Қазақстанның ашық кітапханасы
146
құндылыққа бағдарланады. Бұндай "үміттің" мазмұны үшінші біреудің қарекеті ғана емес,
ішкі түйсігі де (мысалы, "қуаныш") бола алады. Үшінші біреудің парықталған құлқымен
өзіңнің құлқыңның мағыналық салғастырмалылығының мінсіз типіне осынау үшінші
(мысалы, емшектегі сәби) жай ғана "объект" ретінде қаперге алынатын жағдайға дейін,
көшуінде анық шекара болмайды. Басқа адамдардың парықталған қарекетін күтуге
бағытталған қарекеттер шекаралық жағдайдан басқа ештеңе емес. Алайда, "ортақтықпен
бағдарланған қарекет" біз үшін әрқашан не тарихтан белгілі, не басқа адамдардың шын
мәніндегі немесе анық топшыланатын құлқына сәйкес жекелеген индивидтің объективті
"мүмкін" немесе "ықтимал" қарекеттері ретінде теориялық түрде құрастырылған бірдеңе.
Мұны түсіне білетін әлеуметтанудың бұдан әрі сөз болатын категорияларын талдап
әзірлегенде де ұмытпау қажет.
V. Қоғамдарға бірігу
(Vergesellschaftung)
және қоғамдық бағдарланған қарекеттер
(Gesellsachaftshandeln)
Ортақтықпен бағдарланған қарекеттерді біз мынадай жағдайларда (және сол шамада), егер
олар, біріншіден, белгілі бір нұсқауларға негізделген күтуге (үмітке) парықты
бағдарланса, екіншіден, бұл нұсқаулар қоғамдастырыла бағдарланған индивидтердің
салдар ретінде күтілетін қарекеттеріне сәйкес етіліп таза ұтымды мақсаттылықпен
"тұжырымдалса" және, үшіншіден, егер индивидтердің мағыналық бағдары субъективті
ұтымды мақсатты болса, қоғамдастырыла ([тар мағынасында] "қоғамдық") бағдарланған
қарекеттер деп атайтын боламыз. Біз қаперімізде ұстайтын таза эмпиристік мағынадағы
белгіленген тәртіп - бүл арада оның тек уақытша анықтамасы ғана беріледі - не бір жақты,
ұтымды шекаралық жағдайда бір адамдардың басқаларына үзілді-кесілді талабы, не,
шекаралық жағдайда, адамдардың субъективті топшыланатын мазмұны белгілі бір типтегі
қарекеттер топшыланып, күтіліп отыр дегенге саятын екі жақты үзілді-кесілді түсінік
беруі болып табылады. Біз әзірше бұған неғұрлым егжей-тегжейлі аялдаймыз.
Қарекеттер өзінің субъективті мағынасы бойынша белгіленген тәртіпке "бағдарланатыны"
фактысы қоғамдастырыла бағдарланған индивидтер субъективті қабылдаған қарекет
типіне олардың іс жүзіндегі құлқы объективті сәйкес келеді дегенді ғана білдіре алады.
Белгіленген тәртіп мағынасы, демек, өзіңнің топшыланған және басқалар күтетін құлқың,
алайда, әртүрлі түсінілуі немесе кейіннен жекелеген қоғамдастырылған индивидтермен
әрқилы түсіндірілуі мүмкін, сондықтан орын алып отырған тәртіпке субъективті
бағдарланған құлық (қарекет жасайтын адамдар өздеріне субъективті телитін) бірдей
жағдайларда бірдей болуы міндетті емес. Бұдан әрі, құлықты белгіленген тәртіпке
"бағдарлау" қоғамдастырылған индивидтердің әлдебіреуі белгіленген тәртіптің өзі
субъективті түсінген мағынасына саналы түрде қарсы қимылдауынан да көрінуі мүмкін.
Егер карта ойынына қатысушылардың біреуі өзі субъективті қабылдаған ойын ережесінің
мағынасына саналы түрде және қасақана кереғар ойнаса, яғни "теріс" ойнаса, ол соған
қарамастан ойыннан өзі қылмысты жасыратын немесе өзі жасырынатын ұры немесе кісі
өлтіруші секілді шығатын, бірақ бәрібір өзінің құлқын өзі субъективті саналы түрде
бұзатын нұсқауларға бағдарлайтын адамнан өзгеше, ойыншылар қоғамының
"қатысушысы" болып қала береді. Демек, ұтымды мақсаттылықпен қызмет ететін
тәртіптің эмпиристік "маңыздылығы" үшін шешуші нәрсе жекелеген индивидтердің өз
құлқын өздері субъективті тәпсірлейтін мағыналық мазмұнға сәйкес бағдарлайтындығы
емес. Бүл маңыздылық мынаған саюы мүмкін: бір жағдайда шынында да (субъективті)
жекелеген индивидтер, алаяқтар мен ұрылар секілді, аталмыш қоғамның басқа
индивидтері орташа алғанда өздерін алғашқылары өзінің құлқында белгіленген тәртіпті
сақтау жайын күйттейтіндей "секілді" ұстайды деп күтеді, екінші жағдайда - құлқы тән
мүмкіндіктер туралы орташаланған мөлшерде қолданылатын пікірге сәйкес, олар осындай