Қазақстанның ашық кітапханасы
151
жекелеген бәсекелестер арасындағы жай ғана бір сәттік уағдаластықтан басталып, мол
капиталы, тауар өткізу кеңселері және кең тармақталған басқару аппараты бар
"синдикатпен" аяқталады. Олардың барлығы үшін ортақ нәрсе - тек ортақ келісім
бойынша белгіленген тәртіп, онда, барлық пункттердің осы арада топшыланатын мінсіз-
типтік дәл тұжырымдалуы тұсында, бері салғанда, шарттық қатысушылары үшін не
нәрсенің міндетті деп саналатыны, не нәрсеге тиым салынатыны және не нәрсеге рұқсат
етілетіні көрсетілуге тиіс. Оқшау (қандай да болсын "құқық тәртібінен" толық
абстракциялану жағдайында болатын) айырбаста, мысалы, толық анық мінсіз-типтік
жағдайда уағдаластық бері салғанда келесі пункттерге таралуға тиіс: 1) мыналар міндетті:
айырбас процесінде тауарды беру және - эвентуалды (мүмкін жағдайда) - тауарға ие болу
құқығының үшінші біреулердің қаскүнемдігінен қорғалуына кепілдік беру міндетті; 2)
мынаған тиым салынады: айырбасталған тауардың қайтарылуын талап ету; 3) мынаған
рұқсат етіледі: айырбасталып алынған тауарларды өзінің қалауынша жұмсау. Мұндай
тұрпатты оқшау ұтымды "айырбас" - "басқару органдарынсыз" қоғамдастырудың
шекаралық жағдайларының бірі. Мақсатты одақтың нышандарының бәрінің ішінде ол тек
біреуіне ғана - уағдаластық бойынша белгіленген тәртіпке ие. Ол, өзінің "үміттерінде" екі
жақ үшін де, басқа жақ, ол қандай мүддені басшылыққа алса да, уағдаластықты
бұзбайтынына негізделген өзара сеніммен шартталғандықтан, гетерономды (құқықпен
немесе шарттасумен) түрде құрылымдала немесе толық автономияға ие бола алады.
Алайда бүл тұрпатты айырбас автокефалды да, гетерокефалды да қоғамдық қарекет деп
атала аталмайды, өйткені ол жалпы тиянақты "құрылым" емес. Дәл сол дәрежеде
бұқаралық құбылыс ретінде, тіпті іштей каузалды байланысқан бұқаралық құбылыс
ретінде айырбас актысының ("базар") болуы, әрине, тіпті де мақсатты одақ ретінде
қарастырыла алмайды, ол-ол ма, ол одан принципінде өзге нәрсе. Айырбас жөніндегі
әңгіме бір мезгілде мына бір фактты бедерлеп көрсетеді: қоғам болып бірігуге жетелейтін
қарекеттердің (қоғамдастырылған қарекеттер) қоғам болып біріккен адамдар тарапынан
тиісті қарекеттерді күтуге бағдарланған болуы тіпті де міндетті емес екен. Керісінше,
аталмыш мысал көрсететініндей, олар сондай-ақ айырбас актысына қатысы жоқ үшінші
біреулердің айырбас нәтижесіне, "иенің алмасуына" құрметпен қарайды дегенге де
бағдарланған. Осы кезге дейін бүл біз кейінірек "келісімге негізделген қарекеттер" деп
атайтын тұрпаттағы жай ғана "ортақтық" қарекеттер.
Тарихта біз баспалдақтары "орайына қарай қоғамға бірігуден" тиянақты "құрылымға"
дейін жетелейтін шкаланы табамыз. Бүгінде біз "мемлекет" деп атайтын
қоғамдастырылған бірлестіктің типтік ұрығын, бір жағынан, өздері таңдаған көсеммен
бірге жорыққа аттанатын олжақұмарлар құрған еркін "орайына қарай қоғамға бірігуден"
екінші жағынан - шабуыл қатеріне ұшырағандар құрған "орайына қарай қоғамға
бірігуден" табамыз. Бұл арада мақсатты жүзеге асыру құралы ретінде қолданылатын
әлдебір мүлік және ұзақтық мүлдем жоқ. Олжа үшін жасалған жорық аяқталып (сәтті
немесе сәтсіз), олжа табыс бөлінген бойда, шабуыл қатері сейілтілген бойда - қоғамға
бірігушілік өмір сүруін тоқтатады. Осыдан әскери міндеттілерді ұзақ уақытқа
қоғамдастыруға, әйелдерге, әскери есепте тұрмайтындарға, бағындырылған халықтарға
жүйелі салық салуға дейін, одан әрі - қазылық және әкімшілік қоғамдық қызметтерді
бауырға басып қалуға дейін - ұзақ үздіксіз жол жатыр. Керісінше, қажеттерді
қанағаттандыру үшін орын алып отырған ұзақ қоғамдық бірлестіктердің ыдырауы
салдарынан - және бүл "халық шаруашылығының" пайда болуына ере жүретін әрқилы
процестердің бірі - аморфты, қоғамдық бірлестіруші қарекет ететін құрылым - "базар"
қалыптасады.
Мұндай актыға қатысушылардың оған "психикалық" көзқарасы, яғни олар біріккен және
өздерінің қарекеттерін қабылданған нұсқауларға бағдарлаған кезде қандай терең "ішкі