Қазақстанның ашық кітапханасы
154
болғандықтан, ортақтық қарекеттердің "бір типті" қарекетпен ауыл-үй қонбайтыны және
тіпті өзінің мазмұны жағынан көбіне-көп оларға қарама-қарсы екендігі мүлдем анық.
Аталған қасиетте "еліктеуге" негізделген қарекеттерден де өзгешелік сайрап түр. Тек
"бұқаралықтан туындаған" немесе еліктегісі келген адамының құлқына бағдарланған, яғни
"көшіріп алынған" құлық қана "еліктеу" бола алады. Және де бұл көбіне өз кезегінде
еліктеу үшін үлгі болып табылатын құлықтың маңыздылығын ұтымды мақсаттылықпен -
немесе қандай да бір басқа - бағалаудан немесе күтілетін үмітпен мағыналық
салғастырудан, мысалы "бәсекемен" байланысты пиғылдардан туындайды. Өзіндік
ерекшелігі мол ортақтық қарекет оқиғасына көшудің көп сатылы шкаласы осы арадан
басталады, онда еліктеу мынамен түсіндіріледі: үлгі болып табылатын құлық өзіндік
ерекше "әлеуметтік беделден" дәмелі және қандай да бір дәрежеде соған ие - бүл арада
себеп рөл ойнамайды - адамдардың белгілі бір тобына жататындықтың нышаны ретінде
қарастырылады. Алайда "әлеуметтік беделге" ие болу жай ғана еліктеу шегінен шығып
жатады және бұл категория оның толық сипаттамасын бермейді.
"Тілдік ортақтықтың" болуы біздің түсінігімізде белгілі бір дыбыстық ұштасуларды
айтқанда (бүл мүлде талап етілмейді) бұқаралықтан туындайтын біртектілік болады
немесе бір индивид басқалар істегенге "еліктейді" деген сөз емес; тілдік ортақтық
индивидтің қандай да бір "пікір білдіру" кезіндегі өзінің мағынасы жағынан белгілі бір,
орташа алғанда қандай да бір адамдар тобының ішінде болатын "түсінілу" мүмкіндігіне
бағдарланған, және демек, орташа алғанда сол индивидке сондай парықталған нәтижені
күтуге негіз беретін қарекеттерге саяды. Нақ сол секілді "үстемдік" ұғымы өзінің табиғаты
жағынан неғұрлым құдіретті әлдене күш өзінің дегенін істете алады деген сөз емес, қайта
бір қарекетті ("бұйрық") екінші қарекетпен ("мойынсұну") парықты салғастыруды, және,
керісінше болатын жәйтті көздейді, осының нәтижесінде орташа алғанда екі жақтың да
қарекеттері бағдарланған үміттердің жүзеге асатынынан дәмеленуге болады.
Демек, анық та айқын нышандар пайдаланатын құбылыстар категориясы "секілді"
феноменіне қолданыла алмайды. Сондықтан біз "еліктеу", "үстемдік" туралы
айтылғандарға қосымша ретінде орын алып қатынастардың сан алуандығына басқа бір
бөлініс енгіземіз. "Келісу" деген ұғымды біз былай түсінетін боламыз: басқалардың
белгілі бір құлқын күтуге бағдарланған қарекеттерде, осының салдарынан үміт ақталады
дегенде эмпириялық "маңызды" мүмкіндік болады, өйткені, объективті түрде сол
басқалар, қандай да бір уағдаластықтың жоқтығына қарамастан, ондай үміттерге олардың
құлқы үшін өзінің мағынасы жағынан іс жүзінде "маңызды" деп қарайтындығының
объективті ықтималдығы болады. Басқалардың осындай құлқын күткенде сүйенетін
сарындардың тұжырымдық тұрғыдан мәні жоқ. Сипаты осындай "келісудің"
мүмкіндігімен шарттастырылған - және ол шарттастырылған шамада - ортақтық
қарекеттерді біз "келісуге негізделген қарекеттер" деп атайтын боламыз.
Объективті - оның мүмкіндіктерін бағалау мағынасында - "маңызды" келісуді, әрине,
жекелеген қарекет жасаушы индивидтің басқалар оның үмітін өзінің мағынасы жағынан
маңызды деп қарастырады деген субъективті топшылауымен шатастырмау керек, сол
сияқты уағдаластық бойынша белгіленген эмпириялық маңыздылықты оның субъективті
топшыланатын мағынасы сақталады деген субъективті күтумен шатастыруға болмайды.
Алайда екі жағдайда да мүмкіндіктің орташаландырылған объективті маңыздылығы мен
әрбір орташаландырылған субъективті үміт арасында ("объективті мүмкіндік"
категориясымен логикалық қамтылатын") түсінікті адекватты себептік шарттастық өзара
байланысты болады. Құлықтың келісімге субъективті бағдарлануы, уағдаластық
тұсындағыдай, жекелеген жағдайда бар тәрізді немесе тек шамалас тәрізді бола алады
және бүл эмпириялық маңыздылық мүмкіндігінің дәрежесі мен анықтығына ықпал етпей
қоймайды. Қоғамдаса біріккен индивидтер уағдаластыққа кереғар қимылдайтыны секілді,