Page 150 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
150
Олар оны азды-көпті бір мағынада, азды-көпті шамалап қабылдай алады: әлеуметтанушы
мағынада "бірдейлік" - тек салыстырмалы және өзгермелі нақты жағдай. Одақта қоғамдаса
біріккен индивидтер белгіленген тәртіпті саналы түрде жаңа қоғамдық біріктіруші әрекет
арқылы өзгерте алады: бүл нұсқаулар аталған қарекеттердегі ешқандай өзгеріссіз-ақ
индивидтер қарекеттері үшін практикалық мәні жағынан, олардың "мағынасын" таралып
келе жатқан орташаландырылған түсінудің өзгеруі немесе әсіресе жағдайдың өзгеруі
(сондай-ақ мақсаттың өзгеруі деп дәл аталмаған "мәннің өзгеруі") салдарынан өзгере
алады, ал кейде тіпті өзінің мәнін мүлдем жоғалтады. Мұндай жағдайда мына бір факт -
әлеуметтанушылық орындылық тұрғысынан өзгерген қоғамдық қарекеттерді бұрынғының
"жалғасы" немесе "жаңа" әлеуметтік құрылым деп қарастыруы төмендегі факторларға: 1)
өзгерістің үздіксіздігіне; 2) бұрынғы нұсқаулардың тиісінше бағдарланған қарекет ретінде
сақталуының салыстырмалы көлеміне; 3) одақтың органдары жалғасуы мен мәжбүрлеу
аппаратының не бұрынғы құрамда сақталуына, не оған жаңадан енгізілген адамдардың
типі бойынша оған жақындығына, не - егер бұл жаңа органдар болса - олар бұрынғылар
секілді қарекет жасай ма дегенге тәуелді. Тағы да айта кету керек, бүл арада да өтпелілік
жылжымалы сипатта болады. Дәл сондай дәрежеде мына нәрсе де әрбір жеке жағдайда
әртүрлі шешілетін (яғни нақты зерттеушілік мақсатпен анықталатын орындылыққа
негізделе отырып) мәселе болып табылады: қандай жағдайларда қоғамға бірігу "дербес"
құрылым ретінде қарастырылады және қандай жағдайларда оны неғұрлым кең, өзінің
шеңберінен шығатын қоғамдастырылудың бөлігі деп қарастырады. Мұның соңғысы екі
жағдайда мүмкін: 1. Егер қоғамдық әрекеттердің эмпириялық "маңызды" нұсқаулары тек
сол қарекетке қатысушылар (автономдық жүйелер) тұжырымдаған нұсқауларға ғана
негізделмей, қайта қоғамдық қарекеттер сондай-ақ оларға қатысатын индивидтер
өздерінің қарекеттерін (бұл арада, қашандағыдай: әдетте) басқа қоғамдық бірлестіктің де
(гетерономдық жүйелер) нұсқауларына бағдарлауымен негіздейтін болса. Бұған саяси
өкіметтің нұсқаулары жөніндегі шіркеудің қарекеті немесе керісінше өкіметтің шіркеу
нұсқаулары жөніндегі қарекеті мысал бола алады; 2. Егер қандай да бір қоғамдық
бірлестіктің органдары өз кезегінде сондай-ақ көбірек ауқымдағы басқа одақтың
қоғамдастырушы органдарының шеңберінде белгілі бір түрде қоғамдастырылған болса;
мысалы "әскери басқарудың" ортақ аппаратындағы "полк" органдары секілді "еркін одақ
немесе дербес мемлекет секілді авто кефалды" одақтан өзгеше гетеро кефалды мақсатты
одақ. Нұсқаулар гетерономиясы мен басқару органдарының гетеро кефалиясы, міндетті
түрде болмаса да, жиі сай келеді. Қазіргі кезде авто кефалды одақтағы қоғамдық
қарекеттер әдетте сондай-ақ сол одақ мүшелерінің қарекеттерін саяси одақ құруға
бағдарлаумен сипатталады, демек, ол гетерономды. Өндіріс құралдарын социалист
"қоғамдастыру" мынаны білдірер еді: бүгіннің өзінде едәуір дәрежеде гетерономды, яғни
басқа, ең алдымен саяси одақ құруға бағдарланған әрбір жеке, енді принципінде авто
кефалды "кәсіпорынның" қоғамдық құлқы гетеро кефалды, яғни қандай да бір (кез-келген)
"жиынтықтың" органдарына бағдарланған құлық болып шығар еді.
Келісім бойынша жасалған әрбір қоғамдық бірлестік мақсатты одақтың пайда болуына
жетелей бермейді, ол үшін осы дефиницияға сәйкес мыналар қажет: 1) Ортақ ережелер
жөніндегі келісім; 2) Одақтың төл органдарының болуы. Қоғамға бірігу ("жағдайға
байланысты қоғамдастырылу") өзінің міндеті бойынша мүлдем эфемерлі болуы да
мүмкін; мысалы, егер әңгіме кек алу үшін уағдаластыққа қатысушылар жақын арада
жүзеге асырғысы келетін, бірлесе ойластырылған кісі өлтіру жөнінде болса, демек, онда
мақсатты одақтың қабылданған дефиниция бойынша бүл арада конститутивті деп
саналатын, бірлескен уағдаластық бойынша ұтымды белгіленген қоғамдық қарекет
"тәртібінен" басқа барлық айтылған сипаттамалары болмауы мүмкін. Өнеркәсіптік
картелдестіру жағдайға байланысты қоғамға бірігуден мақсатты одаққа дейінгі
сатыларының дәйектілігінің жақсы мысалы бола алады, ол бағаны кеміту туралы