Қазақстанның ашық кітапханасы
153
Тілдік ортақтық мінсіз-типтік "ұтымды мақсатты" шекаралық жағдайда топшыланған
мағынаны басқаның "түсінуін" ұшыратуға бағдарланған қорытылған қарекеттердің толып
жатқан жеке актылары арқылы білдіріледі. Бұқаралық ауқымда көптеген адамдардың
арасында түсіну мағынасы жағынан жақын, сырттай бір-біріне ұқсас белгілі бір
рәміздердің арқасында азды-көпті шамалас жүретіндігі, өздерінің құлқын бірлесіп
қабылданған грамматикалық жағынан орынды ережелерге бағдарлайтын секілді болып
көрінетіндігі фактысы да - аталып кеткен "секілді" нышанға сәйкес келетін мысал болып
табылады, өйткені бүл оқиға әңгімеге қатысатын индивидтер актыларының мағыналық
ара қатынасымен анықталады .
Алайда айтылған екі оқиғаға да ортақ нәрсе - тек қана аталған нышан бола алады.
Өйткені, ортақ нәтижеге қалай қол жететіні, рас, екі оқиғада да бірнеше сыртқы
параллельдермен көрсетіле алады, алайда оларда елеулі танымдық құндылық жоқ. Демек,
әлеуметтану үшін осынау "секілді" дегеніңіз екі оқиғада да проблеманың қойылуы бар
болғандықтан ғана маңызды, алайда, ол бірден мазмұны жағынан мүлдем өзге ұғымдық
қатарға жетелейді. "Организммен" және осындай биологиялық ұғымдармен кез-келген
ұқсастыру сәтсіздікке күні бұрын жазып қойылған. Мұның үстіне сырттай қарағанда
адамдардың қарекеттері бірлесіп белгіленген тәртіппен анықталатын "секілді" болып
көрінетін ортақ нәтижеге тек адамдардың ортақтық қарекеттерінің көмегімен қол
жеткізілуі мүлдем міндетті емес, қайта оған ортақтық қарекеттерге жатпайтын "бір типті"
және бұқаралық қарекеттердің әрқилы пошымдарының көмегімен нақ сол дәрежеде, тіпті
әлдеқайда мол сезілетін күйде қол жетеді.
Біз қабылдаған дефиниция бойынша "ортақтық" қарекеттер туралы біз бір индивидтердің
қарекеті өзінің мағынасы жағынан басқалардың қарекеттерімен салғастырылатын жерде
айтамыз. Демек, тұлға бірқатар адамдар құлқының жай ғана "біртектілігі" осындай
анықтамаға әлі негіз бере алмайды, дәл сол секілді "ықпалдастықтың" барлық түрі бірдей
немесе таза еліктеу де негіз бере алмайды. Өйткені "нәсіл" - оған жататын индивидтердің
құлқы жекелеген жағдайда қаншама бір тұрпатты болса да - индивидтердің құлқы өзінің
мағынасы жағынан бір-бірімен салғастырылатын болса ғана біз үшін "нәсілдік ортақтық"
болады: егер, мысалы, - біз ең қарапайым оқиғаны алсақ - аталмыш нәсіл өкілдері қандай
да нәрседе өздеріне нәсілдік тұрғыдан жат ортадан "бөлектенгенде", басқа нәсіл өкілдері
де солай істейді деген пікірге сүйенеді (ондай бөлектенудің сипаты мен ауқымының бұл
арада маңызы жоқ). Жүргіндер нөпірі нөсер жаңбырға, қолшатырын ашып, бірдей
қимылдағанда, бүл ортақ қарекет емес ("жаппай - бір типті" қарекет); мағынасы жағынан
онымен салғастыруға келмейтін басқалардың қылығының жай ғана ықпалымен болатын,
мысалы ортақ үрей тұсында немесе егер жүргіндер көшедегі қысылыс кезінде "бұқаралық
сипаттағы" қандай да психикалық ықпалды бастан кешірсе - олар да ортақ қарекет емес.
Жекелеген адамдардың құлқына туындаған ахуалда басқа да қатысушылардың белгілі бір
түрде қимылдайтын фактысының өзі ықпал ететін жағдайларда, біз "бұқаралықтан
туындаған құлық" туралы айтатын боламыз. Бірлесе қимылдайтын, тіпті аумақтық
жағынан бір-бірінен қашық тұрса, бір-бірімен салғастырылатын (мысалы, баспасөз
арқылы) "бұқара" фактысының өзі әрбір жеке индивидтің құлқына ықпал ететіндігіне
ешқандай күмән жоқ қой. Бұл проблеманы бүл арада біз қарастырмаймыз, өйткені ол
"бұқаралық психология" саласына жатады. "Бұқаралықтан туындаған" қарекеттен
ортақтық қарекетке көшуде, әрине, нақты жағдайда анық шекара жоқ. Үрей секілді
құбылыстың өзінде бұқаралықтан туындаған элементтермен қатар ортақтық қарекеттер
элементтері де, сөзсіз, болады. Келісіп алып қарулы маспен шайқасқа кірісіп кететін,
сөйтіп - эвентуалды "еңбек бөлінісі" тұсында - оның қаруын тартып алатын, немесе олар
зардап шеккен адамға бірлесіп көмек көрсететін кездегі адамдардың қарекеті де
қарекеттердің осы тұрпатына жақын. Бұл арада адамдар құлқында "еңбек бөлінісі" бар