Page 149 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
149
субъективті анық шарттарын түгел айтады: қандай (немесе қалайша анықталатын)
адамдардың ("одақ органдарының") қандай және қандай пошымда жүзеге асырылатын
қарекеттері одақтың қарекеттері деп саналуға тиіс және мұның одаққа біріккен адамдар
үшін қандай "мағынасы" яғни қандай салдарлары болады. Бұдан әрі, материалдық
игіліктер мен жетістіктер қоғамдық қызметтің ("белгілі бір мақсатқа жету үшін қажет
мүлік") ортақ мақсатқа ("одақ мақсаттарына") пайдалануға ашық бола ма және олар
қандай игіліктер. Бұдан кейін, мұны одақтың қандай органдары және қалайша жұмсайды;
одақтың мақсаты үшін қатысушылар не істеуі керек; қандай қарекеттер "талап етіледі",
қандай қарекеттерге "тиым салынады" немесе "рұқсат етіледі" және олар одақтың
қызметіне қатысудан қандай артықшылықтар алады. Және ақыр соңында, одақтың
органдары қандай болады, белгіленген тәртіпті сақтау үшін олар қандай жағдайда және
қандай құралдар көмегімен қимылдауға тиіс (мәжбүрлеу аппараты). Қоғамдық әрекеттерге
қатысушы әрбір индивид одақтың басқа мүшелері (шамамен және орташа есеппен)
белгіленген келісімге сәйкес қарекет жасайтынына белгілі дәрежеде иек артады және де өз
құлқын ұтымды бағдарлау тұсында осыны ескереді. Жекелеген индивид, оның
топшылауы бойынша, мұндай кәміл сенім үшін бар деп білетін негіздер, егер басқалардың
кез-келген, өзінің сипаты жағынан қандай болса да, мүдделерінің нәтижелері оларды
белгіленген тәртіпті жеткілікті батыл қолдап отыруға бейімдейтін мүмкіндік объективті
бар болса, кез-келген, қандай болса да, одақтың эмпириялық өмір сүруі үшін бәрібір
нәрсе. Әрине, одақтың нұсқаулары сақталмаған жағдайда физикалық немесе (тіпті,
мысалы, христиандық "бауырлық" ұялту секілді жұмсақ болса да) психикалық мәжбүрлеу
ықтималдығы (орташа алғанда) сенім ақталады деген кәміл сенімге, сондай-ақ аталған
үміттің негізді екендігінің объективті ықтималдығына субъективті кәміл сенімді едәуір
күшейтеді. Өзінің субъективті орташаландырылған топшыланатын мағынасы бойынша
"келісім" бар екенін көрсететін, айғақтайтын қарекеттерді біз, осы келісімге бағдарланған
"қоғамдық қарекеттерден" өзгеше, қоғамға біріктіретін қарекеттер деп атаймыз. Келісімге
бағдарланған қарекеттердің ішінде "қоғаммен салғастырылған" қоғамдық қарекеттердің
аса маңызды түрі, бір жағынан, "органдардың" арнайы қоғамдық қарекеттері, екінші
жағынан - қоғамға біріккен индивидтердің, өзінің мағынасы бойынша органдар
қарекеттерімен салғастырылған қоғамдық қарекеттері болып табылады. "Институтқа"
жатқызылатын қоғамдастырылған категориялар ішінде - біз оны төменде қарастырамыз
(атап айтқанда "мемлекет ішінде") - әдетте қарекеттерді бағдарлау үшін құрылған
нұсқауларды - институт құқығын (мемлекетте - "жұртшылық құқығын") және осы
институт индивидтерінің басқа әрекеттерін реттейтін нұсқауларды бөліп көрсетеді.
Бұндай болу мақсатты одақ ішінде де бар (бүл арада "Одақ құқығы" одақ жасаған
нұсқауларға қарама-қарсы тұрады), Алайда, бүл арада біз көрсетілген қарама-
қарсылықпен (жіті анықтауға жол бермейтін) бұл арада айналыспаймыз.
Толық дамыған тұста мақсатты одақ эфемерлі емес, ұзақ өмір сүріп жатқан "әлеуметтік
құрылым" болып шығады.
Мұның мәні: одақтың қоғамдық қарекетіне қатысатын адамдардың алмасып жататынына
қарамастан, яғни олар оның құрамынан шығып қалатынына және бір мезгілде оған жаңа
адамдар, әрине, - мінсіз-типтік шекаралық жағдайда - әрқашан жаңа келісімдердің
негізінде, кіріп жататынына қарамастан, одақ сол күйінде қала беретін нәрсе ретінде
қарастырылады. Бұл, құрамның алмасуына қарамастан, одақтың "бірдей" нұсқауларына
бағдарланған қарекеттер әлеуметтанушылық тұрғыдан релевантты мөлшерде қала
беретінін шынында да күтуге болатын шаққа дейін болып жатады. Әлеуметтанушылық
мағынада (субъективті ұғынылған) қоғамдаса біріккен индивидтердің орташаландырылған
әдеттегі ойлау жүйесі бойынша орташаландырылған түсініктер жағынан маңызды
пункттерде оның ұқсастығы қабылданатын шаққа дейін, тәртіп "бірдей" деп саналады.