Қазақстанның ашық кітапханасы
152
талпыныстарды" басшылыққа алады деген сұрақ - олар осылай еткенде орындылық
жөніндегі пікірге сүйене ме, бірлесе қабылданған немесе топшыланатын ортақ мақсатқа
барынша адалдықты басшылыққа ала ма немесе оларды өздерінің үйреншікті құлқына
сәйкес келетін бірдеңе, сөзсіз болатын жамандық деп ықылассыз қабылдай ма, яки тағы
бір себептермен қабылдай ма деген сұрақ - осының бәрі сайып келгенде уағдаластыққа
осындай бағдарлану мүмкіндігі әлеуметганушылық релевантты мөлшерде сақталатын
шаққа дейін қоғамдастырылған бірлестіктің тіршілік етуі үшін бәрібір нәрсе болып қала
береді. Олардың қатысушылары өздерінің қоғамдық қарекеттерінде мүлдем әрқилы
қарама-қарсы және бірін-бірі жоққа шығаратын мақсаттарды ұстануы мүмкін ғой және өте
жиі осылай болып та жатады. Халықаралық әскери-құқықтық одақ, базардағы ортақтық
қарекеттер үшін құрылатын құқықтық қоғамдастырылу өзінің айырбас процесімен және
бағаның күресімен — тек осынау ұдайы ұшырасатын іс жағдайының ерекше көрнекі
мысалдары ғана. Қоғамдық қарекеттер әрқашан, әлбетте, өзінің және басқаның құлқын,
оның ережелерін бағдарлауға бағытталған, одан басқа ештеңеге бағытталмаған мүдделер
констелляциясының (жағдайлардың тоғысуының) көрінісі болып табылады. Осынау
мүдделер тоғысының мазмұнын ең жалпылама пошымда, таза формалды түрде, бұрын
талай-талай анықталғандай етіп, атап айтқанда былай анықтауға болады: жеке индивид
қоғамдастырылған бірлестік арқылы бірлесіп қабылданған басқаның немесе басқалардың
қарекетінің сипатына үміт арта аламын және өзімнің қарекетімді соған толық бағдарлау
езімнің мүддеме сай келеді деп топшылайды.
VI. "Келісу"
Ортақтастық қарекеттердің комплекстері бар, олар бірлескен келісім бойынша қандай да
бір ұтымды мақсаттылықпен қабылданған нұсқауларсыз-ақ, соған қарамастан, біріншіден,
сондай нұсқаулар бар секілді сипатта болады; екіншіден, олардың ерекше сипаты белгілі
бір дәрежеде әрбір жеке адам қарекетінің мағыналық салғастырылған түрінен де
туындайды. "Ақшаның" кез-келген ұғымды айырбасында, мысалы, қоғамдастырылған
бірлестіктің әріптеспен жалқы актысымен қатар, әлдебір анық елестетілмейтін (тек
осындай анық елестетілмейтін нәрсе ғана жол берілетін) актуалды да потенциалды ақша
иелерінің, ақша құмарлардың және айырбастың топшыланатын қатысушылары өрісінің
ішінде болашақ қарекеттермен мағыналық салғастыру да болады. Себебі төл қарекеттер
басқалар да ақша "алады" деп күтуге бағдарланады, өйткені сондай күту ғана олардың
пайдаланылуын мүмкін етеді. Рас, бүл арада мағыналық бағдарлану жалпы алғанда төл
мүдделерге - және жанама түрде басқалардың индивидуалдық мүдделеріне - төл
қажеттерін қанағаттандыруға және басқалардың қажеттерін қанағаттандыруға
бағытталған. Алайда, бүл айырбас актысының топшыланатын қатысушыларының
қажеттерін қанағаттандырудың белгіленген тәртібіне бағдарлану емес. Ол-ол ма, осы
актыға қатысушылар тарапынан ақшаны пайдаланудағы қажеттерін қанағаттандыруды
реттейтін ("жалпы экономикалық") тәртіптің жоқтығы (бері салғанда, салыстырмалы)
ақша қызметінің тікелей алғышарты болып табылады. Соған қарамастан ақша
айырбасының жалпы нәтижесі әдетте ол көп жағынан айырбасқа барлық
қатысушылардың қажетін қанағаттандыру үшін белгіленген ережеге бағдарлау көмегімен
қол жеткендей сипатта болып шығады. Мұның өзі бүл ақшаны жаратушының
қарекеттерінің мағыналық салғастырмалылығының салдарынан болады, оның жағдайы,
айырбас актысына кез-келген басқа қатысушының жағдайы тәрізді, орташа алғанда
белгілі шектер ішінде оның мүддесі әдетте одан ол басқалардың мүддесін қаперге алуын
талап ететін секілді етіп белгіленген, өйткені бүл мүдделер ол өз кезегінде, әдетте,
басқалардың қарекетінен күтетін "үміттердің" негізделуі болып табылады. Осы тектес
қарекеттердің мінсіз-идеалдық типтік комплексі ретінде "базар" біз "секілді" деген сөз
көмегімен енгізген нышанды өте анық айқын көрсетеді.