Қазақстанның ашық кітапханасы
145
норманы силлогиялық тәпсірлеуге негізделген) қолдануына тура келеді, оларға
әлеуметтану кейін заңдық мағынасының мүлдем өзгеше, төл мағынасын береді. Бұған
тағы да мына бір жағдай қосылады, объект табиғатына сәйкес әлеуметтануда ұдайы былай
қимылдауға тура келеді: "дағдылы", күнделікті "жәйттен" белгілі мағыналық байланыстар
басқа байланыстарды дефинициялау (ұғымның негізгі мағынасын белгілеу) үшін
қолданылады, содан кейін, соңғысының көмегімен олар өз кезегінде өз дефинициясына не
болады. Осы арада біз бірнеше мысалды қарастырамыз.
IV. Ортақтықпен бағдарланған қарекет
(Gemeinschaftshandeln)
"Ортақтықпен бағдарланған қарекеттер" (Gemeinschaftshandeln) туралы біз индивидтің
қарекеті субъективті парықты түрде басқа адамдардың құлығымен сәйкес келген
жағдайларда сөз етеміз. Екі велосипедшінің кездейсоқ соқтығысып қалуын біз
ортақтықпен бағдарланған қарекеттер деп атай алмаймыз, бірақ олардың инцидентке жол
бермеу үшін содан бұрын жасаған әрекеттерін, сондай-ақ ықтимал "төбелесін" немесе
бейбіт "бітімге келу" әрекетін біз тілге тиек болған типке жатқызамыз.
Әлеуметтанушылық каузалды тоғыстары үшін маңыздысы ортақтықпен бағдарланған
қарекеттер ғана емес; бірақ бұл - "түсіне білетін" әлеуметтану үшін бірінші дәрежелі
маңызы бар мәселе. Ортақтықпен бағдарланған қарекеттің маңызды, бірақ қажетті емес
компонентін оның басқалардың белгілі бір құлқын күтуге мағыналық бағдарлануы және
осыған сәйкес (субъективті) өз қарекетінің табысқа жету мүмкіндігіне баға беру құрайды.
Қарастырылып отырған қарекеттерді түсіндірудегі әбден түсінікті де маңызды негіз
қызметін ондай мүмкіндіктердің, объективті түрде болуы, яғни аталған үміттер негізді
екендігін "объективті мүмкіндік туралы пікірде" (бүл туралы егжей-тегжейлі кейінірек
айтамыз) білдіруге болатын азды-көпті ықтималдықтың болуы атқарады. Біз әзірше
субъективті үміт проблемасының шеңберінде қала тұрамыз. "Ұтымды мақсатты"
қарекеттер, оларды біз ілгеріде анықтаған мағынада, әрқашан үміт күтуге бағдарланған.
Сондықтан әуелі қарекет жасаушы адамның құлқы табиғаттың оның тарапынан ешқандай
араласуынсыз, не оның соларға есептелген қарекетіне реакция түрінде пайда болуы
мүмкін белгілі бір құбылыстарын күтуге негізделген деп санау керек пе немесе оның
осылайша құлқын басқа адамдардың нақты белгілі бір құлқын күтумен байланыстыру
керек пе дегеннің арасында принципті айырма жоқ секілді болып көрінеді. Алайда, соңғы
жағдайда субъективті ұтымды қарекет жасайтын индивидтің үміті мынаған негізделуі
мүмкін: ол басқалардан да субъективті парықталған құлықты күту және сол арқылы,
белгілі бір мағыналық байланыстарға сүйене отырып, басқа адамдардың мүмкіндіктерін
де ықтималдықтың әртүрлі дәрежесінде күн ілгері есептеп шығару мүмкін нәрсе деп
топшылайды. Бұл үміт субъективті түрде ең алдымен мынаған негізделе алады: қарекет
жасайтын индивид басқа адамдармен "келісімге келеді", олармен "уағдаластыққа қол
жеткізеді", оның "сақталуын" (мұндай уағдаластықты оның өзінің парықтауына сәйкес)
ол, өзінің түсінігінше, олардан күтуге жеткілікті негізім бар деп санайды. Осы жағдайдың
жалғыз өзі ортақтықпен бағдарланған қарекетке өзіндік және өте елеулі сапалық
ерекшелік береді, өйткені сол арқылы индивид, өзінің топшылауынша, өз қарекеттерін
ұтымды мақсатты бағдарлай алатын үміт өрісі кеңейеді. Рас, ортақтықпен бағдарланған
қарекеттің ықтимал (субъективті топшыланатын) мағынасы индивидтің үшінші
біреулердің белгілі бір қарекеттерін "күтуге" бағдарлануымен тамамдалмайды.
Шекаралық жағдайларда мұндай бағдарлануды жай ғана қаперге алмауға болады, және
өзінің мағынасы жағынан үшінші біреулердің қарекеттерімен салғастырылған қарекеттер
өз қарекеттер мазмұнының субъективті топшыланған "құндылығына" ("борышқа" немесе
басқа кез-келген нәрсеге) бағдарландыра алады; бұл жағдайда қарекеттер үмітке емес,