Page 148 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
148
құлық саналы түрде олардың (субъективті ұғынылған) мағынасына бағдарланып, оның
ықпалын сезінеді. Жүйенің эмпирикалық "маңыздылығының" табиғи көрінісі деп біз оның
нұсқауларының "басшылыққа алыну" мүмкіндігін айтамыз. Бүл дегеніңіз: қоғамдарға
біріккен индивидтер орта есеппен алғанда жеткілікті ықтималдық үлесімен басқалардың
белгіленген тәртіп "талаптарына" (орта есеппен) "сәйкес келетін" құлқына үміт артады,
және өзі де өзінің құлқын орта есеппен алғанда олардың дәл сондай үмітіне бағындырады
("белгіленген тәртіпке сәйкес келетін қоғамдық құлық") деген соз. Алайда мынаны атап
көрсету қажет: жүйенің эмпириялық "маңыздылығы" қоғамға біріккен бір индивидтердің
басқа адамдардың белгілі бір нақты құлқынан күтетін "үміттерінің" орташаланған
негізділігімен тамамдалмайды. Бүл тек ең ұтымды әрі әлеуметтанушылық тұрғыдан
тікелей қол жететін мән ғана. Бірақ аталмыш жүйе индивидтерінің әрқайсысының
басқалар одан "күтетін" тиісті құлыққа ғана бағдарланған құлқы таза "ортақтықпен
бағдарланған қарекеттердің" абсолютті шекаралық жағдайын құрар еді және сондай-ақ
сол үміттердің өзінің абсолютті тиянақсыздығын айғақтар еді. Индивидтер өздерінің
қарекеттерін тек басқалардан белгілі бір құлық "күтуге" ғана бағдарламайтынына орта
есеппен неғұрлым көбірек үміт артуға болатын болса және олар үшін жүйеге қатынастың
"заңдылығы" "міндетті" (субъективті парықталып түсінілген) деген субъективті көзқарас
олардың арасында релевантты дәрежеде неғұрлым көбірек таралған болса, әлгі үміттер
орташаландырылған ықтималдықпен соғұрлым көбірек "негізделген" болып шығады.
Ұры мен алаяқтың қарекетін біз (субъективті) түрде "белгіленген тәртіпке кереғар"
қоғамдық қарекет деп, ал өзінің интенциясы бойынша сол тәртіпке субъективті
бағдарланған, бірақ оның ережелерін орташа тәпсірлеуден ауытқитын қарекеттерді -
"нормативтік қарекеттен ауытқитын" қоғамдық қарекеттер деп анықтайтын боламыз. Бұл
категориялардың шегінен тыс тек қана "қоғамдастырылған қарекеттермен шартталған"
оқиғалар болады. Мысалы, әлдебіреу өзінің құлқында қоғамға қамтылу фактысының
салдарынан өзіне алған парызды ұтымды мақсаттылықпен басшылыққа алуға мәжбүрмін
деп санайды (мысалы, қандай да бір қарекеттерден, олар әлі де үстеме шығындарға
міндеттейтіндіктен, бас тарту). Немесе (мысалы, өзінің "достық байланыстарында" немесе
жалпы "өмір стилінде") ұтымды мақсаттылықпен қаламай-ақ және онысын өзі де
байқамай-ақ өз құлқының белгілі қырларында өзінің әлдебір келісіммен қабылданған
нұсқауларға (мысалы, діни секта) бағдарланғандығының ықпалын жиі сезінеді. Нақты
болмыста осынау айырмашылықтардың айқын шегін жүргізу қиын. Қоғамдық қарекеттер
қоғамға бағдарланған индивидтердің бір-бірімен немесе үшінші біреулер мағыналық
қатынастары шеңберінде өтетіндігінде принципінде ешқандай айырмашылық жоқ;
қатынастардың нақ соңғы типі көбінесе өзара келісім негізінде құрылған бірігудің
топшыланған мағынасын құрайды. Керісінше, қоғамға бірігудің белгіленген тәртібіне
бағдарланған, қарекеттер "қоғаммен салғастырылған", яғни қоғамға аталмыш бірігудің
белгіленген тәртібіне (қашанда өзінің мағынасы бойынша субъективті түсіндірілетін)
белгілі бір позицияны тікелей ұстанудан туындайтын - демек, өзінің топшыланатын
мағынасы бойынша не сол нұсқаулардың эмпириялық маңыздылығын жоспарлы толық
жүзеге асыруға не керісінше, оларды өзгертуге немесе толықтыруға бағытталған, -
қарекеттер де, сондай-ақ "қоғам реттейтін", яғни қоғамның нұсқауларына бағдарланған,
бірақ "қоғаммен салғастырылмаған" қарекеттер бола алады. Алайда бұл айырмашылық та
тиянақсыз.
Аталмыш сатыда біз қоғамға бірігудің ұтымды мінсіз типі "мақсатты одақ", яғни ортақ
келісім негізінде барлық қатысушылар ұтымды мақсаттылықпен қабылдаған қоғамдық
қарекеттердің мазмұны мен құралдары туралы нұсқаулары бар қоғамдық қарекеттер деп
санайтын боламыз. Белгіленген тәртіп туралы келісімде (оның "тұжырымдалуында")
мінсіз типтік ұтымды жағдайда барлық қоғамдастырылған қарекет жасаушы адамдар