немесе арнайы уағдаластықты қамтымайды. Келісумен біріккен индивидтер
белгілі бір жағдайларда бір-бірі туралы мүлде ештеңе білмеуі мүмкін, бірақ олардың
келісуі бүл орайда эмпириялық жағынан бұлжымас "норма" секілді болып шыға алады;
әртүрлі саяси және тіпті тілдік ортақтықты қамтитын экзогамды тектің түңғыш рет
кездескен мүшелерінің арасындағы сексуалдық қатынас осының мысалы қызметін атқара
алады. Басқа бір мысал ретінде ақшаны пайдалануды келтіруге болады, бүл орайда келісу
мына мүмкіндікке жатады: айырбас актысында пайдаланылатын (оның топшыланатын
маңызына сәйкес) тауарды бір-біріне беймәлім көптеген адамдар ақша ретінде қарызды
төлеудің маңызды құралы, яғни "міндетті" саналатын ортақтық қарекеттерді жасау үшін
қажет құрал деп қарастырады.
Ортақтық қарекеттердің бәрі бірдей келісуге негізделген қарекет категориясына жата
бермейді, оған тек өз бағдарын келісу мүмкіндігіне орташаландырып негіздейтін
қарекеттер жатады. Бір нәсіл индивидтерінің әлеуметтік бөлектенуі, мысалы, тек егер бұл
индивидтер (орта есеппен) мұндай бөлектенуді өздерін іс жүзінде белгілі құлыққа
міндеттейтін бірдеңе ретінде қарастырады деу қандай да бір релевантты дәрежеде аталған
категорияға жатады. Керісінше болса жағдайға қарай бұны не бұқаралықтан туындайтын
қарекет не жекелеген адамдардың негізі ретінде ешқандай да келісуі жоқ жай ғана
ортақтық қарекеті деп қарастыру керек. Бұндай өткелдің тиянақсыздығы айдан анық. Ол
әсіресе мас адамды ұстау немесе зардап шеккен адамға көмек көрсету туралы сөз болған
жоғарыда келтірілген мысалдарда ерекше күшті. Жай ғана ортақтық қызметпен жай ғана
жасалған бірлескен қарекеттен (
Zussammenwirken
) көбірек бірдеңе жекелеген
индивидтердің құлқында тек сол құлық эмпириялық жағынан "маңызды" деп