Қазақстанның ашық кітапханасы
143
Осыған қарамастан мағыналық тұрғыдан түсінікті рухани байланыстар, әсіресе, ұтымды
мақсаттылықпен бағдарланған сарындар сөз жоқ, әлеуметтанушылық көзқарас
тұрғысынан каузалды қатардың шығыршықтары қызметін атқара алады, ол, мысалы
"сыртқы" жағдайлардан басталады да, ақтық нәтижеде тағы да "сыртқы" құлыққа
жетелейді. Нақты құлықтың таза "мағыналық" тәпсірі өздігінен тіпті барынша "айдан
анық" болған күнде де әлеуметтану үшін тек каузалды жиынтықтаудың гипотезасы ғана
болып табылады. Олар барынша мұқият верификацияны (айғақ, шын екендігінің куәлігі)
қажет етеді, бұл жұмыс принципінде басқа кез-келген гипотезаны верификациялау
тұсындағыдай құралдармен жүзеге асырылады. Егер әрбір жеке жағдайда (субъективті)
"парықталған" сарындық ұштасулар берген "мүмкіндікті" барынша әртүрлі дәрежеде
түпқазық етуге болса, біз мұндай гипотезаларды жарамды деп санаймыз. Өйткені
тәпсірлеуші гипотезалар арқылы ұтымды мақсаттылықпен бағдарланған сарындар
енгізілген каузалдық қатарлар белгілі бір қолайлы жағдайларда (және сондай
ұтымдылықпен орайластырылған кезде) тікелей статистикалық тексеруге және мұндай
жағдайларда,
демек
(салыстырмалы
түрде)
олардың
"түсіндіру"
ретіндегі
маңыздылығының оңтайлы дәлелі екендігіне жол береді ғой. Және керісінше,
статистикалық мәліметтер (оларға, атап айтқанда, "эксперименттік психологияның"
көптеген мәліметтері де жатады), олар ұғынықты тәпсірлеуге жол ашатын элементтері бар
құлықтың сипаты немесе салдарлары туралы айғақ беретін барлық жерде, егер олар нақты
жағдайда шын мәнінде парықталған кездерде ғана біз үшін "түсіндірілген" болып шығады.
Және ақыр соңында, құлықтың ұтымды дұрыстық дәрежесі эмпиристік пән үшін
эмпиристік мәселе болып табылады. Өйткені эмпиристік пәндер - әңгіме олардың
объектілері арасындағы нақты қатынастар туралы (олардың өзінің логикалық
алғышарттары туралы емес) болған жерде - "аңғырт реализмді" сөзсіз зерттейді, тек оны,
объекттің сапалық сипатына қарай, әртүрлі пошымдарда зерттейді. Сондықтан ғылымда
математикалық және логикалық қағидалар мен нормалар, олар әлеуметтанушылық зертеу
объектісі болған кездерде - егер, мысалы, олардың ұтымды дұрыс "қолданылу" дәрежесі
статистикалық зерттеу мақсаты болған кезде - әлеуметтануда тек практикалық құлықтың
қабылданған шарттары "қисынды" қарастырылады, дегенмен, екінші жағынан, олардың
маңыздылығы зерттеуші жұмысының "алғышарты" қызметін атқарады. Әрине, біздің
зерттеуімізде мынадай бір маңызды проблематика бар: нақ сонда ғана эмпиристік
құлықтың оның дұрыс типіне қатынасы да эмпиристік оқиғалардың дамуының нақты
каузалдық сәтіне айналады. Алайда мұндай жағдайды анықтау объектінің эмпиристік
сипатын жоюға қызмет ететін мақсат емес, қайта құндылыққа жатқызылатындығымен
анықталатын, қолданылатын мінсіз типтер мен олардың кызметінің сипатын айқындайтын
мақсат болуы керек. Тарихтағы "ұтымдылықтың" өз мағынасы жағынан да маңызды да
тіпті қиын жалпы проблематикасын бұл арада асығыс қарастырмау керек. Қалай болғанда
да, әлеуметтанудың ортақ ұғымдары үшін логикалық түсінудегі "дұрыс типті" қолдану
мінсіз тип құрудың принципінде бір ғана, дегенмен, жиі де өте маңызды оқиғасын
құрайды. Нақ өзінің логикалық принципі бойынша оның рөлі белгілі бір жағдайларда
зерттеу мақсатына байланысты мақсатты түрде таңдап алынған "бұрыс тип" ойнай алатын
рөлге ұқсас, "бұрыс тип" үшін, рас, әлі де шешуші сәт оны мен "маңыздылық" арасындағы
қашықтық болып табылады. Бірақ логика тұрғысынан мінсіз тип өзінің мағынасы
жағынан түсінікті байланыстардан немесе ерекше, парықтаумен ауыл-үй қонбайтын
байланыстардан құрастырылғанының айырмашылығы жоқ. Бірінші жағдай мінсіз типті
маңызды "норма" құратындығы секілді, екінші жағдайда оны "таза" тип деңгейіне дейін
эмпиристік түрде көтерілген нақты мәлімет құрайды. Алайда бірінші жағдайда да
эмпиристік материал "маңыздылық өрісінің" категорияларымен құралмайды. Одан тек
құрастырылған мінсіз тип қана алынған. Нақ дұрыс тип қай шамада мінсіз тип ретінде
орынды болатыны, оны құндылыққа жатқызуға ғана тәуелді.