Page 144 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
144
III. Құқық догматикасына қатынас
Біздің зерттеуіміздің мақсаты - "түсіну" дегеніңіз, шындап келгенде, түсіне білетін
әлеуметтану (біздің мағынада) жекелеген индивид пен оның қарекетін бастапқы бірлік
ретінде, "атом" ретінде (егер осынау өз-өзінен күмәнді теңеуді қолдануға болады деп
санасақ) қарастырудың себебін де құрайтынын дәлелдеу. Басқа міндеттерге сәйкес
индивид, әрине, психикалық, химиялық және кез-келген басқа "процестердің" жиынтығы
ретінде анықтала алады. Бірақ әлеуметтану үшін, "объектілерге" (ішкі немесе сыртқы
дүниенің) парықты тәпсірлеу жол беретін қатынас табалдырығынан аттап өтетін нәрсенің
бәрі тап табиғаттың "мағынаға жат" құбылыстары, субъективті мағыналық салыстырудың
шарты немесе пәні секілді дәрежеде қаперге алынады. Дәл сол себеппен де
әлеуметтанушылық зерттеу үшін индивид парықталған құлықтың жоғарғы шегі, ол -
соның бірден бір иесі. Және ойды білдірудің осыдан ауытқитындай бірде-бір пошымы
мұны бүркемелей алмайды. Тілдің ерекшелігі ғана емес, біздің ойлауымыздың ерекшелігі
де сөзсіз мынаған жетелейді: адамдардың құлқын түсінуге көмектесетін ұғымдар оны
"кісілік" қалыптасудың данышпандық немесе өзінің дербес тіршілігін жүргізетін орнықты
болмыс келбетінен табады. Бұл айтқанымыз бірінші кезекте нақ әлеуметтануға қатысты.
"Мемлекет", "қоғамдастық" (Genossenschaft), "феодализм" және тағы басқа ұғымдар
әлеуметтанушылық түсінікте - егер мұны ортақ пошымда білдірсек - адамдардың
бірлескен қызметінің белгілі бір түрлерінің категориялары деген соз, және де
әлеуметтанудың міндеті оларды "түсінікті" құлыққа телу, ал мұндай телу қашанда бір ғана
нәрсені - бұл қызметке қатысатын жеке адамдардың құлқына телу дегенді білдіреді. Басқа
текті зерттеулерде мұның осындай болуы мүлдем міндетті емес. Бірінші кезекте
әлеуметтану объектіге заңдық қатынастан өзгешеленеді. Юриспруденцияда "мемлекет"
белгілі жағдайларда, жеке адам секілді "заңдық тұлға" ретінде қарастырылады, өйткені
объективті мағынаны түсіндіруге яғни құқықтық қағидалардың қандай болуға тиіс
мазмұнын түсіндіруге бағытталған заңдық зерттеулерде мұндай ұғымдық қосалқы құрал
пайдалы немесе тіпті қажет құрал ретінде қабылдана алады. Дәл осылай құқықтық қағида
эмбриондардан "заңдық тұлғаны" кереді, ал эмпиристік тұрғыдан түсінетін пәндер үшін
тіпті баланың да құлқында іс жүзіндегі релевантты құлықтың таза өзі мен өзінің мағынасы
жағынан "түсінікті" құлықтың арасындағы шекара анық жүргізіле алмайды. Әлеуметтану,
"құқық" оның зерттеулерінің орбитасына кіретін шамада, "құқықтық қағидалардың",
логикалық жағынан дұрыс "объективті" мазмұнын анықтау ісімен емес, қарекеттерімен
айналысады, оның детерминанттар мен результаттары ретінде, әрине - басқа
факторлармен қатар - белгілі бір құқықтық қағидалардың "мағынасы" мен
"маңыздылығы" туралы адамдардың түсініктері де елеулі рөл атқара алады. Осының, яғни
маңыздылық туралы осындай түсініктің іс жүзінде бар екендігін жай ғана белгілеп
қоюдың шегінен әлеуметтану мына себеппен ғана шығады: біріншіден, әлеуметтану ондай
түсініктердің таралу ықтималдығын және, екіншіден, маңызды деп есептелетін "құқықтық
қағиданың" "мағынасы" туралы, бірқатар адамдардың ақыл-ойын билеп алғандығының
пәрменімен, эмпиристік жағынан белгілі бір түсініктер белгілі жағдайларда құлықты
қандай да бір "үміттерге" ұтымды бағдарлауға және, демек нақты индивидтерге белгілі бір
"мүмкіндіктер" беруі мүмкін екендігін қаперге алады. Бүл олардың "құлқына" елеулі
ықпал етуі мүмкін. "Құқықтық қағиданың" эмпиристік "маңыздылығын" ұғымдық
әлеуметтанушылық түсіну осындай. Сондықтан әлеуметтанушылық көзқарас тұрғысынан
"мемлекет" сөзі, егер ол жалпы қолданылатын болса, тегі ерекше адам құлығының тек
түрін ғана білдіреді. Егер әлеуметтану, осы арада, кейбір бірқатар жағдайлардағы секілді,
заң ғылымында да қолданылатын терминді қолдануға тура келсе, онда оның "заңдық"
дұрыс мағынасы әлеуметтанушы қаперге алатын мағынадан мүлдем басқа. Алайда
әлеуметтанудың даусыз тағдыры сондай, "типтік" жағдайлар бір-біріне тұрақты ауысып
жүретін нақты құлықты зерттегенде, оның көбіне-көп қатаң заң терминдерін (өйткені олар