Қазақстанның ашық кітапханасы
147
үмітке объективті дәмелене алады ("парапар себептік шарттылық категориясының ерекше
пошымы"). Логикалық жағынан келгенде маңыздылықтың көрсетілген екі түрін қатаң
ажырату керек. Бұлардың біріншісі бақылау объектісі болып табылатын қарекет жасаушы
индивидке субъективті тән, яғни зерттеуші оны "орташа" бар мәлімет ретінде
қабылдайды, екіншісі - мүмкіндік, танушы субъект (зерттеуші), өзінде бар білімге және
аталмыш қоғам индивидтердің әдеттегі ойлау типіне сүйеніп, оны объективті есептеп
шығаруға тиіс. Ортақ ұғымдарды жасағанда әлеуметтанушылар қарекет жасаушы
индивидке де субъективті түсіну "қабілетінің" қолда бар мүмкіндіктерді бағалау үшін
қажет орташа шамасы тән деп топшылайды. Бұл объективті орташаландырылған
мүмкіндіктерді ұтымды мақсаттылықпен қарекет жасайтын индивидтер де орташа
субъективті долбармен қаперге алады деген мінсіз-типтік алғышартты әлеуметтанушы
біржола қабылдайды деген сөз. Демек, біз үшін де белгіленген тәртіптің эмпиристік
"маңыздылығы" орташаланған үміттердің ("объективті мүмкіндік" категориясы)
объективті негізділігінде. Неғұрлым арнайы тұжырымдағанда былай деуге болады:
қарекеттің орташа алғанда сондай үмітке субъективті бағдарланған іс жүзіндегі
мәліметтерін орташаланған ықтималдық есептеп шығару ахуалына сәйкес "парапар
себептік шарттылық" деп саналады. Бұл орайда ықтимал үміттердің объективті
бағалануына жол беретін мүмкіндіктер аталған үміттердің қарекет жасайтын
индивидтерде ықтимал бар болуы үшін жеткілікті түсінікті танымдық негіз ретінде
көрінеді. Бұлардың екеуі де бүл арада өздерінің білдірілуі жағынан бір-біріне дөп келеді,
бірақ бүл олардың арасындағы орасан зор логикалық айырмашылықты өшіріп жібермеуге
тиіс. Тек бірінші мағынада - мүмкіндік туралы объективті пікірде - әрине, орташа алғанда
ықтимал үміттердің мүмкіндіктері өзінің мағынасы бойынша қарекет жасайтын
адамдардың субъективті үміттерінің негізі бола алады "және сондықтан" оларға шынында
да (релевантты дәрежеде) сондай қызмет атқарады. Осы арқылы айтқанымыздан мына бір
нәрсе айқын баламаның логика бойынша бір бірін жоққа шығаратын секілді жақтарының
арасында - қоғамға бірігудің орын алуы немесе оның тоқтатылуы - шындығында орын
ауыстырудың үздіксіз шкаласы берілген. Карта ойнаушылардың бәрі қабылданған ойын
ережесін жалпы ешкім енді сақтамайтынын "білген" бойда, немесе, әдетте есепке
алынатын мүмкіндік объективті болып шыққан бойда, және сондықтан кісі өлтірушінің,
мысалы, өзі саналы түрде бұзатын мұндай бұзудың нақ өзі үшін ешқандай зардабы
болмайтындықтан бұзатын белгіленген тәртіпке ден қою мүмкіндігі енді субъективті
түрде де есепке алынбайды, - мұндай жағдайда сол белгіленген тәртіп эмпиристік
тұрғыдан енді жоқ болып шығады, демек, қоғамдағы тиісті бірігу де жоқ болып шығады.
Ол іс жүзінде релевантты ауқымда орташаландырып топшыланған мағынада оның
нұсқауларына бағдарланған құлық қалай болғанда да әзірше сақталып тұрған кезде - және
сол шамада - сақталады. Алайда, бүл арада шекаралар шайылып кеткен.
Айтқанымыздан сондай-ақ мына нәрсе де байқалады: индивидтің нақты құлқы әбден-ақ
субъективті парықталған күйде нұсқаулардың бірнеше жүйесіне бағдарлана алады, олар
өздерінде қабылданған шартты ойлау жүйесі бойынша бір-біріне мағыналық тұрғыда
"кереғар" болып шығады, алайда соған қарамастан өздерінің эмпиристік "маңыздылығын"
жарыса сақтайды. Мәселен, біздің заңдарымыздың "мағынасына" үстем (орташа есеппен)
көзқарастар бойынша, мысалы, дуэлдерге үзілді-кесілді тиым салынған. Сөйте тұра
қоғамда маңызды деп саналатын шарттылықтардың "мағынасы" туралы кеңінен таралған
түсініктер бойынша дуэль көбіне амалсыз болып тұрады. Дуэльге қатыса отырып,
индивид өзінің құлқын сол міндетті шартты нұсқауларға бағдарлайды; алайда өз қарекетін
жасыра отырып, ол заң талабына бағдарланады. Демек, бүл жағдайда нұсқаулардың екі
жүйесінің эмпирикалық маңыздылығының (яғни осы арада және әрқашан: құлықтың
субъективті парықталған бағдары үшін орташа күтілетін) практикалық ықпалы әртүрлі.
Ал біз екі жүйеге де эмпирикалық "маңыздылықты" телиміз, ол маңыздылық мынада: